М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Құралдардың техникалық құжаттарына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет20/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
2.6. Құралдардың техникалық құжаттарына қойылатын талаптар 
Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің стандарттары 
(МӨБЖ) 
метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды 
белгілейді. 
Гидроқұрылғыларды құрастыру кезінде метрологиялық қамтамасыз 
етудің соңғы кезеңі конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау 
болып табылады, оның міндеттері физикалық шамалар және олардың 
бірліктерінің 
атаулары 
мен 
белгіленуінің 
дұрыстығын 
анықтау, 
құрылымдарды қажетті параметрлерді бақылау мүмкіндігі тұрғысынан 
бағалау (жарамдылығын бақылау), өлшеу құралдарын таңдау дұрыстығы мен 
өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау болып табылады. 
Пневмоқұралдармен жұмыс істеу кезінде өндірістік факторлар әсер етеді: 
– шу мен тербелістің жоғарылатылған деңгейі; 
– абразивті материал мен металдың ұшатын сынықтары мен бөліктері; 
– қозғалатын бұйымдар, жабдықтың қозғалынатын бөліктері
материалдар, дайындамалар; 
– жұмыс аймағының жеткіліксіз жабдықталуы; 
– металл және абразивті шаңмен жоғары тозаңдылық. 
Пневмоқұралдармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады: 
– айналып тұрған шпиндельді тежеу; 
– тегістеліп жатырған бұйымның үстінде тұру; 
– ауа магистралінің краны ашық кезінде ауа шлангісін пневмоқұралға 
қосу; 
– құралға қосымша қысымды түсіру үшін дене салмағын пайдалану; 
– ілініп тұрған бөлшекті өңдеу; 
– жабылмаған немесе қоршалмаған люктар мен ойықтардың жанында 
жұмыс істеу; 
– құрылғының ақаулығын өз бетінше жою; 
құрылғыны қараусыз қалдыру
– қуыстардан және айналып тұрған кескіш құралдан жоңқаны қолмен 
алып тастау. 
Гидравликалық құрал шаңға, суға немесе төмен температураға 
сезімтал емес жабық жүйе, мұнда әрбір бөлшек маймен (майлауышпен) 
жағылған, бұл құралдың ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз етеді және 
техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды төмендетеді. 
Гидравликалық құрал жинақы, пайдаланылуы қарапайым, жұмыс 
істеуде 
қауіпсіз, 
пневмо-электр 
құралдарға 
қарағанда, 
оның 
артықшылықтары көп. 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет