М. Мирманова атындағы жббом. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. Ұйымдастырушы педагог. Кайрлиева Айнагуль Жаксыгуловна



бет2/7
Дата17.02.2022
өлшемі26 Kb.
#455456
1   2   3   4   5   6   7
алған-шабытты-

Көрнекілігі: Ақындар өмірінен слайд, кітап көрмесі.

Б а р ы с ы : 1.Кіріспе сөз

- Азат ойдың ардагері А.Сүлейменов ағамыз: «Қазақ болу қиын әрі қызық» - деген екен. Сол халық табиғатынан ақын, барлық болмыс – бітімімен сан қырлы боп жаралған. Барлық ғұмырнамасы өлеңмен өрнектеліп, әнмен әшекейленіп тұрады. Жарық дүниеге келуі де - өлең, мәңгі дүниеге аттануы да - өлең. Данышпан Абай «сөз өнері дертпен тең» немесе «өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп баға бергені белгілі. Сөз өнерімен, өлеңмен ауырған адамға жұртшылық қызыға, таңдана қарайды, түсінбей дал болады. Ілуде біреуі пайғамбар жасынан асып, ілуде біреуі жүзге жақындағаны болмаса, ақындардың өмірі қамшының сабындай ғана болатыны кейде ойландырады. Жиырманың жалына қол арта бергенде арманын аманаттап кеткен Артығалы Ыбыраев, орда бұзар 30-ында орнын ойсыратып аттанған Т. Айбергенов , 40-тың қырқасында қыршынынан қиылған Мұқағали , Кеңшілік. Айта берсең көп-ақ. Алыстағы ағайынды былай қойып, өзіміз әлі танып білмеген, тіпті кейбіріміз атын да естімеген Сағат Әбуғалиев сынды жерлесіміз 35 жыл ғұмыр кешкен. Әйтеуір сол шектеулі уақытты шебер пайдалана білген асылдарымыз аз емес.

Ақжайық сенің орның ала бөтен... Туған өлке. Орал, арғыны айтпағанда, қазаққа Исатай мен Махамбетті, Құрманғазы мен Динаны, Мәншүкті, Роза Жаманова мен Қадиша Бөкееваны, атақты суретші Сәкен Ғұмарды, ақындарымыз: Тайыр, Жұбан, Қадыр, Ақұштап, Ғайсағалиды... сыйлаған құнарлы өлке. Біз туған жерімізді таланттары арқылы танимыз. Осы поэзия сағатын «Жайықтан алған шабытты» деп Жайық ақын жұлдыздарына арнайық.

О, Ақжайық, анам сынды ардақтым,

Демалыста саған тағы бармақпын.

Неткен мұнша қастерлісің мен үшін,

Бір өзіңе бірнеше жыр арнаттың.

Ақжайық атырабына кіндік қаны тамған әдебиеттің өкілдерінің әрқайсысының айтары бөлек, өзіндік әлемі бар.

Жыр – Жұбан, қасиетті «Қыран далам»,

«Мен – қазақ» деп әлемге ұрандаған!

Ол – дағы өз тілінде ойын өріп,

Жайыққа ана тілде жыр арнаған! – дегендей, Жұбан – күрделі ақын. Ол қалам тартпаған тақырып жоқ. Сөйтіп, оның әр жылдары жарық көрген жыр жинақтарын парақтасақ, ақын әсіресе туған жер тақырыбын ерекше екпінмен, туған топырағымыздың өткендегісі мен бүгінгісін ұтымды үндестіріп, оны «Отан» атты қастерлі ұғыммен астастыра жырлаған және осы тақырыптағы қай шығармасында да жерлестерінің асқақ рухын асқақтата көрсеткен деген тоқтамға келдік. Жұбан ақын өлең өлкесіне 40 – 50 жылдары келді. Сол кезде Жұбанның кәусар жырларын оқып, «жұбанбаған» оқырман жоқ шығар. Ол тар аяға сыймайтын кең құлашты ақын еді. Ол ізбасар інілеріне көз қырын салып, қанатынан демеді. Әдебиетте үлкен ерлік жасады. Сонау қылышынан қан тамған Кеңес үкіметі кезінде – ақ «Мен – қазақпын» деп әлемге жар салуы ерлік емей немене? Жұбан туған жерді сүюді жалаң жершілдік тұрғысында емес, адам бойындағы сүю сезімінің көрінісі есебінде патриоттық идеяға көтерілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет