М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Машиналар мен жабдықтарды бөлшектеу мен құрастыруда



Pdf көрінісі
бет50/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

4.3. Машиналар мен жабдықтарды бөлшектеу мен құрастыруда 
кездесетін бөлшектер ақауларының түрлері 
 
Ажыратып шешуде бөлшектер ақауының түрлері. 
Бөлшектеу жұмыстарының қаншалықты сапалы орындалуы жөндеу 
ұзақтығы мен құны байланысты. Бөлшектеу кезінде бөлшектің 
жарамдылығын және сақталуын, иесіздендіруге жатпайтын бөлшектердің 
жинақталуын қамтамасыз ету қажет. Бөлшектеуді нашар ұйымдастырғанда 
бөлшектердің едәуір саны зақымдануы мүмкін: қабыршақтар, сызаттар, 
қиықтар, сынулар және бұранданың жырылуы. Қажетті технологиялық 
жабдықтың болмауы нәтижесінде бөлшектердің зақымданулары мен 
бөлшектеуді қабылдау тізбегі бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде бөлшектердің 
бір бөлігі жарамсыз болады немесе туындаған ақауларды жою үшін қосымша 
жұмысты қажет етеді. 
Бөлшектеу жөніндегі әрбір операция технологиялық процесте берілген 
құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып, тиісті орнында орындалады. 
Жылжымайтын қосылыстар қатары тозған немесе бүлінген бөлшектердің 
біреуін ауыстыру қажет болған жағдайда ғана бөлшектеледі. Бөлшектеу 
кезінде бірлесіп өңделген немесе өзара жұмысты қажет ететін бөлшектер 
сұрыпталады. Бөлшектеу рәсімі жабдықтар мен оның компоненттерін 
бөлшектеудің технологиялық процестеріне сәйкес орындалуы тиіс. Алдымен 
жеңіл зақымдалатын және қорғаныс бөліктерін алып тастайды. Содан кейін 
жеке тәуелсіз бөліктер мен жинақтау бірліктері бөлінеді. Бөлшектеу 


91 
рамаларды, негіз бөліктері мен шанақты құрастыру бірліктерінен және оларға 
орнатылған бөлшектер толық босатылады. 
Бөлшектеу кезінде алынатын бөлшектерді базалық бөлшектерге 
қатысты орталықтандыруды қамтамасыз ететін түсіргіштерді, бекіткіш 
аспаптар мен арнайы құралдарды пайдалану қажет. 
Корпустық бөлшектерден немесе стакандар мен күпшектерден 
подшипниктер сақиналарын, төлкелерді, сальниктерді, тығыздағыштарды 
сығымдау кезінде алынатын бөлшектерді болат балғамен соғуға рұқсат 
етілмейді. Жұмсақ ұштықтары (мыс ұрғыштары бар балғалар) бар 
қондырмалар, оправалар, құралдар, тесіктер қолданылады. Бұрандамалар мен 
гайкілерді бұрағанда мөлшері бұрандаманың немесе гайкінің өлшеміне 
сәйкес болуы тиіс, ол үшін әртүрлі гайкі кілттері қолданылады. Болттардың, 
гайкілердің, бұрандалардың қырларын майыстыруға жол берілмейді. 
Отын, ауа беру құбыр өткішгіштерін, майлау жүйелерін ажырату 
кезінде жіктердің беттерін тазартуды мұқият жүргізеді. Ажыратылған құбыр 
өткізгіштердің тесіктері ластану мен басқа заттардың түсуін болдырмау үшін 
тығындармен немесе қақпақтармен жабылады. 
Жинақтау торабының бөлшектерін ажырату кезінде бөлшектерді 
жинауда бірдей қалыпта болу үшін түйісетін бөлшектерге біріктірудің нақты 
белгілерін салу қажет. Жинақтауда реттеу төсемдерін бұрынғы саны мен 
тәртібінде орнату және орнатылған саңылауларды сақтау үшін, реттеу 
төсемдерін бөлшектеп пакетке салып буу керек. 
Бөлшектеу процесінде бөлшектердің сақталуы оларды дұрыс сақтау 
және тасымалдау арқылы қамтамасыз етіледі. Бөлшектерді төсеу үшін 
арбаның арнайы стеллаждарын, әртүрлі тіреулерді, болттарға, гайкілерге, 
шплинттерге арналған ұяшықтары бар жәшіктерді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет