26
механикалық энергиясын жұмыс сұйықтығы энергиясына түрлендіретін
сорғыш гидрожетектің қорек көзі болып табылады.
Пневматикалық
жетектерде қорек көзі компрессорлар.
[23,25]
Гидравликалық немесе пневматикалық энергия негізгі гидравликалық
желілер арқылы жұмыс ортаның ағыны гидравликалық энергияны,
жүктемелерге төтеп беруге қолданылатын механикалық энергияға қайта
түрлендіріп, арқарушы құрылғыға беріледі.
Гидравликалық және
пневматикалық жетектерде атқарушы құрылғының валындағы жүктеме
шығыс звеносында болады
(сурет 2.2).
Атқарушы
құрылғы
ретінде
әртүрлі
гидравликалық
және
пневматикалық қозғалтқыштар қолданылады:
- тік сызықты қайтымды ілгерілеме қозғалыстарды және бұрылыс
қозғалыстарды іске асыратын күштік гидроцилиндрлер (пневмоцилиндрлер);
- үздіксіз айналу
қозғалысын
жасайтын гидравликалық және
пневматикалық моторлар.
Гидрожүйе жұмыс режимдерін басқаратын құрылғысын, қосымша және
қосалқы құралдарды қамтиды.
Сорғы деп механикалық энергияны сұйықтық ағынының гидравлика
лық энергиясына түрлендіретін машинаны айтады.
Гидрожетектердің камерасын кеңейту (сору) нәтижесінде оны
толтыратын, содан кейін камеранын көлемін азайту (айдау)
арқылы
камерадағы сұйықтықты күштеп шығаратын көлемді сорғылар қолданылады.
Сұйықтықты камерадан шығару үшін поршеньдер, плунжерлер, шестернялар
т.б. қолданылады. Жұмыс жасау кезінде сорғының 1 (сурет 2.3) кірісінде (а-а
қимасы) қысымы азаяды да, сору желісі 3 бойымен ыдыстағы 2 сұйықтық
сорғыға келеді, бұл жерде жетекті қозғалтқыштың энергиясына,
сонымен
қатар механикалық энергия гидравликалық энергияға түрленуіне байланысты
ағын энергиясы көтеріледі.
Сурет 2.3. Көлемді сорғы: 1 – сорғы; 2 – бак; 3 – сорғыш құбыр өткізгіші; 4
– айдау құбыр өткізгіші
27
Әрі қарай
сұйықтық айдау желісі бойымен 4 тұтынушыға барады. Сорғының
шығысында (б-б қимасы) Р
наг.
қысым кірісіндегі Р
вс.
қысымға қарағанда
жоғары. Сұйықтықты шығару процесінің
сипатына байланысты көлемді
сорғылар поршеньді және роторлы болып бөлінеді. Поршеньді сорғыларда
қозғалмайтын камералардан сұйықтықты қайтымды ілгерілеме қозғалыс
жасайтын поршень арқылы шығарылады. Роторлы сорғыларда жұмыс
камералар ротормен бірге қозғалып сұйықтықты
қабылдау қуысынан айдау
қуысына береді.
Сорғының
берілісі
сорғының
негізгі
параметрі–
сорғының
шығысындағы шығын болып табылады. Беріліс жұмыс көлемімен, бір
айналғандағы жұмыс камералар көлемінің өзгеруімен сипатталады.
Сұйықтықтың ағуы болмаған жағдайда және оның сығылуын есепке
алмағанда, сорғының жұмыс көлеміне тең бір айналымдағы сұйықтықтың
берілісі келесі формуламен анықталады:
q
н
= V
k
Достарыңызбен бөлісу: