М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет4/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
 
 



КІРІСПЕ 
«Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және 
сынақтан өткізу» оқу құралы 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері 
бойынша)» мамандығы, 1014032 «Слесарь-жөндеуші» біліктілігіне сәйкес 
өзектендірілген типтік оқу жоспары бойынша құрастырылды. Берілген оқу 
құралы КМ 03 «Жабдықтарды, агрегаттарды және машиналарды жөндеу
реттеу мен сынақтан өткізіп орындау» кәсіптік модулін меңгерудегі оқу 
нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған. 
Оқу құралы кіріспеден, негізгі төрт тараудан, қорытындыдан, 
қысқартулар тізімінен, глоссарийден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 
өзін-өзі бақылау тестік тапсырмаларының материалдарынан, қосымшалардан 
тұрады. 
Осы оқу құралы студенттерге, оқытушыларға, өндірістік оқу 
шеберлеріне көмек көрсету мақсатында КМ 03 кәсіптік модулін бағдарлама 
бойынша меңгерту арқылы кәсіптік құзыреттілік оқу нәтижелеріне жоғары 
деңгейде қол жеткізу қарастырылды. 
«Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды диагностикалау және 
бөлшектеу, құрастыру, жөндеудің алдын алу бойынша жұмыстар кешені» 
тарауында демонтаждау, монтаждау, бекіткіш аспаптары; пневматикалық 
және гидравликалық, электр құралдары, бақылау – өлшеу аспаптары мен 
жөндеуді диагностикалау стендтерінің жұмыстары қарастырылған. 
«Технологиялық жабдықтың гидро- және пневможүйелерінің жұмысы» 
тарауына гидравлика, пневматика және жылу техникасы; технологиялық 
процесте гидравликалық және пневматикалық жүйелерді пайдалану 
тәсілдері; гидро- және пневможүйелердің аралас жетектерін бақылау мен 
техникалық жағдайын анықтау және т.б. кіреді. 
«Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды сынақтан өткізу 
жұмыстары» тарауында жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды 
сынақтан өткізуді жоспарлап-ескерту бойынша жөндеу жұмыстары; 
сынақтан өткізуде жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың ақауларын 
анықтау және болдырмау; күрделілігі орташа жабдықтар, агрегаттар мен 
машиналар үшін реттеу және ретке келтіріп жинақтау операциялары; 
техникалық регламентке сәйкес жабдықтарды статикалық, динамикалық 
сынақтан өткізу тәсілдері қарастырылды. 
«Ақаулар мен апаттардың алдын алуды жоспарлап-ескерту 
жұмыстары» тарауына жабдықты жоспарлап-ескерту, ағымдық жөндеу 
жұмыстарының кестесі; жөндеуді жоспарлап-ескерту мен реттеу жұмыстары; 
машиналар мен жабдықтарды бөлшектеу мен жинақтауда кездесетін 
бөлшектер ақауларының түрлері және т.б.ақпараттар кіреді.
 Бұл оқу құралында оқу нәтижесін бағалау үшін әр тарау сайын оқу 
материалын бекіткенде немесе тексергенде қойылатын бақылау сұрақтары, 
сонымен қатар өз бетінше орындалатын тестік материалдар қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет