М. Сүлейменов Қ. Т. Бүркітбаев 2011 жыл



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4


Келісемін Бекітемін

Аудандық экономика және Жаңақорған ауданы

бюджетті жоспарлау бөлімі әкімінің аппарат басшысы

бастығының міндетін атқарушы

_____________ М.Сүлейменов ____________Қ. Т.Бүркітбаев
«___» _________ 2011 жыл «___» _________ 2011 жыл

«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Жаңақорған кенті

2011 жыл.

Мазмұны


1.

Миссия және көкжиек

3










2.

Ағымдағы жағдайды талдау

4-6










3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері

7-9










4.

Қызметтік мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптіліктер

10-11










5

Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен бағыттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарымен сәйкес келуі

12-14










6

Стратегиялық жоспарды жасаудағы басшылыққа алынған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі

15


1. Миссия және көкжиек.
Жаңақорған ауданы әкімінің аппаратының миссиясы- (ары қарай – аудан әкімінің аппараты ) – бұл:

-әкімдіктің қызметін және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

-аудан әкімдігінің және аудан әкімінің жұмысын ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

өз құзіретінің шегінде аудан әкімдігінің Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.

-әкімдіктің және аудан әкімінің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету мен қызмет ету, іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауына байланысты жұмыстар жүргізу. «Қазақстан-2030 елдің гүлденуі, қауіпсіздігі, Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруы», ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын облыс әкімінің іс-шара жоспарына сәйкес аймақтық бес басымдылық бойынша бағдарламаларын іске асыру.


Аудан әкімі аппаратының көкжиегі:

- ауданымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік–экономикалық дамудың және стратегиялық мақсаттар мен өркениеттердің негізгі бағыттарын құру.

- облыс әкімі аппаратының, аудан әкімінің тарапынан тапсырылған міндеттерді потенциалды түрде орындай алатын заманауи менеджментті игерген және біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету.

- құжаттармен жұмыс істеудің жаңа әдістеріне көшу, яғни «электронды әкімдік» жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжат айналымын азайту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету аясында азаматтардың арыз-шағымдарына, хаттарына уақтылы жауап беру мен жергілікті халықпен ұдайы кездесулер өткізіп тұруды қамтамасыз ету.

- ұйымдардың іс-әрекетін жүргізуге, заңды және жеке тұлғалардың мұқтажын қанағаттандыратын, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ықпал жасау.

- жергілікті басқару органдарының байланысының жоғары деңгейлілігін қамтамасыз ететін электрондық әкімдіктің ақпараттық-телекоммуникациялық дамыған және қолжетімді инфрақұрылымы.



2. Ағымдағы жағдайды талдау
Кадрлық саясат
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы

6 ақпан күнгі «Қазақстан азаматтарының әл-аухатының жақсаруы – мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты» атты халыққа жолдауында «әкімшілік реформаның негізгі тетігі кадр саясаты болуы тиіс» деген еді.«Қазіргі заманғы кәсіби басқарушыларды қалыптастыруда бүгінгі күн талабына сай жаңа тәсілдер қолданған жөн. Адам факторы дамуымыздың бүгінгі сатысында ең айқындаушы күш болып табылады»,-делінген.

Қазіргі уақытта (01.01.2010 күнге дерек) аудан әкімі аппаратының штат саны жыл басынан 18 бірлікті құраған болса, Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы «Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 тамыздағы №491 қаулысының негізінде бір бос лауазым қысқартылып,бүгінгі күні нақты 17 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.

Оның ішінде әйелдердің үлесі 17 пайызды құрайды. 16 қызметкердің білімі жоғары, 1-і арнаулы орта білімді маман.

Аппараттағы мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 47 жас.

Мемлекеттік қызметтегі орташа қызмет өтілі 15,5 жыл, атқарып отырған қызметтеріндегі өтілі – 5,6 жыл.

2009 жылы бос қызметтік орындар болмағандықтан аудан әкімі аппаратында қызметке конкурстар өткізілген жоқ.

2009 жылы аттестациялаудан өткен 3 әкімшілік мемлекеттік қызметшінің барлығы атқарып отырған қызметіне сәйкес деп танылды.

Кәсіптік біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында және заң талаптарына сай 2009 жылы аудан әкімі аппаратының 5 қызметкері біліктілігін арттыру курстарында оқып келді.

Сондай-ақ, былтырғы жылы екі әкімшілік мемлекеттік қызметші облыс әкімінің, екі әкімшілік мемлекеттік қызметші аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталғанын атап өтуіміз керек.

Сонымен қатар, аппараттағы кадрлардың қызметін жетілдіру жөнінде жұмыстар атқарылуы керек. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында рухани және материалдық ынталандыру шаралырына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа түрлері мен тәсілдерін енгізу жөнінде аппарат қызметкерлері арасында жұмыстар жүргізу керек.

Құқықтық қамтамасыз ету

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды, құқықтық мәдениет пен құқықтық ақпараттандыруды қалыптастыру мен жоғарылатуды, нормативтік құжаттарды сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік органдардың қызметінің көрсеткіштерінің бірі, оның тұрғындарға көрсетіп отырған мемлекеттік қызметтерінің сапалылығы болып табылады. Сол себепті көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапалылығын арттыру және жариялылықты қамтамасыз ету болып табылады. Сол себепті осы бағытта нақты шаралар қабылдануы керек. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің енгізілуі,бұл жұмыстарды бақылаудың тиімді механизімі мен тәсілі болып табылады.

Құқықтық ақпараттандыру мен аудан тұрғындарының құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында Үкіметтің осы бағыттағы 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру шаралары қабылданады.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі тетіктерінің бірі нормативтік актілерді әзірлеу болып табылады, оның сапалы әзірленуіне баса назар аударылуы керек. Нормаивтік құжаттар дайындауда негізгі мәселе тек заң нормаларын дұрыс қолданумен шектелмей, құжатта әлеуметтік, экономикалық, қаржылық мәселелердің дұрыс қойылуын, статистикалық мәліметтерді зерделеу, талдау жасау және басқа өңірлердің озық тәжірибесін пайдалана білу де қажет.

Стратегиялық жоспарда нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде заңнамалық зерделенуі мен жоғарғы органдардың тапсырмалары бойынша аудан әкімдігі мен аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін мерзімінде орындалуы жөнінде бірқатар талаптар қарастырылған.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүддесін қорғау жөнінде мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстарының нәтижесін ҚР Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылғы №949 Жарлығымен бекітілген құқықтық саясаттың Концепциясында көзделген идеяларды негізе ала отырып бағалаған жөн.

Бұл жұмыстардың принципінде құқықтық тәртіпті нығайтудың тиімді тетіктерін табу, азаматтардың материалдық, құқықтық, саяси құқықтарының сақталуы, қоғамдық қатынастардың жүйелілігі, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек берілуі көзделуі тиіс. Бұл ретте барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындаудағы жауапкершілігін барынша арттыру қажет.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызмет барысындағы күнделікті әрекеттерінің өзі құқықтық мәдениетті ұстануға негізделуі керек.

Мемлекеттік органдарды құқықтық мәдениеттің орнығып, нығайғаны-ол ортада заңдылық толық орныққандығынан, яғни, Конституция мен заңдардың және оларға негізделген нормативтік-құқықтық актілердің толық сақталып, қолданылуынан, азаматардың бостандығы мен құқығының үстем тұруынан, мемлекеттік аппараттың қызметінің нәтижелігі мен шешім қабылдаудағы үлкен жауапкершілігінен көрініс табуы тиіс.



Электрондық әкімдік.
Қызылорда облысы бойынша 2006-2008 жылдарда электронды әкімдік жасау бағдарламасын іске асыру аясында аудан әкімдігін компьютерлік техникамен, серверлік жабдықтармен техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге аудан әкімі аппаратының ғимаратында локальді желі жүргізіліп, ол облыстық желімен тұрақты байланыс жасап отыр.

2008 жылдан бастап аудан әкімі облыстың бірінші басшыларымен, аудан әкімдерімен on-line кеңесін трансляциялауға мүмкіндік алды, ол үшін аудан әкімі Polycom бейнеконференц байланысымен жабдықталды. Аудандағы ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің есептеу техникасымен жабдықталуы мемлекеттік қызметкерлер санының 100% құрайды.

Қазіргі кезеңде Электронды Үкімет компоненті базасында жасалған «Адресті регистр» ақпараттық жүйесінде аймақтардың мекен-жайымен және геонимімен толтыру аяқталды, бүгінгі таңда берілгендерді түзету жұмыстары жүргізілуде. Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландыратын орталыққа бірыңғай транспорттық орта арқылы қосылған.

Ауданда 5 қоғамдық қолжетімділік пункттері жұмыс жасап тұр.

Ауданда аудан әкімі аппаратының www.zhanakorgan.gov.kz және аудандық білім бөлімінің www.bilim.zhanakorgan.kz сайттары жұмыс жасайды. Мұнда аудан туралы барлық мәліметтерді толықтырып, жаңарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 2009 жылдан бастап аудандағы 115 мекеме мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істейді, бұл барлық бюджеттік басқармалар администраторларына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік жоспарлау
Жергілікті бюджеттен 2009 жылы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 53014,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

- аппараттың шығынына 45536,0 мың тенге;

- мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға – 2093,0мың тенге;

- материалдық-техникалық жарақтандыруға – 216,0 мың тенге;

- аудандық қорғаныс бөлімінің қажеттілігіне- 2329,0 мың теңге.

- төтенше жағдайларды жоюға- 394,0 мың теңге.

Қаралған қаржының 97,9% пайызы немесе 51889,8 мың теңге қаржы игерілді .

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері


Стратегиялық бағыт. 1. Мемлекеттк қызметтегі мамандардың алдағы уақыттағы жұмыс жасауын дамыту және нығайту.




Мақсаты. 1.1. Қызметкерлердің сапалы жұмыс жасауын күшейту.




Мақсатты индикатор: Аппараттағы жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасаудағы қанағаттанарлық нәтижелерді 2010 жылы 80 пайыздан кем болмауға, 2011 жылы 85 пайызға және 2012 жылы 90 пайызға жеткізуге күш салу.




Міндеттері 1.1.1. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау механизмін, ынталандыру әдістерін іске асыру.




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Жоспарлы кезең




2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(жоспар)


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл




1. Аппараттың қызметкерлерінің карьералық жылжуын белгілеуді дұрыс анықтау.


Басшылыққа ұсыныспен шығу



















2. Қызметкерлердің біліктілігін көтермелеуді ұйымдастыру

адам

4адам


4 адам.


4адам

4 адам


4адам.


.




3. Қызметкерлердің атқарған жұмыс сапасын бағалау ережесін жасау, дайындау

Бағалаудың сәйкес ережесі

-
















6. Мемлекеттік қызметкерлерге оқу курстары мен семинарларды өткізуді және мемлекеттік қызмет реформасының негізгі аспектілерін практикалық сабақ ретінде өткізуді ұйымдастыру.

Сағат.

24 сағат

36 сағат

36 сағ

36 сағ

36 сағ




Міндеттер 1.1.2. Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтың сақталуына бақылау жүргізу




1. Тәртіптік комиссияның жиналыстарын өткізу

саны

Мүмкіндігінше

Мүмкіндігінше

Мүмкіндігінше

Мүмкіндігінше

Мүмкіндігінше

2. Заңдылық талаптарының сақталуы бойынша талдау материалдарын дайындау

Саны

2

2

2

2

2

3. Мемлекеттік қызмет заңдылығына енген өзгерістерге ақпаратты түрде хабарландырулар беріп отыру

Қорытынды

Есеп


4

4

4

4

4

Стратегиялық бағыт 2. Құжат айналымын жүргізу және одан әрі жетілдіру

Мақсаты 2.1 Құжаттармен жұмыс жасауда жаңа әдістер енгізу

Мақсатты индикатор: Құжат айналымын қысқарту

Міндет 2.1.1 Кіріс және шығыс құжаттарының корреспонденциясының механизмін жүргізу

Көрсеткіштер:1. Кіріс, шығыс корреспонденцияларын мұқият қарау, тіркеудің екі рет қайталануын болдырмау, сондай-ақ резолюцияның дұрыс қойылуын қадағалау.

2. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

үйрететін практикалық сабақтар мен семинарлар және оқу курстарын ұйымдастыру


Стратегиялық бағыт 3. Құжат айналымы бағдарламасын үйрететін практикалық сабақтар мен семинарлар және оқу курстарын ұйымдастыру

Міндет 3.1.2. Құжаттардың уақтылы орындалуын қадағалау

Көрсеткіштер:1.Кіріс-шығыс құжаттарын уақтылы бақылауға алу және олардың орындалу уақтысы жайлы әрдайым еске салу

2. орындалмаған құжаттар мен мерзімін өткізіп орындаған құжаттарға талдау жасау



Мақсат 3.2. Іс номенклатурасын ұйымдастыру.

Міндет 3.2.1. Іс құжаттарының белгілі бір тәртіппен жіктелуін өте жақсы ұйымдастыру. Құжаттарды сақтау мерзіміне байланысты белгілі бір тәртіппен реттеу.

Стратегиялық бағыт 4. Мемлекеттік қызмет көрсеткішінің сапасын көтеруді қамтамасыз ету, құқықтық-ақпараттық қамтамасыздандыруды, құқықтық мәдениетті құру және дамыту, сондай-ақ сапалы және шығармашылық іс әрекет жасау.

Мақсат 4.1 Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін пайдаланушылардың қанағаттанарлық көрсеткішін 2011 жылы 85 %, 2012 жылы 90%, 2013 жылы 95 пайыздан төмен қылмау

Стратегиялық бағыт 5 Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру және олардың ашық және қолжетімді түрде болуын қамтамасыз ету.

Мақсат 5.1. Құқықтық мәдениетті көтеру.

Мақсатты индикатор: Құқықтық түсіндіру жайлы іс шараларды көбейту

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл есеп

2010 жыл

жоспар


2011 жыл

2012 жыл

2013жыл


1. Халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру үшін ақпараттық-насихаттау жұмысымен, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететін жұмыстарды көбейту.

%

85

95

95

100

100

2. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды озық тәжірибелі құқық қорғау, сот және тағы басқа орган қызметкерлерін қатыстыру арқылы жүргізу.

%

85

95

95

100

100

3. Мекемеде тиісті мекеменің әрекетіне қатысты сұрақтарға азаматтарға заңды кеңестер беруді жүзеге асыру.

%

85

95

95

100

100

4. Аудан әкімі аппаратында WEB-сайттың толық жұмыс істеуін іске асыру

%

95

95

95

100

100

Стратегиялық бағыт 6. Нәтижелі жұмыстың сапасын көтеру

Мақсатты индикатор: Әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын сапалы зерттеу

Міндет 6.2.1

Әкімдіктің құқықтық-нормативтік актілерінің жобасын жоғарғы деңгейдегі органдардың актілеріне сәйкестігіне заңды зерттеулерді, соның ішінде сыбайластыққа қарсы зеттеулерді жүргізу.

%

0, 03

0,01

0,01

0,01

0

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет