М. Х. Дулати атындағЫ



жүктеу 414.07 Kb.
бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі414.07 Kb.
  1   2   3   4
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ

Абай Құнанбаев -170 жыл


Ұлы Абай әлемі
(Ақын шығармалары мен белгілі қайраткерлердің

ақын туралы ой-толғаулары мен мерзімді басылымдар

мақалаларының библиографиялық көрсеткіші)


Тараз 2015

Құнанбаев Абай (1845-1904 жж.)

Қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы - Абай Құнанбаев 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады.


Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.
Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.
Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды "қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі" деп орынды атаған.


80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрды. Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.

Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор еді.

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,-
дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.


Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді. Бүларға қоса «Ем таба алмай», «Ата-анаға көз куаныш», «Сағаттың шықыл-дағы емес ерме», «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Өлсе өлер та биғат, адам өлмес», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Болыс болдым, мінеки», «Қызарып, сүрланып»,т.б.өлеңдер жазған. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.

Аудармалары

1860 жылдардың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л. Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген   жаратылыстанушы   ғалым   Е. П. Михаэлиспен  кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гёте, А. Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т. б. еңбектерін оқуға кеңес береді. Бұрын қолына түскен кітапты оқитын Абай енді орыс, Батыс ғалымдары мен ақын-жазушылардың еңбектерін белгілі мақсатпен жүйелеп оқуға көшеді. Абайдың: «Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис» деуі осыдан туындаған.

1880 жылдары Михаэлис аркылы ол Долгополов (антрополог), Леонтьев (адвокат) сиякты Ресейден жер ауып келген демократтармен достасады. Олар жаз айларында Абайдың аулына келіп, қазақ өмірімен танысады. Абай бұлардың әсерімен Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділерді, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі." Лермонтовтың «Бородино», «Теректің сыйы», «Демон», «Жалау», «Жартас», «Ал, сенейін, сенейін», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Күнді уақыт итеріп», «Көңілдің күйі тағы да», «Менің сырым, жігіттер, емес оңай», «Теректің сыйы», «Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы», «Қасиетті дұға», « Әм жабықтым, әм жалықтым» т. б. ондаған өлеңдерін, Крыловтың «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бақа мен өгіз», «Піл мен канден», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Әншілер», «Ала қойлар», «Қанжар» т. б. мысалдарын аударады. Полонскийдің «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы», Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін орысшасынан (Лермонтов) аударып, ән де шығарады


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет