М. С. Жақұпов, Н. З. Бірімқұлова 2011 жылға Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі



жүктеу 234.5 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі234.5 Kb.



Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Ғылыми кеңесімен

мақұлданған

Құрастырушылар:

тарих ғылымдарының кандидаты Р.Х. Сариева,

М.С. Жақұпов, Н.З. Бірімқұлова
2011 жылға Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша). – Астана, 2011 ж. - 25 б.
Шығарылым Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми-зерттемелік, ағартушылық және оқу-тәрбиелiк салаларда кеңінен қолдану мақсатымен дайындалған.


© Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, 2011 ж.


МАЗМҰНЫ
Алғысөз ---------------------------------------------------------------------------------------------- 4
2011 жылға мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі ------------------------------------ 5-12
Атты нұсқағыш (Атау көрсеткіші)------------------------------------------------------------ 13

АЛҒЫСӨЗ
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 2011 жылға арналған мерейтойлар және атаулы күндер тiзбесiн дайындады.

Мұрағатшылар айғақ және оқиғаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттары негiзiнде айқындап іріктеп алған.

Күнтiзбеге республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми - мәдени өмiрiн айғақтайтын 91 өте мағыналы оқиғалар мен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан белгiлi қоғам және мемлекет қайраткерлерiнің торқалы даталары енгізілді.

Шығарылымның басқы мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми-зерттемелік, ағартушылық және оқу-тәрбиелiк салаларда кеңінен қолдану болып табылады.

Күнтiзбені мәдени-ағартушылық мекемелер, оқу орындары және қоғамдық бiрлестiктер әр түрлi шаралар, тақырыптық және құжаттық көрмелер өткізу және бұқаралық ақпарат құралдарда мақалалар жариялау барысында қолдана алады.

Күнтiзбе оқиғаларын саралау межесі ретiнде Қазақстанның өнеркәсiбі, экономикасы, ғылымы және мәдениетiнің қалыптасуы мен дамуындағы маңыздылығы және белгiлi тұлғалардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесі есепке алынды.

Күнтiзбеде оқиғалар тақырыбына қарамастан хронологиялық тәртіпте айларға бөлініп берілген.

Күнтiзбеде арнайы блокта күні мен айы белгісіз атаулы күндер енгізілген. Оларда оқиғаның тек жылы ғана берілген.

Саны және айы анықталмаған ұмытылмас даталар оқиғаның жылының нұсқауы бар күнтiзбесiне қосылған.

Күнтiзбе Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының құжаттары негiзiнде дайындалған болғандықтан «Сақталатын орны» графасында мұрағат мекемесі берілмеген.

Мерейтойлар және атаулы күндер тiзбесiнің ғылыми-анықтамалық аппараты алғы сөз, күнтізбе, атты нұсқағыш және мазмұннан тұрады.

Күнтiзбе үшiн материалдардың анықталуында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының барлық қызметтерiне ризашылық бiлдiремiз.



2011 жылдға Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер КҮНТІЗБЕСІ

(Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша)







Оқиға уақыты

Оқиға атауы

Сақталатын орны



ҚАҢТАР




14 қаңтар

Алматы қ. саяси репрессиялар мен 30-шы жылдардағы аштық құрбандарының естелік мемориалының салынғанына 20 жыл (1991 ж.)


42-қор, 1-тіз., 1-іс, 1-б.




19 қаңтар

«Қостанай жаңалықтары» аумақтық газетінің шығуына 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 48-іс, 1-20-бб.



23 қаңтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынудың, оларды тапсырудың, есепке алудың және сақтаудың тәртібі жөніндегі нұсқаулықтарды және «Алтын Қыран» ордені кітапшасының үлгісін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 48-іс, 1-20-бб.




24 қаңтар

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының № 2797 Конституциялық заңының қабылданғанына 15 жыл

(1996 ж.)




58-қор, 1-тіз., 83-іс, 219-б.



АҚПАН




9 ақпан

«Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының құрылғанына 10 жыл (2001 ж.)


23-қор, 2-тіз., 94-іс, 1-2-бб.




10 ақпан

Жазушы Бек Тоғысбаевтың туғанына 75 жыл (1936 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.




13 ақпан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында СПИД –тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар туралы» Қаулысының қабылданғанына 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 82-іс, 242-251-бб.




22 ақпан

Алматы облысындағы Іле-Алатау мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағының құрылғанына 15 жыл (1996 ж.)



4-қор, 1-тіз., 423-іс, 3-21-бб.



НАУРЫЗ




13 наурыз

Ғ. Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының құрылғанына 65 жыл (1946 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 256-б.




19 наурыз

Ақмола қаласының бас жоспарын зерттемелеу бойынша авторлық ұжымның арнайы құрамының бекітілгеніне 15 жыл (1996 ж.)


4-қор, 1п-тіз., 431-іс, 79-82-бб.





25 наурыз

Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық және Парасат орденінің иегері, профессор Қаршыға Ахмедиярұлының туғанына 65 жыл

(1946 ж.)




1-ж/қор, 1-тіз., 8-іс, 17-18-бб.



СӘУІР




15 сәуір

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасы Үкіметінің арасындағы №441 Мәдени ынтымақтастық туралы келісім бекітілгеніне 15 жыл

(1996 ж.)




58-қор, 1-тіз., 82-іс, 75-77-бб.




19 сәуір

Ресей Федерациясына жалға берілген «Байқоныр» кешенінің жер телімдерін пайдалану тәртібі жөніндегі №473 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісіміне 15 жыл (1996 ж.)


35-қор, 1-тіз., 92-іс, 73, 76-бб.




23 сәуір

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина МемлекетіҮкіметінің арасындағы №495 Мәдени ынтымақтастық туралы келісіміне 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 82-іс, 199-200-бб.




26 сәуір

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының құрылғанына 65 жыл

(1946 ж.)




58-қор, 1-тіз., 82-іс, 189-190-бб.




30 сәуір

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО телевизиясы мен радиосының, КСРО баспасөзінің үздігі, Қазақстан журналистері одағы сыйлығының лауреаты Сұлтан Оразалиннің туғанына 70 жыл (1941 ж.)


1-ж/қор, 1-тіз., 8-іс, 27-б.



МАМЫР




2 мамыр

XVI ғ. қазақ батыры Жалаңтос Бахадүрдің туғанына 435 жыл (1576 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1801-іс, 235-б.



5 мамыр


Ақын, жазушы Өмір Кәріпұлының туғанына 70 жыл (1941 ж.)


7-ж/қор, 1-тіз., 17-іс, 22-23-бб.



6 мамыр

Композитор, музыка зерттеушісі, жазушы Ілия Жақановтың туғанына 75 жыл

(1936 ж.)




7-ж/қор, 1-тіз., 17-іс, 51-52-бб.



15 мамыр

Қазақстан Республикасының «Қазақстан, Беларусь, Қырғыз Республикалары және Ресей Федерациясы арасында экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартты бекіту жөніндегі» №1-1 Заңына 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 48-іс, 22-б.



23 мамыр

Ақмола университеті базасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына 15 жыл (1996 ж.)


91-қор, 1-тіз., 830-іс, 24-б.




23 мамыр

Мемлекеттік қайраткер және дипломат Нәзір Төреқұловтың туғанына 105 жыл (1906 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 217-б.


МАУСЫМ




3 маусым

Республикалық төтенше эпидемияға қарсы комиссиясының құрылғанына 15 жыл (1996 ж.)


55-қор, 1-тіз., 29-іс, 99-б.



6 маусым

Х.А. Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің құрылғанына 20 жыл

(1991 ж.)




91-қор, 1-тіз., 578-іс, 154-б.





11 маусым

2001-2005 жж. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту Бағдарламасының бекітілгеніне 10 жыл (2001 ж.)


48-қор, 1-тіз., 48-іс, 1-18-бб.



ШІЛДЕ




4 шілде

КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор Ермек Серкебаевтың туғанына 85 жыл (1926 ж.)


1-ж/қор, 1-тіз., 8-іс, 1-б.

4-қор, 1п-тіз., 638-іс, 37-39-бб.







18 шілде

Қазақстан Республикасының «Міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру» туралы Заңының қабылданғанына 15 жыл

(1996 ж.)




58-қор, 1-тіз., 48-іс, 39-43-бб.



20 шілде

«Ақиқат» журналының шығуына 90 жыл (1921 ж.)


58-қор, 1-тіз., 53-іс, 106-б.


ТАМЫЗ




3 тамыз

Қазақстандық-Британдық техникалық университетінің құрылғанына 10 жыл

(2001 ж.)




91-қор, 1-тіз., 815-іс, 84-85-бб.




7 тамыз

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының енгізілгеніне 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 82-іс, 144-147-бб.



22 тамыз

FM диапазонында қазақ тілінде радиобағдарламалар берілуіне 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 53-іс, 120-121-бб.



25 тамыз

Марфуға Айтхожинаның туғанына 75 жыл (1936 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.


ҚЫРКҮЙЕК




4 қыркүйек

Акмола қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі ғимаратының салынғанына 15 жыл (1996 ж.)

4-қор, 1-тіз., 637-іс, 25-26-бб.



16 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметінің жастар мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміне 15 жыл (1996 ж.)


25-қор, 1-тіз., 26-іс, 102-107-бб.



18 қыркүйек

«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Мәскеу Үкіметінің арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімі» туралы №1140 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 82-іс, 131-133-бб.



27 қыркүйек

Қазақ КСР мемлекеттік арбитражы мен Молдова Республикасы арбитражының арасындағы ынтымақтастық және қарым-қатынас туралы келісімге 20 жыл (1991 ж.)


7-қор, 1-тіз., 18-іс, 3-б., 21-22-бб.


ҚАЗАН




7 қазан

Қазақ халық сазгері, композитор, кюйші-домбырашы, күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 175 жыл (1836 ж.)

4-қор, 1-тіз., 467-іс, 115-121-бб.



9 қазан

Композитор және кобызшы Ықылас Дүкеновтың туғанына 150 жыл (1861 ж.)


27-қор, 1-тіз., 5-іс, 12-17-бб.



20 қазан

Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшіру бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясының жеке құрамының қабылданғанына 15 жыл

(1996 ж.)



Ф.43, Оп.1, Д.29, Лл.20-21




24 қазан

ҚР БжАМ Ақпарат және мұрағаттар комитеті Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылғанына 90 жыл

(1921 ж.)




4-қор, 1-тіз., 471-іс, 26-31-бб.


ҚАРАША




11 қараша

Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі- Қазақстан Республикасының ғылымдар академиясының Шығыстану институтының құрылғанына 15 жыл

(1996 ж.)




4-қор, 1-тіз., 473-іс, 73-76-бб.



26 қараша

Тәуелсіздік монументі ашылғанына 15 жыл (1996 ж.)


27-қор, 1-тіз., 288-іс, 30-37-бб.


ЖЕЛТОҚСАН




10 желтоқсан

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілгеніне 20 жыл (1991 ж.)


2-қор, 1-тіз., 1-іс, 18-19-бб.



10 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті міндетіне кірісу» туралы Қаулысының қабылданғанына 20 жыл (1991 ж.)


2-қор, 1-тіз., 1-іс, 22-23-бб.




12 желтоқсан

1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшiн жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң

N 540 Жарлығының шыққанына

20 жыл (1991 ж.)




5-қор, 2-тіз., 27-іс, 20-п.




16 желтоқсан

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылданғанына 20 жыл

(1991 ж.)




2-қор, 1-тіз., 1-іс, 44-54-бб.




20 желтоқсан

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңының қабылданғанына 20 жыл

(1991 ж.)




2-қор, 1-тіз., 1-іс, 156-196-бб.




20 желтоқсан

Қазақстан және Беларус Республикалары, Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы шаруашылық арбитражды соттар қызметтестігі жөніндегі келісімге қол қойылғанына 20 жыл (1991 ж.)


7-қор, 1-тіз., 18-іс, 3-б., 1-4-бб.



23 желтоқсан

Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» № 1021-XII заңының қабылданғанына 20 жыл

(1991 ж.)




2-қор, 1-тіз., 1-іс, 235-257-бб.



23 желтоқсан

Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімнің ратификацияланғанына 20 жыл (1991 ж.)


2-қор, 1-тіз., 1а-іс, 42-55-бб.



23 желтоқсан

Қазақстан және Беларус Республикалары, Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы ядролы қару-жарақ жөніндегі келісімнің ратификацияланғанына 20 жыл (1991 ж.)


2-қор, 1-тіз., 1а-іс, 56-60-бб.



24 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің жанынан Мемлекеттік сатып алу жөнінде агенттіктің құрылғанына 15 жыл (1996 ж.)


58-қор, 1-тіз., 82-іс, 45-б.



24 желтоқсан

Қазақ КСР Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің құрылғанына 20 жыл

(1991 ж.)




2-қор, 1-тіз., 1а-іс, 193-194-бб.



24 желтоқсан

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңының қабылданғанына 15 жыл (1996 ж.)


55-қор, 1-тіз., 47-іс, 10-б.



25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Конституциялық комиссияның төрағасы болып тағайындалғанына 20 жыл (1991 ж.)


2-қор, 1-тіз., 16-іс, 109-112-бб.



31 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетелде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі

№ 3308 Жарлығына 15 жыл (1996 ж.)




58-қор, 1-тіз., 48-іс, 45-52-бб.



КҮНІ МЕН АЙЫ БЕЛГІСІЗ АТАУЛЫ КҮНДЕР







Түркістан қаласына 1515 жыл (496 ж.)


4, 55-қорлар






IX ғасырдың композиторы, атақты түркі ақын-жырауы, қобызды жасап шығарушы Қорқыт атаның туғанына 1105 жыл (906 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 59-б.







Мемлекет қайраткері, қолбасшы Абылай ханның туғанына 300 жыл (1711 жыл)


7-ж/қор, 1-тіз., 17-іс, 21-б.






Ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың туғанына 165 жыл (1846 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Қазақ жазушысы, ақыны, публицисті және журналисі Мұхаметжан Сералиннің туғанына 140 жыл (1871 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 88-б.







Публицист Абдолла Асылбековтың туғанына 115 жыл (1896 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Қазақ театр және кино актерi, Қазақ КСР халық әртісі, Социалистiк Еңбек ері, үшiншi дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты Серке (Сералы ) Қожамқұловтың туғанына 115 жыл (1896 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 88-б.







Атақты күйші-домбырашы Әбікен Хасеновтың туғанына 115 жыл (1896 ж.)

4-қор, 1-тіз., 1814-іс, 40-б.








Жазушы Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 115 жыл (1896 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Көрнекті композитор, академик, кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 105 жыл (1906 жыл)

4-қор, 1-тіз., 1814-іс, 118-б.

7-ж/қор, 1-тіз., 17-іс, 60-61-бб.









Жазушы Мәриям Хакімжанованың туғанына 105 жыл (1906 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Әдебиетші Сәйділла Талжановтың туғанына 105 жыл (1906 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы Ғалым Ахмедовтың туғанына 105 жыл (1906 г.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Атақты драматург, режиссер, сыншы Шахмет Құсайыновтың туғанына 105 жыл (1906 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы Саду Машақовтың туғанына 105 жыл (1906 ж.)




4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы Ізім Искандеровтың туғанына 105 жыл (1906 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы Иван петрович Шуховтың туғанына 105 жыл (1906 ж.)

4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.






Екі дүркін социалистік еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 105 жыл

(1906 ж.)





4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 127-б.







Жазушы, ақын Хамит Ерғалиевтың туғанына 95 жыл (1916 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы, суретші Мұқан Иманжановтың туғанына 95 жыл (1916 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Публицист Баубек Бұлқышевтің туғанына 95 жыл (1916 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы-драматург Ғабдулқайым Мұхамедхановтың туғанына 95 жыл

(1916 ж.)



4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бастауы болған Қарқара көтерілісіне 95 жыл (1916 жыл)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 198-б.







Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 95 жыл (1916 жыл)


5-ж/қор, 1-тіз., 98-іс, 5-6-бб.






Ақын, драматург, прозаик Бәкір Тәжібаевтың туғанына 85 жыл (1926 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1814-іс, 113-б.







Тарих ғылымдарының докторы, профессор, әскер және Ұлы Отан соғысының ардагерi Керейхан Аманжоловтың туғанына 85 жыл (1926 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1814-іс, 113-б.







Әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің туғанына 85 жыл (1926 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1816-іс, 11-б.







М. Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрына 85 жыл (1926 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 178-б.







Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Исаак Поповтың туғанына 85 жыл (1926 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1815-іс, 95-б.







Ақын, жазушы-әдебиетші, Қазақстанның қоғам және саяси қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтың туғанына 75 жыл (1936 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Жазушы, Қазақстан жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтың туғанына 75 жыл (1936 ж.)

4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 93-б.







Қазақ ақыны, жазушы Еслям Зекібаевтің туғанына 75 жыл (1936 ж.)


4-қор, 1-тіз., 1813-іс, 84-б.







Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының құрылғанына 65 жыл (1946 ж.)


4, 55, 58-қорлар






«Алтын-Эмель» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының құрылғанына 15 жыл (1996 ж.)

18-қор, 1-тіз., 397-іс, 92-б.


АТТЫ НҰСҚАҒЫШ


А

Аблай хан - 10

Айтхожина Марфуға - 7

Алдабергенов Нұрмолда - 11

Асылбеков Абдолла - 10

Ауэзов Мұқтар - 11

Ахмедов Ғалым - 10

Ахмедияров Қаршыға – 5

Аманжолов Керейхан - 11

Б

Бұлқышев Бәубек - 11



Г

Гумилев Л. - 6



Д

Дүкенов Ықылас - 8



Е

Ерғалиев Хамит - 11



Ж

Жабаев Жамбыл - 10

Жалаңтөс Бахадүр - 6

Жақанов Ілья - 6

Жұбанов Ахмет - 10

З

Зверев Максим – 10

Зекібаев Еслям - 12

И

Иманжанов Мұқан - 11

Искандеров Изим - 10

К

Кәріпұлы Омір - 6

Құсайынов Шахмет – 10

Қожамқұлов Серке - 10



Н

Назарбаев Нұрсұлтан - 8



М

Машақов Саду - 11

Мұратбеков Сайын - 12

Мүсрепов Ғабит - 5

Мұхамедханов Ғабдулқайым - 11

О

Оразалинов Сұлтан - 5



П

Попов Исаак – 11



Р

Рақышев Дәнеш - 11



С

Сағырбаев Құрманғазы - 8

Серкебаев Ермек - 6

Сүлейменов Олжас – 12

Сералин Мұхеметжан - 10

Т

Талжанов Сайділлә - 10

Тәжібаев Бәкір - 11

Тоғысбаев Бек - 4

Төреқұлов Нәзір – 6

Ш

Шухов Иван - 11



Х

Хәкімжанова Мәриям – 10



Хасенов Әбікен - 10



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет