М. немеребаев


Қатпарлы конвейерге электрлі-механикалық қозғалтқышпен жабдықталған теңелту қондырғысын енгізу есептері



бет6/9
Дата18.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қатпарлы конвейерге электрлі-механикалық қозғалтқышпен жабдықталған теңелту
қондырғысын енгізу есептері





Тартым қондырғысын орнатуға болатын орта ара­лық қозғалтқыш арасын қарастырайық, олар i-де және i+1-де қозғалтқыштармен қамтылған. Мұндай жағдай шектілі қозғалтқышты электрлі-механикалық қозғалтқышпен жабдықталаған қатпарлы конвейер­лерге де дәл келеді.

Қабылдайық: i+1-ші қозғалтқыш жетелеуші, ал i-де қозғалтқыш жетегінде; екі массалы жүйеде екі бос дәрежесімен. Шектілі қозғалтқышты қатпарлы кон­вейерлерді қысқа бөліктерімен қарастырамыз, бұлар еңісті және аз еңісті конвейерлерде болады.

Даламбер принципінің негізінде пәрменділік есеп­терін статика есебі түрінде қарастыруға болады, яғни жұмыс атқарып тұрған есептелінетін жүйедегі иінкүшке немесе күшке, иінкүш және күш қосылған жағдайдағы кезі. Осыны есепке ала, қозғалыс теңдеуін құрастыру үшін, статикадағы тепе-теңдік жүйесінің теңдеуін жазуға болады.

Даламбер принципін қолдана отыра есептелінетін жүйедегі қозғалтқыш аралық бөліктердің қай-қайсы­сы үшін де, пәрменділік тепе-теңдік жағдайын жазуға болады, қозғалтқыш аралық бөліктер көрші бөліктер­мен серпінді буын (тартып-тасымалдайтын орган) ар­қылы жалғанған. Осы жағдайда күштің серпінділік иінкүшін, қаттылық және бұрыштық координаталар арқылы көрсетуге болады, өйткені бөліктердегі элементтердің деформациясы, қабылданған жағдай бойынша сызықтық болып келеді және ол Гук заңына бағынады. Сонда қозғалтқыш аралық бөліктегі қозға­лыс теңдеуі, үдеу жағдайында төмендегідей болып жазылады [2]



(1)

мұнда Ii, Ii+1 — жетелейтін және жетектегі қозғалт­қыштардың дөп келулері бойынша инерция иінкүштері, кгм2;


Si — тартып-тасымалдайтын органның тарты­лымы, Н;
Li — қозғалтқыш аралық бөліктің ұзындығы, м;
α — коэффициент, экспериментпен анықтала­ды, Н0,5;
γi+1 және γi — дөп келетін қозғалтқыштардың тарамдалған координаталары;
Mi, Mi+1 — дөп келетін келтірілген қозғалт­қыштардың иінкүштері, олар қозғағыштармен жасалады, Нм;
— дифференциалдау операторы.

Жүктеме Мi = МС сыртқы жүктеме болып табыла­ды i+1 қозғалтқышының қатынасы бойынша және тұрақты немесе айнымалы болуы мүмкін, ол жүйенің жағдайына, уақытына және массаның жылдамдығына тәуелді. Оқиғаны қарастырайық, яғни Мi тұрақты ша­ма болып табылады.

Қозғалтқыш аралық бөліктегі тартып-тасымалдай­тын органның деформациясын γ = γ1 – γ2 белгілесек, онда (1) теңдеуін шеше отыра

(2)

Бастапқы жағдайларын есепке ала интегралдау тұрақтыларын С және D анықтайық. Конвейердің екі қозғалтқышының қозғалысының басынан бастап уақытты есептейміз, яғни келесідей кезде = 0 және рγ = 0, және осы жағдайды (2) теңдеуіне қойсақ, табатынымыз: С = 0;

Сонда тартып-тасымалдайтын органның деформа­циясы

(3)

Орта аралық бөліктегі тартып-тасымалдайтын ор­ган мен қабылдайтын иінкүш



(4)

Иінкүштің ең жоғарғы мағынасы



(5)

Жазылымдар (3...5) орта аралық бөліктердің тең артылу жағдайы кезінде іске қосу үрдісі мен қозғалт­қыштардың жылдамдық алуларына дәл келеді.

Қатпарлы конвейердің тежелу үрдісін қарасты­райық. Тежелу иінкүші жетелеуші немесе жетектегі қозғалтқыштарға салынуы мүмкін (1-сурет).

1-сур. Жетелейтін қозғалтқыштың тежелген кезіндегі


пәрменді жүктемені анықтау сұлбасы
Жетелеуші қозғалтқышты тежеген кезде тежегіш иінкүші Мi+1 және иінкүш Мi бірдей таңбада болады. Электрлік қозғағышты сөндірген кезде конвейердің серпінді тартып-тасымалдайтын органы келесідей деформацияға ие болады мұның бағыты иінкүштердің Mi және Mi+1 бағытына кері, сондықтан бастапқы жағдайда келесідей қылып қабылдау қажет t = 0, сонда

(6)

Келесі оқиға, тежегіш иінкүші (2-сурет) жетектегі i-дегі қозғалтқышына салынған кезі және көп қозғалт­қышты қатпарлы конвейердің артылған жағдайы.

Ол үшін теңдеу (1) қарастыруымыз қажет және бірінші теңдеудің оң жақ бөлігін нөлге теңестіреміз, ал екінші теңдеуде Mi+1 + Mi қабылдаймыз, сонда

(7)

Енді кішкене түсініктер айта кетсек. Шектiлi қоз­ғалтқышты шынжырлы конвейер үдеу жасаған кезде, i-дегі қозғағыштың білігінде иінкүш тез арада өседі, содан кейін төмендейді немесе жоғарлайды (ол қабыл­даған қозу сұлбасына және орнатылған электрлік қозғағыштардың басқарылуына байланысты). Үдеудің аяқ жағында біліктегі иінкүш статикалық жүктемеге теңеледі, біздің оқиғамызда Mi. Сонымен, қозғағыш­тардың иінкүштері үдеу үрдістері кезінде кейбір іске қосудағы ең жоғарғы мағынаға дейін Мп ден Мi өзге­реді.

Жүріске келтіретін тетікте әжептәуір қаттылық болған кезде, оның негізгі массаларында тербеліс жиіліктері де едәуір болады. Осыдан, бірінші тербеліс толқынындағы амплитуда ең жоғары дәрежеге, іске қосу иінкүшіне қарағанда, аз уақытта жетеді, салыс­тырмалы түрде аз өзгереді, сөйтіп өз шамасын сақтап қалады. Осы жағдайларды талдай келе, қарастырып отырған жүйеміз үшін Mi+1 тұрақты қылып қабыл­дауымызға болады. Тежеген кезде тежегіш иінкүші, егерде i өзгерсе, онда ол салыстырмалы түрде өте жай болады, сондықтан жоғарыдағы түсіндірмелер бұл жағдайда да өз күшінде қалады.

2-сур. Жетектегі қозғалтқышты тежеген кезіндегі


пәрменді жүктемені анықтау сұлбасы
Бастапқыда артылған конвейерді іске қосқанда, қозғағышты іске қосқаннан кейін, қозғалысқа көп қоз­ғалтқышты шынжырлы конвейердің жетелейтін қоз­ғалтқышы (Ii+1) келеді. Содан Мi мағынасына дөп ке­летіндей, кинематикалық тізбектегі элементтердің де­формациясы шамаға жеткенде, шынжырлы конвейер­дің жетелейтін қозғалтқышы да қозғалысқа келеді. Осыдан, бастапқы қозғалыста иінкүш аралас орта аралық қозғалтқыштардағы тартып-тасымалдайтын органда ал деформация жыл­дамдығы оң болады.

Жетелейтін i+1-дегі орта аралық қозғалтқышта бастапқы кездегі қозғалыста, электрлік қозғағышты іске қосқан уақыттан бастап жетектегі i-дегі қозғалт­қыштың жүрісіне дейінгі уақыттағы конвейердегі қоз­ғалыс теңдеуі



(8)

Қабылдайық Mi+1 тұрақты, бұл иінкүш конвейерді пайдалану жағдайына байланысты айнымалы болып та келуі мүмкін.

Енді жазылым (8) жалпы шешімін табайық, келе­сідей көрсетілген жағдайларда

(9)

Бастапқы жағдайларын анықтайық, егер t = 0, γi+1 = 0 және i+1 = 0 және, оны (9)-ға қойып, табаты­нымыз



(10)

Сонда шектілі қозғалтқышты шынжырлы конвей­ердің жетелейтін қозғалтқышының жылдамдығы



(11)

Бірінші кезеңде қарастырылған жүйедегі қозға­лыста, келесідей уақыт туындауы мүмкін, яғни сырт­қы кедергі иінкүші мен серпінді күштердің иінкүштері теңестірілген кездері



(12)

мұндағы t1 — жүйе қозғалысының бірінші кезеңіндегі уақыт.

Ал (12)-ден табатынымыз

(13)

Формула (13)-тің қорытындыларын (11)-ге қойсақ



(14)

Бұл жазылымды түрлендіреміз



(15)

Екінші бастапқы кезеңге жаңа уақыт есептеуін бастасақ және қабылдаймыз t = 0 үшін



тұрақты интегралдаудың жаңа мағыналарын табамыз



Табылған мағынаны (2) қоямыз



(16)

Конвейердің тартып-тасымалдайтын органымен қабылдайтын иінкүштер шамалары, келесідей жазы­лыммен анықталады



(17)

Тартып-тасымалдайтын органның ең жоғарғы ма­ғынасы



(18)

Әрі қарай зерттеулер жүргізу үшін бізге тарам­далған координаталарды γi+1 және γi анықтауымыз қажет, ол үшін (10) теңдеу жүйесін шешу керек.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ақашев З.Т., Малыбаев С.Қ., Тазабеков Н.И., Балғабеков Т.К. Қатпарлы конвейерлердің серпінді өзгерістерін теңгеру тәсілдері: Монография. Қарағанды: ҚарМТУ, 2001. 232 б.





ӘОЖ 622.232.075




Т.У. САРСЕМБАЕВ
О.Т. БАЛАБАЕВ
С.Ж. КОСБАРМАКОВ


Каталог: wp-content -> uploads -> docs -> trudi%20univer
trudi%20univer -> Научные сообщения Әож 62-523=512. 122
trudi%20univer -> Пак ю. Н., Шильникова и. О., Пак д. Ю. Методологические аспекты организации самостоятельной образовательной деятельности студентов в контексте госо нового поколения
trudi%20univer -> Машиностроение. Металлургия Әож 621. 91. 02
trudi%20univer -> Проблемы высшей школы
trudi%20univer -> Машиностроение. Металлургия Әож 669. 779. 052: 553. 322 МҰхтар а. А
trudi%20univer -> Геотехнологии. Безопасность жизнедеятельности Әож 622. 271 СӘбденбекұлы ө
trudi%20univer -> Автоматика. Экономика
trudi%20univer -> Проблемы высшей школы
trudi%20univer -> Машиностроение. Металлургия Әож 621. 735. 34=512. 122 Ішкі беттерді өңдеуге арналған жайғыш бастиектерінің тозуға төзімділігін арттыру К. Т. Шеров
trudi%20univer -> Машиностроение. Металлургия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет