М. Н. Сарыбеков 2012 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дене шынықтыру»



Дата28.06.2016
өлшемі67.85 Kb.
#163734
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Н.Сарыбеков

«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Дене шынықтыру» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

1

Теориялық мәліметтер

1

Дене мәдениеті. Дене тәрбиесінің эстетикалық және сауықтыру жүйелері. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының гигиеналық және ұйымдық негіздері

1

A

2

Дене тәрбиесі сабағындағы техника қауіпсіздігі

1

Далада болатын сабақтардын ТҚ (жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы)

2

B

2

Ғимаратта болатын сабақтардың ТҚ (спорттық ойындар, гимнастика, жүзу)

3

B

3

Жалпы дене жаттығулар

1

Жылдамдық және жылдамдық-күш сапасы дамуына арналған жаттығулар

4

A

2

Күш және шыдамдылық дамуына арналған жаттығулар

5

A

4

Жеңіл атлетика

1

Жүгіру, секіру немесе лақтыру техникасын үйрену негізіндегі арнайы дене жаттығулары

6

B

2

Әртүрлі бағыттағы жүгіру техникасы

7

A

3

Лақтыру техникасы. Биіктікке және ұзындыққа секіру техникасы

8

B

5

Гимнастика

1

Саптағы жаттығуларЖалпы дамыған жаттығуларАрнайы дене жаттығулары

9

C

2

Акробатикалық элементтерді орындау техникасы

10

B

3

Таянып секіруді орындау техникасы

11

C

4

Асылу және таяну жаттығуларды орындау техникасы

12

B

5

Саймандардағы жаттығулар (арқанға, ағашқа міну)

13

B

6

Жүзу

1

Арнайы дене жаттығулары. Жүзудің әдістері мен техникасы

14

B

7

Шаңғы дайындығы

1

Арнайы дене жаттығулары Жүру, түсу мен қиылыстың әдістері мен техникасы

15

B

8

Спорттық ойындар. Футбол

1

Арнайы дене жаттығуларыФутбол. Ойынның ережесіЖеке техникалық қозғалыстарТактикалық қозғалыстар

16

C

9

Спорттық ойындар. Баскетбол

1

Арнайы дене жаттығуларыБаскетбол. Ойынның ережесіЖеке техникалық қозғалыстарТактикалық қозғалыстар

17

C

10

Спорттық ойындар. Волейбол

1

Арнайы дене жаттығуларыВалейбол. Ойынның ережесіЖеке техникалық қозғалыстарТактикалық қозғалыстар

18

C

11

Спорттық ойындар. Қол добы

1

Арнайы дене жаттығуларыҚол добы. Ойынның ережесіЖеке техникалық қозғалыстарТактикалық қозғалыстар

19

C

12

Қимыл ойындары

1

Қозғалмалы ойындардың іріктелуі, ұйымдастыру және өткізу

20

B

Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Теориялық мәліметтер: Дене мәдениеті; Дене тәрбиесінің эстетикалық және сауықтандыру жүйелері; Мектептегі дене тәрбиесі сабағының гигиеналық және ұйымдық негіздері.

Дене тәрбиесі сабағындағы қауіпсіздік техникасы: дене мәдениеті сабағындағы жарақаттың алдын-алуы.

Жалпы дамыту жаттығулар: жылдамдық және жылдамдық-күш сапасы дамуына арналған жаттығулар; күш және шыдамдылық дамуына арналған жаттығулар.

Жеңіл атлетика. Жүгіру, секіру және лақтыру техникасын үйренуге арналған арнайы дене жаттығулары.

Жеңіл атлетика. Жүгіру. Әртүрлі қашықтықтағы жүгіру техникасы.

Жеңіл атлетика. Лақтыру. Алысқа және нысанаға допты лақтыру.

Жеңіл атлетика. Секіру. Биіктікке және ұзындыққа секіру техникасы.

Гимнастика. Саптық жаттығулар. Сапқа тұру, орында және қимылда қайта сапқа тұру.

Гимнастика. Жалпы даму жаттығулар, Арнайы дене жаттығулары:

ЖДЖ және АЖ орындау және мағынасының әдістемесі.



Гимнастика. Акробатика: акробатикалық элементтерді орындау техникасы.

Гимнастика. Гимнастикалық саймандар жаттығулары: таянып секіруді орындау техникасы, асылу және таяну жаттығуларды орындау техникасы.

Арқанға міну, тепе-теңдік жаттығулары.



Жүзу: Жүзу және дем алу техникасын үйрену негізінде арнайы дене жаттығулары; Жүзудің әдістері мен техникасы.

Шаңғы дайындығы: арнайы дене жаттығулары, қозғалыс, түсу және қиылыстың әдістері мен техникасы.

Спорттық ойындар. Футбол, баскетбол, волейбол, қол добы: арнайы дене жаттығулары, ойын ережесі, жеке техникалық қозғалыстар, ойынның тактикалық қозғалыстары.

Қозғалыс ойындары: Қозғалыс ойынын іріктеу, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және өткізу.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Орындалған тапсырманы бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.


10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. «Дене тәрбиесі» 5 сынып. Т.Базарбегі., С.Тайжанов. Алматы "Атамұра"2001 жыл.

  2. «Дене тәрбиесі» 5 сынып. С.Қ.Көптілеуова., Г.П.Маковецкая. Методическое руководство. Көкшетау "Келешек"2011 жыл.

  3. «Дене тәрбиесі» 6 сынып. С.Тайжанов., А.Құлназаров. Алматы "Атамұра" 2002 жыл.

  4. «Дене тәрбиесі» 6 сынып. С.Қ.Көптілеуова., Г.П.Маковецкая. Методическое руководство. Көкшетау "Келешек" 2011 жыл.

  5. «Дене тәрбиесі» Методикалық нұсқаулық. Авторлары: А.И. Данашева, Р.Ә. Касымбекова. Алматы, «Алматыкітап» 2011 жыл



ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет