М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Гидрожетектің типін таңдау



Pdf көрінісі
бет18/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

2.5. Гидрожетектің типін таңдау 
Жетектің төрт типі бар: электрлік, механикалық, гидравликалық және 
пневматикалық. Жетектің типін дұрыс тандау үшін жетектердің барлық 
түрлерінің ерекшеліктері мен пайдалану өлшем шарттарын білу керек. 
Гидрожетектердің кең таралуы, машина жетектерінің басқа түрлеріне 
қарағанда, олардың бірқатар артықшылықтарымен түсіндіріледі. 
Гидрожетектің оның пайдаланылуын шектейтін өзіндік кемшіліктері 
бар. Бірақ бұл кемшіліктерді жоюға болады, мысалы, жұмыс сұйықтығының 
тұтқырлығының тұрақтылығына синтетикалық жұмыс сұйықтықтарын 
қолдану арқылы қол жеткізеді. Жетектің түрін түпкілікті таңдау 
машиналарды 
жобалау 
кезінде 
техникалық-экономикалық 
есептеу 
нәтижелері бойынша машиналардың жұмыс жағдайларын ескере отырып 
белгілейді. Гидрожетектің жетектің басқа түрлерімен салыстырғанда 
артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Гидрожетектердің негізгі 
артықшылықтары: 
– гидроқұрылғылардың жоғары сенімділігі; 
– гидромашиналардың қозғалатын бөліктерінің аз инерциялылығы; 
– жоғары жылдам әрекеттілігі мен дабылдарды өңдеу дәлдігі; 
– қозғалыс өлшем шарттарын реттеудің кең ауқымы және шығыс 
буындардың қозғалыс жылдамдығын басқару сатысыздығы; 
– номинал қуатқа қатысты төмен меншікті массасы
– гидроқұрылғыларды жиынтықтау және гидрожетекті тым артық 
жүктемеден сақтау оңайлығы; 
– шығыста 
жылдамдықтың 
тұрақтылығы 
үшін 
сұйықтықтың 
шығымын реттеуіштерді қолдану;
– жүйеде жұмыс сұйықтығының қысымын шектеу арқылы 
гидрожетекті тым артық жүктемеден сақтау оңайлығы. 
Гидрожетектердің кемшіліктері: 
– гидроқұрылғылардың жоғары құралым тұмшалығына қойылатын 
талаптар; 
– таза жұмыс ортасына қойылатын жоғары талаптар; 
– жұмыс сұйықтығы гидрожүйеден ағып кеткенде төмен ПӘКі; 
– гидрожетек жұмысының жұмыс сұйықтығының тұтқырлығына 
тәуелділігі; 
Гидравликалық жетектердің ерекшеліктері: 
1) қозғалыс жылдамдығын сатысыз реттеу. Заманауи гидрожетекті 
реттеу ауқымы анықталады: 
D
ω
= ω
max
/ ω
min
=500...5000 
(2.22) 
2) басқару қарапайымдылығы мен сенімділігі; 
3) аз инерциялылық: атқарушы элементтің функциясын орындайтын 
гидравликалық қозғалтқыштың инерциялылығы, дәл сондай қуатпен 
электрлік қозғалтқыштың инерциялылығына қарағанда, 10 есе кем болады; 


35 
4) агрегаттылық: жеке блоктар мен агрегаттарға оңай жиынтықталады, 
олардан тек электр жүйелері ғана озады; 
5) жүйеге қосылған кері клапандардың көмегімен электр энергиясының 
кез келген көзінен механикалық энергияны бір мезгілде немесе тізбекті беру; 
6) тербелістер мен радиацияға салыстырмалы төмен сезімталдық
7) шамадан тыс жүктемеден сенімді қорғау; жүйеге шағын габариттік, 
көп рет әрекет ететін аз инерциялық қорғау құрылғылары болып табылатын 
сақтандырғыш клапандарды кіргізу арқылы тетікті шамадан тыс жүктемеден 
қорғайды; 
Гидрожетекте жұмыс сұйықтығы энергия тасымалдаушы болып 
табылады, соның арқасында сорғы мен гидроқозғалтқыштың арасында 
байланыс орнайды. Жұмыс сұйықтығы гидрожетектің қозғалатын 
бөліктерінің майлануын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет