3 ,
Мамандыққа бағдар
Маман ретінде
калыптастыру
Кәсіби бағыттылық
Мектеп еңбегіне
дайындық
Кэсіби бағдар
П Е Д А Г О Г Т Ы Ң К Ә С І Б И Ә Л Е У Е Т І Н І Ң Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
П е д а г о г т ы ң
шеберлігі
Педагогикалық
интеллект
Педагоггын
кәсіпкерлігі
Инновациялық іс-эрекет
П е д а г о г и к а л ы қ
мәдениет
Ойлаудьщ
педагогикалық стилі
Педагогикалык
клріреттілік
Гумандық (ізгілік)
багдар
Педагогикалык техника
Іс-эрекеттің жекелігі
Кэсіби жетілу
Қарым-катынас жасау
шеберлігі
Еңбекке шыгармашылық
қарым-катынас
Кәсіби көзкарас
Әлеуметтік белсенділік
Шығармашылық
инициативанын дамуы
Кэсіби белсенділік
Әдістемелік шеберлік
Шеберлікке арнайы үйренуге бола ма? Шығармашыльіққа
кабілеттілік - таңдаулы адамдарға ғана беріле ме? Көптеген
ғалымдардың пікірінше, шығармашылық қабілеттерді өз бойьшда
дамытуға болады, егер мүнымен әрқашан максатты түрде шүғылданса.
Педагогикалық квалиметрия туралы бізде 70-жьілдьің басында
айтыла басталды. «Квалиметрия» латын сезі суаі - сапа және теггоз -
өлшеу деген мағына береді. Яғни, «квалиметрия» термині
педагогикалық зерттеуді бағыттау деген үғым. Оның негізгі мазмүны
педагогикалық параметрлер мен сипаттамаларын өлшеу және бағалау
болып табылады. Бірақ, квалиметрия түсінігі сирек қолданылады. Бүған
үқсас келесі түсінік - 2 түрлі бөліктен түрады - орысша
«квалификация» (мамандық, кәсіп) және латыннша «метрос»
(елшеймін) - педагогтың кәсіби қасиеттерін бақылауға
(диагностикалауға) бағытталған педагогикалық зерттеу саласы. Осы
қасиеттердің жиынтығы кәсіпкерлік, шеберлік, жаңашьшдьіқ деп
аталады, ал, оларды бағалау әдісі - дәстүрлі аттестация.
Әрбір мамандықтың өзіне тән сапалық ерекшеліктерін көрсетуде,
сол мамандыққа тән белгілерді жүйелеудің, яғни, кәсіптік құрылымын -
профессиограммасын жасаудың жетекші орны бар (Кесте 4).
Профессиограммаға жоғарыда көрсетілген мазмұндық жайттармен
қатар біліктілік сипаттамасын, яғни, кәсіптік талаптарды енгізу де жөн
болар еді. Біліктілік сипаттамасында жоғары санатты, бірінші, екінші
және үшінші санаттардағы мұғалімдер нені білуі керек, нені орындай
алуы, қандай және тұлғалық сапалардың иесі болу қажет екендігі
белгіленеді. Осыған байланысты білікгілік профилі - мүғалімдерге
қажетті сапаларының сандық көрсеткіштері бейнеленетін қүжат
жасалады.
Профессиограмма мен бшіктілік сипаттамасьгаьщ ара қатынасы
қандай? Біріншіден, нормативті кәсіби қызмет сипаттамасы мен
адамның жалпы осы кәсіптегі еңбегі үшін қажетті психологиялық
сапалары көрсетілсе, екіншіден, әртүрлі біліктілік дәрежесі бар адам
нені біліп, нені орындай алуы тиіс, қандай психологиялық сапаларды
игеруге тиістігі нақтыланады. Кәсіби іс-әрекет барысында маман
бшіктілігін білім беру мекемелері еңбекке ақы төлеудің жаңа
шартгарын реттеу барысы 1992 жылдьщ 1 желтоқсанында енгізілген.
Оны түтас тарифтік сеткаға с үйеніп, тарифтік-біліктілік сипаттамалары
бойынша анықтайды. Мүндай жоғары білімді педагогтар мен
психологтар үшін разрядтар көп 18-ден 14-ке дейін, оньщ үстіне 12-14
разрядты мамандарды аттестациялау арқьшы бірінші, екінші немесе
жоғарғы біліктілік санаттарын беру көзделген.
Лауазымдардың тарифгік-бшіктілік сипаттамалырнда стандарттық
үш көрсеткіші бар:
69
Біріншісі - лауазьімдық міндеттер. Бұл арқылы мұғалімнің жетістігі
анықталады. Жетістігі дегеніміз заң рұқсат еткен өкілеттіліктер келемін
айтамыз.
Екіншісі - білімге қойылатын негізгі талагггар. Бүл - жоғары кәсіби
білім берудің мемлекеттік стандартында түлек біліміне қойылатын
қорытынды талаптары.
Үшіншісі - еңбекақы телеу разрядтары бойьшша біліктгшкке
қойылатын талаптар. Бүл арқылы мыналарды анықтауға болады:
- негізгі қосымша жоғары кәсіби білімнің нақты лауазымға қажетгі
деңгейі;
- білім беру мекемелері мен үйымдарында істеген еңбек етілі;
- 12-14 разрядтар бойынша жұмыс істейтін мамандар үшін ғылыми-
әдістемелік жегістікке қойылатын талаптар. Бүлар лауазымдық
санаттарды тағайындауда ескеріледі.
Маманға біліктілік деңгейі бойынша еңбек ақы телеудің сараланған
разрядтарын стандарттық жолмен анықтау маманның жеке түлға
ретіндегі сипаттарын ескермейді.
Профессиограмма - маңызды құжат. Олардың талаптарында кәсіби
дайындық пен қайта дайындаудың барлық кезеңдері ойластырылады.
В.Д.Сластенин атап айтқандай, мұғалімнің профессиограммасы
оның жеке тұлғасының инвариантты, идеалданған параметрлерін
бейнелейді. Профессиограмма алдағы нәтижелерді моделдейді.
Маманға қойылатын талаптар жүйесі ретінде профессиограмма
мүғалімдердің нақты жолдарын, қүралдарын, іс-әрекетгерін,
елшемдерін алдын-ала керуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде мүғалімнің профессиограммасын жасаудың бай
тәжірибесі жинақталды. Оларды қорыта келе, В.А.Сластенин бастаған
бір топ ғалымдар мүғалімге қойылатын кәсіби талаптарды бір-бірімен
байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш негізгі кешенге
біріктіруді үсынады: жалпы азаматтық сапалар, мұғалім кәсібінің
езіндік ерекшелігін белгілейтін сапалар, пән.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымына ізгілікті педагогикалық
кезқарасы және педагогтың тұлғалық қасиеттері, теориялық білімі және
шығармашылық ойлауы, кәсіби іс-әрекет мәдениеті және
шығармашылық әрекеттің тәжірибесі жатады. Педагогтьщ кәсіби
мәдениетінің басты сипаттамасы - педагогикалық шығармашылық.
Оқытушылардың профессиограмма мәнін, мазмүнын дүрыс түсінуі,
оқыту процесін дүрыс жоспарлауға, оның нәтижелі болуына, болашақ
мүғалімдерге қажетті сапалық белгілерді қалыптастыруға, оқыту,
тәрбиелеу сапасын жетілдіріп отыруға кемектеседі. Ал, студенттер үшін
ездерінің мүраты болып табылатын мұғалімдік мамандықтың қыры мен
сырын түсінуге мүмкіндік береді.
70
71
Профессор В.А.Сластенин 4 тараудан тұратын мұғалімнің
профессиограммасын береді:
1. Мұгалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған идеялық кәсіптік-
педагогикалық, танымдық бағыттылықты жатқызады.
2. Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық дайындығына
қойылатын талаптар. Мұнда білім, білік және дағдыны біріктіреді.
3. Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ
мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбек етуі үшін қажет болатын
жалпы ғылыми негіздеріне дайындау көлемі мен арнайы даярлықтың
калыптасатын нақты білім, білік және дағдыны бірікгіреді.
4. Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны.
Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар және жеке пән
мүғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.
Педагогикалық шыгармашылық - бұл нәтижесінде объективті және
субъективті мәнге ие жаңа, жетілген материалды және рухани
кұндылықтарды жасау әрекеті. «Шығармашылық» ұғымына берілген
көптеген анықтамаларды талдай отырып, айта кететін жайт, оның
өзгеше сапалары ретінде енімнің (материалды не рухани) жаңалығын,
оның қоғам үшін және шығармашылық субъекті үшін маңызын,
шығармашылықтың нәтижесіне қол жеткізу барысындағы жолынын
қайталанбастығын көрсетуте болады.
Шығармашыл тұлғаның сапалары оның табиғатынан, педагогтің
шьпармашылық әрекетінің ерекшелігінен, әлеуметгік позициясынан
шығатынын есепке алатын болсақ, педагогтың шығармашылық
әрекетке дайындық деңгейлерін төмендегіше көрсетуге болады:
1. Базалық деңгей. Педагогтің бойында байқағыштық, алғырлық,
ұйымдастырушылық, өзін-өзі сынға алу, өзін-өзі басқару, талап қоя
білу, тапқьгрлық, жауапкершілік қасиеттердің болуы. Егер осы
қасиеттер қалыптасқан болса, онда педагог диагностикалау, мақсат қою,
болжау, педагогикалық ықпал жасаудың әдістері мен құралдарын
қолдану, оқушылардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыру, тұлғалық,
саралық және жеке тұлғаларды біріктіру іскерлігі сьшды педагогикалық
технологияларды меңгере алады.
2. Орнықты деңгей педагогтің кәсіби бағытталуы, сыншьілдық,
психологиялық қырағылык, ойлаудың ерекше формасы, өзін-өзі
бағалаудың объективтілігі, эмоционалды-еріктік тұрақтьшық,
принципиалдық, әділдік, жаңаны сезіну қасиеттерімен сипатталады.
Педагог бұл жерде диагностикалық мәдениетке, өз әрекегін
педагогикалық таддау мәдениетіне, өзін-өзі жетілдіру мәдениетіне,
оқушылардьщ өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, оқушылардың
үжымын қалыптастыру, оқу сабақтарының барльпс тұрлерін ғьшыми
және технологиялық жоғары деңгейде өткізу қабілеттеріне ие.
72
3. Шығармашылық деңгей. Педагог өзін шығармашыл түлға
ретінде сезінеді. Оған ойлаудың шығармашылық сипаты, өз күшіне
сенімділігі, жақсылыққа сену, ойлаудың шьшайыльн-ы, қарым-
қатынастың ең жоғарғы деңгейлі мәдениеті тән. Шығармашьш педагог
көптеген педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылыми ізденіс
пен практиканы сабақтастыра алады, оқыту және тәрбиелеу үрдісіне
зерттеушілік түрғыдан қарайды. Шығармашылык деңгейде педагог
оқытудың (тәрбиенің) авторлық бағдарламасьш жасауға, өзінің
педагогикалық шеберханасын ашуға, авторлық курстарды жүргізуге
дайын болады.
4. Зерттеушілік деңгей. Педагог ғылыми-зерттеу жүмысының
негіздерін меңгерген, өз бетімен ғылыми зерттеу жүргізуге және өз
әріптестерінің шығармашылық ізденісін жүргізуге қабілетгі.
Шығармашылықтың бүл деңгейінде педагогтьщ жаңа заңдылықтарды
ашуға, жаңа ғылыми идеяларды қалыптастыруға, ғьшыми
түжырымдама жасауға мүмкіндігі бар.
Осылайша, педагогикалық шеберлікгің деңгейі педагогикалық
шығармашьілықтьщ сипатын анықтайды. Э.Фроммның айтуынша, « бүл
- таң қалу және тану қабілеттері, түрлі жағдаяттарда шешім таба білу
іскерлігі, бүл жаңалықты ашуға бағытталу мен өз тәжірибесін терең
зерделеу қабілеті».
Қазіргі мектептің оқытудағы шығарамашылық үрдіске бағьггталуы
жеткіліксіз мөлшерде. Сондықтан педагогикада креативтілік мәселесі
өте маңызды болып табылады.
Шығармашылық - бүл нақты іс-әрекет барысында жүзеге
асырылатын ез бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бүл
үрдіс 3 кезеңнен етеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге
сәйкес шытармашьшық қабілеттердің қүрылымын анықтайды, ез
бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамьгтадьі және
жетілдіреді.
Шығармашыльщ бастапқы дайындау деңейінде ізденіс обьектісі
алынып, проблема қойьшады, шешімін табу үшін міндеттер белгілейді
және т.б. Педагог әрекетінде бүл сүрақтар, проблемалар, міндеттер
әрдайым болып түрады. Дегенмен интеллектуалды дамыған адамның
шығармашьшық тұлғадан басты айырмашылығы - біріншісі оньщ
алдына езгелер қойған міңдетгі шешетін болса, шығармашылық түлға —
проблемаларды ез бетімен қойып, оның шешімін езі табады.
Педагог, үйымдастырушы, кешбасшы ретінде адам жоғарыдан
берілген тапсырманы орындауда емес, ез әрекетінің бағытын нақты
жағдаятга талдау арқылы таңцайды. Басты проблемаларды ез бетімен
белгілей отырып, оларды шешу, келіспеушілік жағдайларда шешім
қабылдау, еске сақтау және ойлау секілді ерекше қабілеттерді
73
дамытуды талап етеді. Қабылдаудың нақтылығы, талдау, болжау
сияқты қасиеттері баскарушы шығармашылыктың негізі болып
табылады.
Шығармашьшық үрдістің келесі іздену деңгейі проблемалық
жағдаяттың дүрыс шешімін, іс-әрекеттің жаңа тәсілін табуға
бағытталған.
Шығармашылық үрдістің үшінші, орындау деңгейі табылған
идеяны жүзеге асырумен байланысты. Бүл кезеңді жүзеге асыру үшін
кәсіби шеберлік, арнайы іскерлік пен дағды қажет. Педагог үшін бүл
қарым-қатынас, үйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары.
Мұғалім түлғасының «креатогенді» қасиеттерін өндеу өте маңызды.
Олар - батырлық, дербестік, мақсатқа бағытталу, сыншылдық.
Осылайша, шығармашьшық үрдістің нәтижелілігіне қол жеткізу үшін
шығармашылықтың әрбір деңгейінің өту барысын белгілейтін
қасиеттерді жинақтау қажет.
Жалпы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту өте
маңызды, күрделі және көп салалы мәселе. Ғылыми-педагогикалық
проблема ретінде оқушьшардың шығармашылық әрекеті едәуір
ауқымда зерттелген.
Шығармашьшық деген сөздің сырына үңілсек, "Шығармашылық"
сөзінің төркіні - "шығару", "іздену", "ойлап табу" дегенге келіп саяды.
Ол тарихи қоғамдық мәні бар, жаңалық ашатын адамның әрекеті. Ол -
адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен
талпынысынан, жігері мен сабырынан, сүранысы мен ізденісінен
құралып, ақыл-ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық - бүл адамның емір шындығында езін-езі танута
ұмтылуы, ізденуі. Омірде дұрыс жол табу үшін адам дүрыс ой түйіп,
ездігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу
адамның рухани күшін нығайтып, өзін-езі табуына көмектеседі.
Өйткені, адам туынды ғана емес, тудьфушы, жаратушы да. Адамньщ ез
болмысын тануына кемектесіп, теренде жатқан талап-тілегін,
қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған тольіққаңды емір сүру үшін жаңа
рухани күш беру - білімнің ең маңызды мақсаты.
XX ғасьфдың басында Жүсіпбек Аймауытов: "Сабақ беру
үйреншікгі жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын енер"
деген. Әр үстаз езінің емірлік тәжірибесінде баланы субъект ретінде оқу
ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратьш жағдай туғызу,
ойлау дағдыларын жетілдіру ретінде алдьша мақсат етіп қоюы керек.
Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қабілетін дамьпуды негізгі
ұстаным ретінде қолдануы тиіс. Ондағы басты мәселе: оқушылардың
дүниетанымдарын кеңейту және жеке қабілеттерін кере біліп, оны
74
дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық
жүмыспен шүғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай
ізденуге жол көрсету, өз жүмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын
көзбен карауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру.
Бүгінгі күнде қоғам қойып отырған талаптардың бірі, міне, осы
шығармашылық адамын тәрбиелеу. Ендеше, осындай
шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте
басталады.
Шығармашьшық - жаңа рухани және материалдық
қүндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі.
Шығармашьшық тек адамға ғана тән құбылыс.
Шығармашылық іс-әрекеттің негізгі белгілері адамның жемісгі
тіршілігін қамтамасыз ете отырып, оның қабілетгіліктеріне негізделеді.
Тұлғаның белгілі-бір әрекетке қабілеттілігі қаншалықты жоғары болса,
соншалықты оның бойында сол іс-әрекетке қызығушылығы көп артады.
Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипатамаларын
және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерін Ю.Г.Юдина мына
түрде қарастырады:
1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап
егілуі: окушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл
соңындағы шығармашьшық емтихан, жылдық мектептік көрмеге
қорытынды жүмыс тапсыру, т.б.
2. Оқушының шығармашылык іс-әрекетінің пайда болуының жан-
жактылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана
білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің
баламасьш таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа,
тың әдістерін таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашьшық атмосфера
және оқушының қызьіғушьшығы, белгілі эмоция, сезімдердің барльны
оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық
шығармашьшық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушьшар үшін
эмоциялық қызығушылық белгілі-бір пәнді меңгеруге деген негіз болып
табылады. Ал, кейбір оқушылар үшін эмоциялық кеңіл-күй олардың
болашақ шығармашылық жүмыстарына бағыт береді.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі-бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бүл оған сол пән төңірегіндегі
кызығушылығын жүзеге асыруга мүмкіндік береді. Шығармашылық
әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Шығармашьшық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі
оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашьшық тұлға
қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдьгк
ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шьпармашылық
75
қабілет әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз, оқушыға оның
бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Окушыны
шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға
бағыттау. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке түлға
ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық
оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда
болашақта оның қалыптасуы екі талай. Жалпы алғанда, окушының
шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген сабақтың берері
мол.
Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуде бала
қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерімен қатар алуан түрлі тарихи
және осы заманғы деректерді жүйелеудің, тұжырымдардьщ жеке
қүжаттарды жан-жақты сын түрғысынан талдай білудің өзіндік зерттеу
әдіс-тәсілдерін үйрету, бала бойына дарыту ұстаздың соңғы
технологиялык үрдістерді пайдалануына байланысты. Оқушы қазіргі
уақыттағы қоғамның даму мәселелеріне қорытынды жасайды және
шығармашьшықпен дәйектей отырып, өзіндік түжырым жасайды.
Оқушыларды шығармашылыққа даярлау ісіне зор мән беру керек.
Шығармашылық қабілетгі дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз
байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамьпу мәселесі мектеп
тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты
мәселені айыра білсе, демек, ол күрделі шьгғармашьшық мәндегі
тапсырмаларды орындай алады.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен
практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Ойлауға
үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады.
Мұндай сабақтарда оқушыта ерекше ахуал, мүғалім мен оқушы
арасында ынтымактастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда
білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық
іс-әрекетін үйымдастыратын үжымдық шығармашылық істердің
ұйытқысы. Тек осындай оқьггу ғана оқушы интеллектісінің кезін ашып,
шығармашылығын дамытадьі.
Қорыта келгенде, окушылардың шығармашылық қабілетін
дамыта оқыгу, олардъщ білімге деген қызьгғушыльіғьш оятып, ой-
өрісін, ынтасын танымдық ізденімпаздығын дамыта түседі. Сондықтан
оқушылардың шығармашылық дербестігін дамьпу - маңызды міндет,
күрделі ғъшыми проблема.
Білім беру мазмүнының түжырымдамасындағы мақсат ізгілікті
ойлауға, әлеуметгік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде
педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен
тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдамада шығармашылық
76
іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін
енгізеді.
ГШДАГОГТЪЩ КӘСГБИ ГІГЬГНДАЛУЬІ
1. Кәсібилік және педагог тұлғасының өзін-өзі дамытуы.
2. Білім берудің тарихы.
3. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінің ерекгяелігі.
4. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық біліктілігінің маңыздылығы.
5. Жаңа формациядағы ұстаз келбеті.
Педагогтың кәсібилігі дегеніміз не? Бұл үрдістің ұзақтығы қанша?
Кәсіби сатымен жоғары көтерілу үшін не керек?
Бұл сүрақтың жауабы жоғары оқу орнын бігірген жас мамандарды
толғандырады. Алайда, олардың кебі педагог карьерасы оқып журген
кезден басталады деп ойлайды.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындыльіғьі болшақ
мамандарды даярлау үрдісінде оның мүмкіндіктерін бүгінгі күннің
өлшемдерімен ғана қарастырмай болашаққа бағыттауды қажетсінуде.
Бүгіші студент ертеңгі маманың өз кәсібіне қызьиуыішілығьш ояту
оның табысты ізденстеріне ықпал етерін анық.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы білім саласында
қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық, педагогикалық білім
тұрғысынан мамандардың кәсібилігін жетілдіру бағыттарында
А.Ш.Абдрахман, Г.КАхметова, А.Қ.Құсайынов, Қ.М.Арынгазин,
Б.Әбдікәрімұлы, С.Ә.Әбдіманапов, Б.А.Әлмұханбетов,
Б.З.Батталханов, Е.Ы.Бидайбеков, Ғ.К.Ділімбетова, В.В.Егоров,
М.Ж.Жадрина, Қ.ҚЖампеисова, Г.Д.Жангисина, Д.М.Жүсіпәлиева,
А.К.Қазмағамбетов, Ж.А.Қараев, М.А.Құдайқұлов, Ш.Таубаева,
Г.Ж.Меңлібекова, Б.К.Момынбаев, Ы.Ә.Нәби, К.Өстемиров,
А.П.Сейтешов зерттеулерінде келелі ой-пікірлер мен үсыныстар
берген.
Қоғамда больш жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,
гуманитарлық білім беруді күшейту, оқу пәндерінің құрамы, көлемінің
және оқытушылардың оқу-тәрбие үрдісіне қарым-қатынас сипатының
өзгеруі үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіне түбегейлі езгерістер
қажетгілігін туғызды.
Бүл тарауда педагогтың кәсібилігі туралы ғана айтылмайды.
Сонымен қатар, кез келген адамның кәсіби дамуыньщ негізгі
ұстанымдары туралы айтылады.
77
Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны
ерекше. «... Жеке тұлға » :
- адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған
қасиеттер жүйесіне тән;
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- айналадағы коршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
- шығармашылық мүмкіндігі мен кэбілеттерінің жиынтьгғы.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі -
баланьщ түлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруға үмтылуы.
А.СМакаренко езінің педагогикалық тәжірибесінде жеке тұлғаның
дамуын дұрыс қатынасты құру арқылы аныктадьі. «Біздің алдымызда
әрқашан да екі объект - жеке адам және қогам». Қарым-қатынас
педагогикалық жұмыстың нағыз объектісін күрайтьіндықтан, барлық
уақытта қарым-қатынаста боламыз. Қарым-қатынастан түлғаны бөліп
тастау мүмкін емес. Сондықтан түлғаның дамуын қарым-қатынастың
дамуымен елестетуге болады.
Грузин педагогі Ш.А.Амонашвили ұстазға тән мінез-қүлық
сапасының төрт деңгейін көрсетеді:
1. ¥стаз балаларды алаламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.
2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді
жолдарьш іздестіре білуі керек.
3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы үғымды беріп,
жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру. ¥лы ағартушы
Ы.Алтынсариннің: «Маған жақсы мүғалім бәрінен де қымбат, өйткені
жақсы мүғалім - мектепгің жүрегі» - деген болатьга.
4. Ағартушы педагог Ы.Алтынсарин мүғалім мен оқушыньщ
арасындағы дүрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі.
«Мүғалім балалармен қарым-қатынаста болады: егер олар бір
нәрсені түсінбесе, онда мүғалім шәкірттерді кінәламай, олардың
санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы тиіс. Мүғалім
балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек».
Баланьщ бойына білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз. Яғни, жас
ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мүғалімге тікелей
байланысты. Сондықтан үстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа
жолдарын енгізуді көздегені дүрыс болады. Педагогикалық қызметтің
қалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олардың
бірі - шабыттандьфушы және шығармашьшық.
Шабытгандырушы стиль көбіне интуитивтік және этико-
интуитивтік мұғалімдерге тән. Бүл стильдегі сабақ беретін
мүғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға
үмтылады және олардың болашақтағы қабілетін ашуға тырысады.
78
Мүғалім сабактың корытындысына емес, материалды түсіндіруте
және балалардың пәнге деген тұракты кызығуына назар аударады.
Жағымды жактары: мүғалімнің сыныптың көңіл-күйін сезе білуі,
оқушылардың жан-дүниесін түсінуді, олармен тең қарым-қатынас
қүра білуі. Мүндай мүғалімдердің негізгі ерекшелігі ез пөнін жетік
меңгеруі, әдістемелік әдіс-тәсілдерге байлығы, сөйлеу әрекеттерінің
күштілігі болып келеді. Шығармашылық стиль бойынша мүғалім өз
бегімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді. Мүғалімнің кәсібилігін
аныктайтын өлшемдердің арасында ең басты орында сөзсіз, ұстаздық
қызметтің қорыгындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге
көзқарас деңгейі. Себебі, олар оқушылардың алған бішмімен
кешендесіп, өмірде бағыт-бағдар алуға көмектеседі. Осы дәрежеге
окушыларды шебер мұғалім жетектейді, ал оның жеке басына қандай
қасиеттер тән?
Руханилық қазақтардың қасиетін - мейрімділікті, адамгершілікті
және жанқиярлыкты біріктірсе, халықтык қауымдықты, дәстүрлікті
және ашық жарқындыкты, мемлекеттік, отансүйгішгік пен күшгі
мемлекеттік биліктің қажеттілігін мойындауды білдіреді. Міне, бүл
тәрбие мен білім берудің дүниетанымдық негізі болулары тиіс.
Ұстаз, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздьщ да бойында бар
адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып,
салт-саналарына арқа сүйейтіндігіне және ашық жарқьіндығы мен
бауырмалдығына ерекше назар аударғаны жөн. Еюншіден, өзі
оқыгатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Ол ақпараттарды еркін және
икемді меңгеріп, оқушьшарды өз білімінің аясында тез, өрі жеңіл
түрде енгізіп, оларды сол білімдерді меңгертуте жүмылдыра
алатындай болуы керек. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ьгнталы
болуы қажет. Бүл қасиет педагогке әр уақытта өз білімін толықтырып,
шығармашылығын артгырып отыруға немесе «екі есе оқу деген»
принципін іске асыруға мүмкіндік береді. Мүғалімнің жеке басының
үлгісі кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез-
келген үжымдағы қарым-қатынас мүғалімнің жеке басының үлгісімен
тығыз байланысты.
А.С.Макаренко өзінің «Үстаздық дастан» атты еңбегінде былай деп
жазады: «Бір күні таңертең мен балаларға келіп асханаға отын керек деп
айтқанымда, Задоров деген оқушы бар да өзің жарып әкел» деп жауап
берді. Шьздай алмай, қатты ашу қысып түрғаннан болу керек, мен оны
шапалақпен жағынан тартып жібердім, қатты ұрған болуым керек, ол
аяғьгаан тік түра алмай пешке қарай қүлады. Жағасынан үстап алып,
тағы үрдым. Қатты шошып кеткен болар, ақырын ғана: «Антон
Семенович, кешіріңіз...» деді. Қалған бесеуі үн-түнсіз қарап тұрды...
74
Осы жағдайда А.С.Макаренко педагогикалық әдеп сақтаймын деп
Задоровты ұрмаса не болар еді?
Демек, ұстаздың адамгершілігі көпшілік ойлағандай, тек баланьщ
көзіне өзінің шынайы сезімін көрсетпей, жасьфу немесе оларға «сіз»,
«біз» - деп не істесе де «мен әдептімін» ден үндемей қою екен деп
түсінбеу керек, оның тамыры терең, адамның ішкі шынайы сезімінде
жатыр деген сөз. Ұстаздарға тән адамгершілік қасиегінің тағы бір
кепілі, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі дегеніміз - шәкіртінің мүддесі
жоғары санау, баланы өзінен жоғары кою, соның қызығушылығын
көздеу. Шынайы ұстаздың өмірі балалар арасында өтеді. Демек,
сүйіспеншілік дегеніміз - шәкірт туралы бір шешімге келуден барып,
оған бір сөз айтудан бүрын, ұстаз өзін сол шәкірттің орнына қойып бір
сәт: «егер мен осы бала болсам не дер едім», «мен осы баланың
орнында болсам қайтер едім?» - деп ойланады. Педагогиканың
тарихында аты қалған ұлы ұстаздарымызға қайырылсақ, олардың
тәрбие ісінде игілікке жетуінің сыры да осы шәкірттеріне деген
сүйіспеншіліктерінің шексіздігінде.
Адамға өміріңде іс-әрекет түрлерін бір немесе бірнеше рет
өзгертуіне тура келетін жағдайлар да бар, өйткені, мектеп бігіргеннен
кейінгі жасалған таңдау саналы түрде болмайды. Алайда, кез келген
жүмыс белгілі бір дағдылардың болуын талап етеді. Осыған орай, кез
келген жоғары білікгілікті маман да болуы қажет бірден-бір дағды -
өзін-өзі білімдендіру. К.Д.Ушинский: «...бұл ең алдьімен педагогтарға
қажет, өйткені мүғалім оқумен ғана өмір сүреді» - деген пікір айтқан.
Өзін-өзі білімдендіруді 2 түрлі мазмүнда түсінуге болады: «өз
бетімен білім алу» (тар мағынада - өз бетімен оқу, білім алу, біліктілікті
үйрену), «өзіндік білімнің пайда болуы» (кең мағынада - «өзін туғызу»,
«өзін-өзі күру»). Біз екінші мағынаны пайдаланамыз. Өйткені, бізді
езін-езі жетілдіру мәселесі толғандырады. Бүл жағдайда өзін-өзі
білімдендіру репродуктивті іс-әрекеттен продуктивті іс-әрекетке айналу
болып отыр.
Өзін-өзі білімдендірудің негізгі атқаратын қьгзметтері:
1) экстенсивті - жаңа білімдерді жинау, толықтыру;
2) бағытталған - мәдениетте өзін-өзі табу және қоғамдағы өз орнын
білуі;
3) компенсаторлық - мектеп кезінде жетіспеген оқуды түзету, өз
біліміндегі «ақ таңлақтарды» жою;
4) өзін-өзі дамьггу - өмір жайында өзінің санасы, есі, ойлауы,
шығармашылық қасиеттерін жүзеге асыру;
5) әдіснамалық - кәсіби тарлықтың алдьга алу;
6) коммуникативті - ғылымдар, кәсіпкерлер, жас ерекшеліктер
арасында байланыс орнату;
80
7) біріккен шығармашылық - шығармашылық жұмысқа әсер ету,
оны міндетті түрде толықтырып отыру;
8) жасарту - өзіндік ойлауындағы инерцияны жеңе білу, қоғамдық
көзқарастардағы артта калушылықты ескерту;
9) психологиялык (немесе психстерапевтік) - күнделікті тұрмыстағы
тольікдъшықтьі сақгау, адамдардың ақыл-ой дамуындағы сезімдерді
сақтау;
10) геронтологиялық - өмірмен байланыс жасау.
Сондықтан, өзін-өзі білімдендіру - мәдениетті адамның өміріндегі
болып жатқан міндетті сабағы.
Қазіргі мәдени жағдайларда өзін-езі білімдендіру дегеніміз - жеке
түлғаның мәдени-әлеуметтік теңсіздігі мен өз бетінділігі. Өзін-өзі
білімдендіру феномені әлемдік білім беру дағдарысы негізінде пайда
болған және осы дағдыларының шығу жолы болып табылады.
Өзін-өзі білімдендіру - білімді «жинау» ғана емес, сонымен қатар
түлғаның жалпы ақыл-ойының, тұлғаның даму жолы, оның мәдениетте
еркін қозғалысы т.б.
Өзін-өзі білімдендіруді рухани іс-әрекетгің түрі ретінде қарастыра
отырып, өзін-өзі дамытуға жеткізегін бірден-бір жолы деп түсінеміз. Ал,
күгілегін нәтижеге жету үшін реалды бейнесін мүратқа жеткізу үшін
өзіндік дамытуда басқара алуы керек.
Өзін-өзі үйымдастыруда түлғаның бойьшда кәсіби іс-әрекетке
психологиялық даярлық байқалады. Н.Р.Битяновтың келіспеушілік
жағдайларды шешуде өзінің тәргібін басқара алу, өз тәртібін меңгеру,
жағымсыз көңіл-күйлерін өзгерту үрдісі. Өзіндік дамуьш басқару өзін-
өзі төрбиелеу арқьшы жүзеге асады. Ал, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеті
өзін-өзі тану нәтижесінде қалыптасады, яғни, өзінің болашақтағы
идеалды бейнесі мен «Менін» түсінуі.
Даралық - тұлғалық өсу түсінігімен тікелей байланысты. Түлғалық
өсу әлем туралы, өзі туралы білімдердің кеңеюі, саналы түсініктің
болуы.
Педагог мамаңдығының өзіндік мәні бар: ол адаммен жүмыс
істейді, яғни, өзіндік тұлғасы мықты «жүмыс қүралы» болып табылады.
Осы қүрал мықты болса, педагогтың кәсіби нәтижесі де сәтті болады.
Сондықтан да педагогикалық кәсіби түлғалық өсу - кәсібиліктің
міндетгі шарты.
Кәсібилік дегеніміз не?
Кәсібилік - индивидтің кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, ал,
кәсіпқой (профессионал) - негізгі ісі өзінің кәсібі болып табылатын
индивид; өз ісінің маманы - өзіне қажетті даярлыты мен мамандығы бар.
Кәсібилік (профессионализм) психологиялық және түлғалық білім
беру ретінде тек кәсіби біліктілік пен дағдылардан ғана емес кәсіби
81
міндеттерді қоя білу және оны шеше білу өнерімен, жалпы және іс-
әрекеттің қиын жағдайларында шындықты ерекше түсіне білуімен
сипатталады.
Олай болса, өзін-өзі дамьггу - тек қана білім, білік және
дағдыларының қалыптасуымен емес, сонымен қатар кәсіби
шығармашылығының нәтижесі.
Е.Г.Рогов тұжырымдамасында кәсібиліктің қалыптасуының негізгі
үш бағыты көрсетілген:
I - қызметті, оның функциялары мен иерархиялық түзілімдерін
орындату жүйесін өзгерту. Мүның нәтижесіндегі іс-әрекеттегі түлғалық
ерекшелік қалыптасады.
II - субъект түлғасын өзгерту. Бүл дүниеге кәсіби көзқарастың
қапыгггасу жолына түсіреді.
ІП - субъекгінің іс-әрекет нысанына катысты ықпалдастьгқ
нысанына әсер етуді өзгертуге қатысты когнитивтік, эмоционалдық
және практикалық компоненттерінің өзгеруі. Бұл кәсіби мәдениеттің
қалыптасуына алып келеді.
Бұл бағыттар шын мәнінде жеке тұлға дамуьгаың кәсіби
қалыптасуының барысы мен кеңістігін көрсететін ішкі құрьшымдары
мен оның әсерінен болатын өзгерістерді белгілеуге арналған.
Үздіксіз өзін-өзі дамытуына деген талпыныс өзін-өзі түсінумен,
озін-өзі танумен, өзін-өзі бақылаумен, өзін-өзі тәрбиелеумен, өзін-өзі
белсендірумен (өз мүмкіндіктерін неғүрлым көп мөлшерде көрсете
алуға және дамытуға адамның талпынысы) аныкталады.
Таңдап алған кәсібіне байланысты қоғамдық тиімділігіне жету үшін
міндетті және жеткішкті қабілеттерін дамыту қажеттілігі үздіксіз кәсіби
өсуіне талпынысы арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік тәжірибе психикасының барлық жағына сәйкестілігін
сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген жағдайымен елшенеді. Оның
қалыптасуында рефлексивті үрдістерінің дамуы, өз мүмкіндіктерін
бағалай білу қабілеттері, өзін түлға деп түсінулері зор мәнге ие.
Болашақ маман үшін бәсекеге қабшеттілікгің мьшадай құрамьгаың
маңызы зор: қауіпке төзімділік, яғни, жүйке жүйесінің оңтайлы жүруін
сипаттайтын түрақты психологиялық жағдай, эмоционалды
түрақтьшық. Жағымсыз эмоцияларды басқара білу эмоционалдық
жағдайдың үшқырлығын төмендетуге, эмоционалдық комфорт пен
кәсіби сәттілікті туғызуға септігін тигізеді.
Бүгінгі күні жастардың көп бөлігі білім алуда (орта, жоғары). Осы
әлеуметтік институт білім беру социологиясын зерттейді, ол өлеуметтік
білім беру жүйесінің өлеуметтік жүйе регінде қальштасуьшьш және
дамуының, сондай-ақ оның қоғаммен өзара әрекетгестігінің
заңцылықтарын зерттеу мәні болып табылатын саласын білдіреді.
82
Қазіргі білім берудің калыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат
қоғамының әр түрлі даму кезеңдерінде нақты әлеуметтік-мәдени
контекске негізделген білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған. Құл
иеленушілік қоғам екі үлгімен көрінді: антикалық және римдік. Бұлар әр
түрлі үлгілер болды, олар үшін білім берудің элитарлығы жалпы болып
табьшды, ғылыммен және өнермен айналысу еркін туғандардың
артықшылығы болып саналды.
Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикальгқ
қосымшасын лайықты емес сабақ деп қарастырған кезде әр түрлі өнер
мен философияны оқуға басымдық берілді. Антикалык білім алудың
еріктілік және еркінділік принциптеріне ерекше мән берілді.
Білімнің римдік үлгісінің утилитарлық сипаты болды және өзіндік
нормативгік-құндылық бағдарымен ерекшеленеді. Римдік білім беру
тәртібі сияқты әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын
берді. Білім берудің басты мақсаты әскери басшьшар мен мемлекетгік
қайраткерлерді даярлауға байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |