М. К. Бейсембаев техника ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы пму доценты


Асханалық ыдыс – аяқтарды жуу бөлмесі



бет3/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#123847
1   2   3   4   5   6   7


2.3 Асханалық ыдыс – аяқтарды жуу бөлмесі

Асханалық ыдыс – аяқтарды жуу бөлмесі асханалық ыдыс – аяқ пен құрал – аспаптарды жууға арналған бөлме. Осы бөлме жіберу орнымен және сауда залымен ыңғайлы жерде жобалану керек. Асханалық ыдыс – аяқтарды жуу бөлмесінде кәсіпорындағы орын санына байланысты ыдыс жуу машиналар мен ванналар саны анықталады. Жуардың алдында ыдыстар тағам қалдықтарынан тазартылып, сортталады (тәрелкелерді, стақандар мен құрал – аспаптарды бөлек – бөлек). Шыны және хрусталь ыдыстар (рюмка, фужер, бокал) екі секциялы ванналарда жуылады.


2.4 Жіберу орны

Жіберу орны – ыстық пен салқын цехтарымен, нан кесетін бөлмесімен, буфетпен, сервизді бөлмесімен және асханалық ыдыс – аяқтарды жуу бөлмесімен жақын жерде жобалану керек. Жіберу орнының ені – 2,5-4м болған жөн. Жіберу орнында кассалық терминал немесе кассалық аппарат орнатылады.



2.5 Залдардың интерьерлері

Сәнді, стильді қайталанбай орындалған залдардың интерьерлері; жылы бояулармен боялған қабырғалар; ежелгі заманның элементтері; фонтандар; шынайы гүлдерден жасалған аранжировкалар; дұрыс таңдалған жиһаз; кәсіпорынның перделері, дастарқандары мен майлықтарына сай келетін даяшылардың формасы; әсем сервировкаланған стөлдер – тұтынушылардың рахаттанып қалып, толық демалуына көмектеседі.

Қазіргі кезде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардағы залдар интерьерлерінің 7 стилі белгілі:


  1. классикалық – ауыр маталардан тігілген дастарқандармен, бағалы ағаш түрлерінен дайындалған жиһазбен, грек амфоралары түріндегі вазаларымен ерекшеленеді. Классикалық стильдің 3 бағыты бар: ампир, барокко, рококо. Ампир (фр. «ampire» - империя) – XIX ғ. бірінші үш онжылдық стилі. Залдар мәрмәрмен, қоламен, айналармен, панномен ерекшеленеді. Жиһаздар антикалық үлгіде жасалынып, ал ыдыс – аяқтар гравировкаланады. Ампир стилінің 2 түрі бар: еуропалық және орыс. Еуропалық түрінде колонналардың жоғарғы жағы ою - өрнектермен, төбе мен қабырғалар жазулармен әшекейленген. Антикварды жиһаз, саздан және алтыннан жасалған бұйымдар колданылады. Орыс түрінде хрусталь люстралар, айналар, ағаштан жасалған жиһаз, қоладан дайындалған бұымдар пайдаланылады. Барокко – XVII ғ. ортасы мен XVIII ғ. Еуропа мен Америка өнеріндегі негізгі стильдік бағыт. Дворяндық мәдениетпен тікелей байланысқан, шындық пен иллюзияның қосарлануына негізделген. Рококо – XVIII ғ. бірінші жартысындағы еуропалық өнердегі стильдік бағыт. Залдар театрализациямен, жиһаздар ыдыс – аяқтар миф әлемімен сипатталады;

  2. готикалық – XVII ғ. бірінші жартысындағы Франция мен Англияда пайда болып, кейін бүкіл Еуропаға тарады. Тас немесе мәрмәрдан жасалған төртбұрышты стөлдермен, арқасы ұзын орындықтармен, каминдермен ерекшеленеді. Ортағасырлық зындан стилінде орындалған концептуалды мейрамханаларда қолданылады;

  3. модерн – XVIII ғ. соңы XIX ғ. басындағы стиль. Абстрактты сызықтармен, дәстүрлі емес материалдармен, және қызыл – ала түстердің қосарлануымен сипатталады;

  4. хай – тек (ағ. «high tehnology”) – жоғарғы технология. Осы жастар стилі стеклопластикадан, металдан, меланиннен дайындалған жиһазбен, жоғарғы сортты түсті шыныдан жасалған ыдыс – аяқтармен, майшамдармен ерекшеленеді;

  5. шығыс – жоғарғы дәрежелі әсемділікті көздейтін стиль. Шығыс елдер халықтары қолданылатын күміс және қорғасын ыдыс – аяқтармен бейнеленеді;

  6. кантри – қарапайым интерьерлерімен, ауылдық стилизациясымен орындалған қазіргі замандағы бағыт. Көбінесе сыра барларында, клубтарда, кабак пен қала шетіндегі мейрамханаларда қолданылады;

  7. неоорыс – ежелгі орыс шаруалар стилін қамтиды. Тек қана ағаштан дайындалған жиһазбен, аркалармен ерекшеленеді.

  1. Асханалық ыдыс – аяқтар мен құрал – аспаптар


3.1 Асханалық ыдыс – аяқтардың түрлері және олардың сипаттамалары

Фарфор ыдыс-аяқтар – жеңіл, берік болып келеді. Жылуды жақсы сақтайды. Фарфор ыдыстың шетіне тигенде әдемі, анық дыбыс шығады.

Фаянс ыдыс-аяқтар – механикалық беріктігі мен термиялық тұрақтылығы фарфор ыдыспен салыстырғанда төмен болып келеді.

Фарфор мен фаянс ыдыстарын салыстыруға болады (5 - кесте).


5 кесте – Фарфор мен фаянс ыдыстардың қасиеттері

Ыдыс-аяқ


материалы

Дыбысы


Беріктілігі

Қалыңдығы,

мм

Фарфор






2,5

Фаянс





3,5-4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет