М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Гидро және пневможүйелердің аралас жетектерін бақылау



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
2.10. Гидро және пневможүйелердің аралас жетектерін бақылау 
 
Пневмогидравликалық жетектер цех магистральдерінің төмен 
қысымының сығылған ауасын пайдалану кезінде шығыс буынның үлкен 
күштерін алу тәсілі болып табылады. Пневмогидравликалық жетектер 
гидравликалық жетектермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар: 
1) ұзақ уақыт бойы энергияны жұмсамай, гидрожүйеде жылуды түзбей, 
майдың жоғары қысымын жасап ұстайды; 
2) гидрожүйені 
басқару қысымды күшейткіш пневможүйесінде 
жасалады; 
3) оларға ұқсас гидравликалық жетектерге қарағанда, анағұрлым 
жинақы және қарапайым; 
4) жетекте айналатын бөліктердің болмауы оның ресурсын арттырады. 
Пневмогидравликалық жетектер металл өңдейтін құрылғыларында 
және басқа технологиялық жабдықтарда, тұйықталған бекіткіш аспаптарда 
және басқа құрылымдарда пайдаланылады. [15] 
Пневмогидравликалық жетектің ережежеге сәйкес сызбасы (2.12-
сурет). 
Сурет 2.12. Пневмогидравликалық жетектің сызбасы: 
1 – пневмоцилиндр; 2 –гидроцилиндрдің поршені; 3 – құбыр өткізгіш; 
4 – гидроцилиндр; 5,6 – серіппе; 7 – резервуар 
Сығылған ауа 1 пневмоцилиндрге беріледі, оның штогы
гидроцилиндрдің поршені болып табылады. 2 цилиндрден май 3 құбырлар 
желісі арқылы 4 гидроцилиндрге түседіоның штогы Q күшін түзеді. 1 және 


44 
цилиндрлер поршеньнің кері қадамы және 6 серіппелерінің күші есебінен 
жасалады. Егер поршеннің жұмыс жүрісі үлкен болса, онда кері жүрісті 
сығылған ауа іске асырады. 7 резервуар жүйедегі майдың ағу ысырапын 
толықтыруға арналған. Құрылым тұрғысынан барлық сызба бірыңғай блок 
түрінде немесе жеке енгізілген 4 гидроцилиндрмен іске асырылуы мүмкін. 4 
ықшам цилиндр атқарушы органмен бірге орнатылады, 1 және
цилиндрлердің блогы жабдықтың жұмыс аймағынан тыс орнатылады. 
Пневмогидравликалық жүйелерде қысылған ауа күшейткіштің 
пневматикалық қуысына енген кезде, гидрожүйеге майды соратын 
пневмогидравликалық түрлендіргіштер (мультипликаторлар – қысым 
күшейткіштер) және пневматикалық поршеннің алға және кері жүрісі кезінде 
гидрожүйеге үздіксіз май жіберетін пневмогидравликалық сорғылар 
пайдаланылады. 
Гидро- және пневможетектер ұзақ қызмет етеді, аз қуаттанады және 
қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді. Бұл талаптарды гидравликалық және 
пневматикалық жетектерді монтаждау, күту және пайдалану, қызмет ету 
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырусыз жүзеге асыру мүмкін емес. 
Гидравликалық және пневматикалық жабдықты орнату белгілі бір 
ережелер мен нормаларды, оның құрамдас бөліктерінің техникалық 
параметрлерін сақтауды талап етеді. Гидравликалық және пневматикалық 
жабдықты орнатпас бұрын, құрастырылатын жүйенің әрбір элементінің 
жұмысқа жарамдылығын тексеру қажет, жүйенің параметрлері арнайы 
аспаптар көмегімен өлшенеді. 
Гидравликалық жабдықты монтаждаумен байланысты жұмыстар: 
– гидравликалық жүйенің құбырлар желісіне, майлау жүйесіне, 
құбырларды бөлшектеудің құрамдас элементтеріне монтаж жасау; 
– гидравликалық жүйенің құбырлар желісін тұйық типті контурларға 
сақиналау; 
– гидравликалық және майлау жүйелерін жуу. 
Гидравликалық жүйе монтаждалғаннан кейін іске қосу-реттеу кезең 
жұмыстарын өткізген жөн: 
1) штаттық гидростанцияларға арнайы сұйықтық құйылады; 
2) гидростанцияларды және құбырлар желісін гидравликалық 
сынақтардан өткізеді; 
3) гидравликалық жетектің механизмдеріне апробация жасалады. 
Гидравликалық және пневматикалық жабдықтарға техникалық қызмет 
көрсетуді ұйымдастыру олардың жұмысының сенімділігін арттыруда 
маңызды факторы болып табылады. 
Жетектер жұмыс жағдайын үнемі сапалы техникалық қызмет көрсету, 
жоспарлық және апаттық жөндеу жұмыстарының арқасында сақтайды. 
Гидро- және пневможүйелерді пайдалану барысында жабдыққа диагностика 
жасау, ақаулық ведомостілерді құру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет