Ж. Молдағалиев «Жағаңда тұрмын Жайығым» өлеңі оқылады
- Қадірін ана тілдің ұғына біл,
Даналық арамыздан кетті қазір.
Тек қана қазақ тілде жырын жазып,
Танылды бар әлемге ұлы Қадыр! – демекші Қадыр сегіз қырлы, бір сырлы болған кісі. Ақынның өлеңінен өзінің бейнесін, өзінен өлеңінің айқын келбетін айнытпай тани аласың. Қадырдың қазынасына үңілсең, кез – келген шығармасынан бір жаңалық табасың. Рахаттана оқып отырып, «осындай дүниені кім тудырған екен, сірә, адам емес, басқа бір құдіретті күш емес пе?» деп ойша иесін елестетесің.
Достарыңызбен бөлісу: |