М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет33/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89
Бисенбаева

 
 
 


66 
2.2 Сөйленістер жүйесіндегі этномәдени лексиканың қалыптасу 
кезеңдеріне қарай құрылымы 
2.2.1 Аймақтық этномәдени лексиканың жалпытүркілік қабаты 
Қазақ тілі лексикасының қалыптасу жолын тарихи тұрғыдан зерттеушілер 
қазақтардың өз алдына жеке ел болып, қалыптасқанға дейін-ақ халықтық тілдің 
нышандары, оның тарихи негіздері мен арналары өз бастауын көне дәуірден
атап айтқанда, жалпытүркілік кезеңнен алатыны байқалатынын көрсетеді. 
Оның дәлелі – көне түркі жазба ескерткіштерінде байқалатын басты тілдік 
нормалар мен заңдылықтардың қазақ тілінің де негізін құрайтыны. Ж.Манкеева 
бұл жағдайдың қазақ тілінің басты саласы – мәдени лексиканың қалыптасуына 
да тікелей қатысы бар деп есептейді [40,30-31-бб]. Түркі тілдерінің лексика-
семантикалық дифференциациясы мен интеграциясы олардың лексикасының 
қалыптасу үдерісімен және дамуы негізгі көздерімен тығыз байланысты. 
К.Мусаев: «Состав лексики каждой из современных групп тюркских языков 
имеет своими основными источниками: 1) общетюркский фонд и прозводный 
от него, 2) нетюркский фонд и прозводный от него; удельный вес этих фондов 
колеблется по отдельным языковым группам и языкам» [67,17-б.],-дейді. 
Дегенмен лексика мен семантикадағы сәйкестік барлық жағдайда олардың бір 
арнадан шыққандығына дәлел бола алмайды, олардың арасында тарихи 
байланыс нәтижесінде пайда болған көршілік қарым-қатынас іздері де аз емес. 
Осыған байланысты, К.Мусаев түркі тілдері лексикада сөздің екі типі: түркі 
халықтары қарым-қатынасы тарихының терең тамырын байқататын 
интеграциялаушы типі мен дифференциялаушы типі барын көрсетеді 

67,17-б.


Түркі тілдері лексикасы мен семантикасы элементтерінің интеграциялаушы 
типіне тіл иелерінің ортақ тұрмыс, шаруашылық жағдайындағы күнделікті 
тұрмысында неғұрлым жиі қолданылатын сөздері жатқызылады. Бұл 
категорияға жататын сөздер жалпытүркілік кезеңнің басты көрсеткіші болып 
табылады, сонымен қатар, олар лексика-семантикалық тұрғыда түркі тілдерінің 
көпшілігі үшін ортақ бола отырып, дыбыстық жүйеде ареалдық 
айырмашылығын байқатады. К.Мусаев мұндай интеграциялаушы типке ағаш 
атаулары, жабайы аңдармен қатар, үй жануарлары тақырыптық топтарына 
жататын: ағаш, қайың, терек, алма т.б. көптеген сөздерді жатқызады. Түркі 
тілдері лексикасын тереңдетіп зерттеген сайын дифференциялаушы 
классификациялық элементтері айқындала түсетіні көрінеді. 
Соның 
нәтижесінде түркі тілдерін үлкен қыпшақ және оғыз топтарына бөлуге негіз 
болатын лексика-семантикалық белгілер анықталып, олардың ішкі шағын 
топтары ажыратылады. Бұл топтардың құрамында лексиканың көне қабатына 
тән сөздер кездеседі, ал қалған тілдік деректер жалпытүркілік кезең 
ыдырағаннан кейінгі түркі тілдерінің өзіндік даму жолын танытады. Түркі 
тілдері тарихи қарым-қатынасының күрделі көрінісін танытатын бір дерек сиыр 
сөзі, ол қазіргі түркі тілдерін төрт ареалға бөледі деп есептеледі. «... 
современные тюркские языки наряду с общими элементами обнаруживают 
весьма много дифференциальных черт в лексике и семантике. Например, 
интегрирующими названиями растений являются слова, обозначающие березу, 


67 
яблоню, среди названий животных интегрирующими являются слова, 
обозначающие овцу и мула и т.д. Выделяются определенные типы 
интегрирующих слов и значений [67,30-31-бб.]. Ежелгі лексикалық қабатқа 
жататын сөздердің өзінде лексикалық және семантикалық жағынан 
дифференциация белгілері көрініс береді. К.Мусаевтың тұжырымына қарағанда 
дифференциация белгілері көбірек көрінетін тұсы – мәдени лексика, оның апта 
күндерінің атаулары т.б. «Дифференцирующие слова не всегда четко 
соответствуют принятым и даже широко распространенным классификациям 
тюркских языков делению их на кыпчакские, огузские, карлукские и.т.д. Во 
многих случаях дифференциация происходит по территориальному признаку 
языков» [67,30-31-бб.]. Дифференциация белгілерінің мәдени лексикадан орын 
алуы халықтардың өзіндік даму жолына түскеннен кейінгі өмір сүру ареалына 
бейімделген тұрмыс-тіршілік жағдайына, салт-дәстүріне, қоғамдық-әлеуметтік 
даму дәрежесіне байланысты болатыны даусыз. Бір негізден тарайтын туыс 
тілдердің әрқайсысы өзінің ұлттық тілін қалыптастырып, дамытты, әдеби 
тілдерін жетілдірді. Аймақтық лексикада, жалпы, айырым белгілері 
жалпыхалықтық әдеби тілмен салыстыру арқылы айқындалады, бірақ бұл 
туысы бір халықтардың тарихына қатысты алғанда, барлық уақытта тиімді әдіс 
санала қоймайды. Түркі тілдерінің туыстық жақындығы, өмір сүру жағдайының 
жақындығы жалпыхалықтық лексикадан ғана көрінбейді, диалектілік лексика 
элементтері оның айқын мысалы бола алады. Түркі тілдерінің бірінде 
диалектілік сөзге саналған атау екіншісінде әдеби норма болуы немесе 
керісінше кездесуі – туыстас түркі тілдері диалектілік лексикасында жиі 
кездесетін құбылыс 

67,44-б.

. А.М.Щербак сондықтан «жалпытүркілік 
лексикалық қабат» дегенді шартты түрде қабылдау керек деп есептейді 

84,110-
б.

, себебі белгілі бір атауды жалпытүркілік кезеңнің жәдігері ретінде 
қарастыру үшін оның барлық түркі тілдері лексикасынан табылуы шарт емес, 
ол сөздің өмір сүруін дәлелдейтін деректің табылуына қарай жеткілікті санауға 
болады [32,26-б.].
Жалпытүркілік сипат лексикалық ерекшеліктерге қарағанда, дыбыстық 
ерекшеліктер мен грамматикалық, сөз тудырушы формаларда анағұрлым айқын 
байқалады. Ғ.Қалиев сөз тудырушы жұрнақтардың көпшілігіне жалпытүркілік 
сипат тән екенін атап көрсетеді: «белгілі бір түркі тіліндегі диалектілік 
құбылыстардың тек оған көршілес жатқан түркі тілдерінде де кездесуі, яғни 
жалпытүркілік көлемде ұшырауы, түркологиялық әдебиеттерде талай рет атап 
көрсетілгендей, генетикалық, типологиялық белгілері бірыңғай түркі тілдерінің 
туыстық жақындығына, сонымен бірге олардың дамуында жалпытүркілік 
тенденцияларға байланысты екенін көреміз» [85,44-б.],-деп, жалпытүркілік 
даму тенденциясымен байланыстырады.
Е.И.Убрятованың пайымдауынша, жалпытүркілік даму тенденциясындағы 
басты нәрсе жалпытүркілік сәйкестіктер шегінен шықпау – түркі тілдері 
диалектілік ерекшеліктеріне тән сипат, өйткені қазақ тілі сияқты туыстығы 
жақын тайпалық тілдерден құралған түркі тілдерінің диалектілік жүйесі жете 
дамымаған [86,33-б.], сондықтан жалпытүркілік сипатқа ие сөздердің әртүрлі 


68 
дәрежеде көрініс беруі басқа түркі тілдеріне де ортақ. Оны Н.З.Гаджиеваның 
түркі тілдерінде (материалдарында) айқын қарама-қайшылықтың болмауы 
олардың 
тіл 
құрылымындағы 
жалпытүркілік 
дамудың 
бірыңғай 
тенденциясында деген тұжырымынан көруге болады. Бұл тұжырым бойынша, 
«…негізгі ататілдік формалары сақталып қалған да, ататілдің алғашқы 
қалпынан ерекше құбылыстары (инновациялары) жалпытүркілік даму 
тенденциясына бағындырылған» [87,23-б.]. М.С.Атабаева осы аталған 
тұжырымдарға сай тілдік деректі аймақтық лексика материалдары арқылы 
көрсетеді. Мысалы, ағыл – «қамыстан жасалған төбесі ашық мал қорасы» 
мағынасында Түрікменстан мен Өзбекстандағы қазақтар тілінде қолданылады 
(Кеште жандықтарды ағылға қамауды ұмытпаң (Түрікм.,Таш.). М.Қашқарида – 
ағыл «қора, қой қорасы». «Оғыздар қойдың құмалағын «ағыл»дейді. Бұл екі 
түсінік бір-біріне жақын болғандықтан келіп шыққан. Арабшада жаңбырды да, 
бұлтты да «semә» дейтіні секілді» [МҚ, 1,103-б.],-деп сөз мағынасының ауысу 
заңдылығы арқылы түсіндіреді. Ағыл сөзі – «қора» мағынасында түркі тілдерін 
кең көлемде қамтиды. Әзірбайжан тілінде жалпы «қора» (Азерб.-рус.сл., 
1,1962,55), түрікмен тілінде жалпы атауымен қатар, «қой қорасы» (Туркм.-
рус.сл., 1977,28), ал өзбек тілінде «сиыр қорасы» мағынасы да бар (Узб.-рус.сл., 
1959, 314); Т.Бертагаев бурят тілінде айл формасында жұмсалатынын айтса 
(Бертагаев, 93), сары ұйғыр тілінде ағул, «ішкі аула, сыртқы аула» 
мағыналарында кездеседі (Тен., ССЯ, 174); Л.Будагов оның «дуал, қора, 
шарбақ» 
мағыналарын 
білдіретінін 
де 
көрсеткен 
(Будагов,І,64). 
Э.В.Севортянның тұжырымдауынша, сөздің түп негізі ағ, оның архисемасы 
«қоршау, белгілі бір жерді орау», оған -ыл жұрнағы жалғану арқылы мал 
қорасы ұғымына атау болып қалыптасқанын (Севортян, 83). Ә.Нұрмағамбетов 
тұңғыс тіліндегі ағ – «келіп тоқтау» (ССТМЯ,І,11) мағынасының «мал қорасы» 
ұғымының атауына қатысы бар деген түйін жасайды [Нұрмағамбетов,6-б.]. 
М.С.Атабаева атаулардың пайда болуын семантикалық өрісі кең ағу етістігі 
мағыналарының 
бірі 
«қозғалу, 
жөңкілуден» 
іздеу 
керек 
деп, 
Б.Сағындықұлының -ыл, -ым, -ын, -ыт, -ыс жұрнақтары қазіргі күні негізге 
сіңіп кеткендіктен, айырып-ажыратуға келмейді, мұндай жағдайда бұл 
сөздердің лексикалық мағыналары өз мәндерін жоғалтып алады дейтін пікірін 
қуаттайды. Ағ+ыл>ағыл «сорғалау, құйылу, төгілу мағынасын да білдіреді 
[Сағындықұлы, 139-б.]. «Осы үлгідегі «мал қорасы, қой қорасы» мағынасында 
қозғалу, көтерілу, төмен түсу, мәні бар, архисема тік бағыттағы қозғалысты да, 
көлбеу бағыттағы жылжуды да білдіреді. Ендеше «қора» мағынасында осының 
екеуі де орын тапқан, тік бағыттағы қимыл-қозғалыс, көлбеу қозғалысты 
тоқтату үшін қажет болған. Бұл мал бағу, оны қолда ұстау мәдениетінің 
бастапқы кезеңінің көрінісі, оның қозғалыс ұғымымен ұштасуы көшпелілердің 
жартылай көшпелілік жағдайына ауысу үдерісіндегі тіршілік әуеніне, тұрмыс 
мәнеріне үйлеседі» [88,27-б.]. Ғ.Қалиев диалектілік құбылыстардың бәрі бірдей 
жалпытүркілік сипатта болмайтынын, олардың тіларалық сипатта өмір 
сүретіндері де аз ұшыраспайтынын көрсеткен, осыған байланысты олардың 
таралуының екі түрін: жалпытүркілік және тіларалық сипатын айқындайды 


69 
[85,47-б.]. Сондықтан «жалпытүркілік» негізден дерек беретін сөз түркі 
тілдерінің кез келгенінің, жалпыхалықтық, диалектілік лексикасынан кездесе 
беруі, мүмкін, жалпыхалықтық немесе диалектілік лексикасында сақталуы 
ықтимал әрі сөз (атау) бір тілдің диалектілік лексикасына тән болса, екінші 
тілде жалпыхалықтық сипатта қолданылуы да кездесетін жағдай саналады 
[89,27-б.]. 
У.Доспановтың 
зерттеулерінде 
қарақалпақ 
тілінің 
мақта 
шаруашылығы, суармалы егіске байланысты лексикасында қайық сөзін 
көрсетеді, ол «өсімдік отырғызылатын жердің қатары, жолы (грядка) 
мағынасында қолданылады 

90,67-б.

. Ал қазақ әдеби тілінде қайық «суда 
жүзетін ескекті көлік» 

ҚТТС, 5-т., 547

мағынасын білдіретіні белгілі. Қазақ 
тілінің кәсіби лексикасында қарақалпақ диалектісіндегі қайық сөзі білдіретін 
ұғымды жол, тақта, шөнек (Алм., Шел.,), қарық (Шымк.) сөздерімен атайды. 
Қарық сөзінің Шымкентте «кішкене арық» мағынасы да бар, бұдан 
метонимиялық дамуды байқауға болады (Көктемде екеулеп жүріп бес-алты 
қарық қауын еккенбіз (Найманбаев, 1982,89-б

. Жозы/жуазы – аласа, дөңгелек 
үстел мағынасында Алматының Шелек, Кеген, Нарынқол аудандарында 
диалект ретінде қолданылса, ұйғырдың әдеби тіл нормасына енетін сөз 
саналады. Ерік – қазақ тілі үшін Түрікменстан сөйленісіне жататын сөз, 
қарақалпақтар үшін әдеби норма, бұл сөз М.Қашқарида эрук формасында 
тіркелген [МҚ,1,99]. 
А.М.Щербактың жалпытүркілік лексикалық қабатты "шартты" санауы, 
алдымен, «жалпытүркілік» аталатын кезеңнің тарихи-әлеуметтік тұрғыдан 
күрделілігінде болса, екіншіден оның шығу негізінің тереңдігіне байланысты 
деуге болады. Ол тереңдік сол кезеңде кірме элементтердің бар-жоғын нақты 
дәлелдеуге барлық жағдайда мүмкіндік бермейді. Сол себепті жалпытүркілік 
аталатын сөздің кірме сөз болып шығуы да ғажап емес, осыған орай 
«жалпытүркілік» санауға болатын аталымды ажыратудың критерийі оның түркі 
тілдерінің кейбіреуінің не әдеби, не диалектілік лексикасында ұшырасуы екенін 
тілге тиек етіледі [84,110-б]. 
«Жалпытүркілік кезеңнен диалект іздеу әр кез сәтті бола бермейді, себебі 
ол кезде тіл әр тайпаның, тайпалық одақтың қарым-қатынас құралы қызметін 
атқарды, яғни жалпылық сипат қалыптаса бастады. Ортақ белгілеріне қарай 
топтаса келе, халық, ұлт тілдері болып құралғаннан кейінгі жалпыхалықтық 
ортақ белгіден тыс қалған элементтер жергілікті сипатқа ие болды. Диалектінің 
негізі жалпытүркілік кезеңде қалана бастады деуге болады. Осыған байланысты 
жалпытүркілік лексика туралы әңгіме қозғалғанда, қазіргі түркі тілдерінің 
әдеби нормасына қатысты мәселелер ғана сөз болады». Сол себепті түркі 
тілдері диалектілік лексикасының жалпытүркілік қабатын анықтау үшін, 
олардың 
әрқайсысының 
диалектілік 
лексикасы 
толық 
зерттеліп, 
диалектологиялық атласы толық аяқталғанда ғана сөз болуы мүмкін, сондықтан 
жалпытүркілік қабатқа жататын диалект сөздерді түркі тілдерінде кездесу 
мүмкіндігіне қарай айқындауға болады деп есептеушілік бар [91,106-б.]. 
А.М.Щербак жалпытүркілік лексикалық қабатқа табиғат құбылыстары, 
географиялық атауларды, тұрмыстық зат атаулары, адамның дене құрылысы, 


70 
жан-жануар, әскери лексика, сандық ұғым атаулары, қимыл-күй атаулары 
сияқты сөздерді жатқызады, морфологиялық құрылымы жағынан, негізінен, 
түбір сөздер және туынды сөздер болып келетіні, күрделі сөздердің 
жалпытүркілік лексикада сирек құбылыс екенін атап көрсетеді [85,110-116-б]. 
Жоғарыда айтылғандай, аймақтық лексика мағыналық-тақырыптық топтарға 
бөлініп жиналып, сипатталып зерттеліп жүр, ал семантикалық топтар жалпы 
аймақтық лексика құрамындағы кірме сөздер, архаизм, неологизм сөздер т.б. 
ерекшеліктерді анықтайтын болса, аймақтық лексиканың жалпытүркілік 
қабаты, оның көлемі, шегін ажырату мәселесі көп сөз болған емес [89,47-б.]. 
Қалай болғанда да, бір тілдің көлемінде жалпытүркілік диалектілік қабатты 
ажырату үшін түркі тілдерінің аймақтық лексикасын салыстырмалы түрде 
зерттеу қажет, сонда ғана белгілі тақырыптық топтар бойынша ортақ белгілерді 
анықтауға болады, сондықтан аймақтық лексиканың жалпытүркілік қабаты 
мәселесін шартты түрде ғана аймақтық лексиканың негізін құрайтын түп негіз 
сөздер деп түсінген жөн. «Әрине, олар – жалпытүркілік кезең тәрізді ұзақ дәуір 
жемісі, сол елесі көрінбейтін көне соқпақтардың бүгінгі айнасы, өз дәуірінің 
этнолингвистикалық жағдайының картасы іспетті байлық» [89,47-б.]. Осындай 
тұжырымдарға сүйене отырып, жалпытүркілік қабатқа жататын сөздерді 
төмендегіше топтастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет