М. Мусабеков «Өрлеу» баұо ақ филиалы ОҚО бойынша ПҚбаи кафедра меңгерушісі, Шымкент қаласы



Дата05.07.2016
өлшемі15.48 Kb.
#179661
Білім беру үдерісін технологияландыру мектептік білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде
М.Мусабеков

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ кафедра меңгерушісі, Шымкент қаласы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ базасында 2016 жылдың 21 сәуірінде білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылған «Білім берудегі инновация мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулары «Білім беру үдерісін технологияландыру мектептік білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде» атты секция жұмысымен жалғасын тапты. Секцияға институт қызметкерлері аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен пән мұғалімдері қатысты. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.О.Мусабеков бүгінгі облыстық педагогикалық оқуларға қатысушыларды құттықтап секциясының күн тәртібі және баяндамашылармен таныстырып өтті.



Секция барысында қатысушылар өз білімдерін, біліктіктерін, тәжірибелерін ортаға салып, құнды ақпараттармен алмасып, қазіргі заман талабына сай білім беру талаптары, сабақтың сапалы білім берілуі және оқушылардың білім сапасын көтерудегі озық тәжірибелерін ортаға салды.



Секция қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Түркістан қаласы, «Шорнақ» атындағы ЖОМ мұғалімі М.Б.Бакиров, ІІ дәрежелі дипломмен Шымкент қаласы, №47 мектеп-гимназия мұғалімдері Б.Бейсетаева, Г.Шералхан, Төлеби ауданы, №2 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ мұғалімі Сарыбаев, ІІІ дәрежелі дипломмен Созақ ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы ЖОМ мұғалімі С.Тореева, Төлеби ауданы, «Балдыберек» ЖОМ мұғалімдері Ж. Нұрахов, Ж.Керімбеков, Созақ ауданы, М.Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі А.Жидебайқызы марапатталды. І дәрежелі дипломмен марапатталған Түркістан қаласы, «Шорнақ» атындағы ЖОМ мұғалімі М.Бакировтың баяндамасы Республикалық педагогикалық оқуларына ұсынылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет