М. Н. Сарыбеков 2012 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы:



Дата04.03.2016
өлшемі67.14 Kb.
#39104
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Н.Сарыбеков

«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Химия» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

1

Бастапқы химиялық түсініктер

1

Химияның негізгі түсініктері және заңдары

1

A

2

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы

1

Атом құрылысы

2

B

2

Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

3

B

3

Химиялық байланыс және зат құрылысы

1

Химиялық байланыс және зат құрылысы

4

B

2

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

5

C

4

Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

1

Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

6

B

5

Электролиттік диссоциация теориясы

1

Ерітінділердегі иондық реакциялар. Тұздар гидролизі

7

A

6

Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар. Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы

1

Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар.Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы

8

B

7

Су. Ерітінділер

1

Су. Ерітіндідегі заттың массалық үлесі және молярлық концентрация. Ерігіштік. Кристалгидраттар

9

B

8

Оттек. Сутек. Галогендер

1

Оттек. Сутек. Галогендер.

10

B

9

YI А топша бейметалдары және олардың қосылыстары

1

YI А топша бейметалдары және олардың қосылыстары

11

B

10

YА топша бейметалдары және олардың қосылыстары

1

Азот және фосфор. Олардың қосылыстары.

12

C

11

IY А топша бейметалдары және олардың қосылыстары

1

Көміртек және кремний. Олардың қосылыстары

13

B

12

Негізгі топшалардың металдары

1

Сілтілік және сілтілік-жер металдары Алюминий

14

A

13

Қосымша топшалардың металдары

1

Қосымша топшалардың металдары

15

B

14

Органикалық химияның негізгі түсініктері. Көмірсутектер. Көмірсутектердің табиғи көздері

1

Органикалық химияның негізгі түсініктері. Көмірсутектер. Көмірсутектердің табиғи көздері

16

C

15

Оттекті органикалық қосылыстар

1

Оттекті органикалық қосылыстар

17

C

16

Азотты органикалық қосылыстар




Аминдер. Аминқышқылдары. Белоктар. Нуклеин қышқылдары.

18

C

17

Синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар

1

Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар

19

A

18

Органикалық қосылыстардың генетикалық байланыстары

1

Органикалық қосылыстардың генетикалық байланыстары

20

C

Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Бейорганикалық химия:

Оттек, сутек, су,ерітінділер,оксидтер,қышқылдар,негіздер,тұздар, бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланыстары, металдардың және бейметалдардың жалпы қасиеттері,металдардың,бейметалдардың және олардың қосылыстарының алу жолдары, VIIA,VI A,VA,IVA топтар бейметалдары және оның қосылыстары, негізгі және қосымша топша металдары



Жалпы химия: Бастапқы химиялық түсініктер,химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заң, зат құрылысы, химиялық реакциялардың жүру заңлылықтары, электролиттік диссоциация

Органикалық химия: Органикалық қосылыстар туралы түсініктер,көмірсутектердің табиғи көздері, көмірсутектер,циклоалкандар,оттекті органикалық қосылыстар,азотты органикалық қосылыстар, синтетикалық жоғарғы молекулалы қосылыстар, органикалық қосылыстардың генетикалық байланысы
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.



7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Орындалған тапсырманы бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.


10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Химия. 8 сынып. Н.Нұрахметов, К.Сарманова т.б. Алматы "Мектеп" 2008 жыл.

2. Химия. 9 сынып. Ж.Ә.Шоқыбаев, О.С.Габриелян. Алматы "Дрофа кітап" 2008 жыл.

3. Химия. 9 сынып. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова. Алматы "Атамұра" 2009 жыл.

4. Химия. 9 сынып. Н.Нұрахметов, К.Сарманова т.б. Алматы "Мектеп" 2009 жыл.

5. Химия. 10 сынып. Қоғамдық-гуманитарлы бағыт. Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев т.б. Алматы

"Мектеп" 2006 жыл.

6. Химия. 10 сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыт. Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев т.б.

Алматы "Мектеп" 2006 жыл.

7. Химия. 11 сынып. Қоғамдық-гуманитарлы бағыт. Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова. Алматы

"Мектеп" 2011 жыл.

8. Химия. 11 сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыт. Ә. Темірболатова, Н.Нұрахметов.



Алматы "Мектеп" 2011 жыл.

ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет