2.5. Шина және оның түрлері
Шина – бұл электрлік арналардың тобы, бір ретте 32 екілік цифрды (биттерді) тасымалдайды. Тасымалданатын екілік код- тың саны, негізінен, процессордың разрядтылығынан тәуелді.
Магистраль немесе (жүйелік шина) үш көп разрядты:
- мәліметтер шинасынан;
- адрестік шинадан;
- басқару шинасынан тұрады.
Мәліметтер шинасы ОП (орталық процессор) мен жады не- месе ОП мен ЕШ (енгізу-шығару) құрылғылары арасында мәлі- меттерді тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұл мәліметтер ОП командаларынан, сонымен қатар ОП-мен ЕШ порттарына жібе- ретін ақпараттарынан да тұрады. Сонымен, мәліметтер шина- сында ақпараттар бір құрылғыдан екіншісіне кез келген бағытта жүре алады. Мәліметтер шинасының разряды процессордың разрядымен, яғни процессорда бір уақытта өңделетін немесе та- сымалданатын екілік разрядтардың санымен анықталады. Ком- пьютерлік техниканың дамуына қарай процессорлардың разряд- тылғы да өсуде.
Адрестер шинасы мәліметтер шинасы арқылы тасымалда- натын немесе оқылатын мәліметтердің орнын, яғни құрылғы- ның түрін немесе жады ұяшығын процессор таңдайды. Әр құ- рылғы немесе жедел жадының ұяшығының адресі болады. Ад- рес адрестік шина арқылы беріледі және ондағы сигналдар тек бір бағытта процессордан жедел жадыға және құрылғыларға жү- реді (бір бағытты шина).
Адрестік шиналардың разрядтылығы адрестелетін жады көлемімен анықталады (адрестік кеңістік), яғни жедел жадыда- ғы бір байттық ұяшықтардың саны, олардың адрестері қайта- ланбайды. Адрестелетін ұяшықтардың санын келесі формула ар- қылы есептеуге болады:
N = 2I,
76
мұндағы I – адрестік шина разрядтылығы. Aдрестер шинасының разрядтылығы өсуде, мысалы, 36 бит болса, онда адрестелетін жадыдағы ұяшықтардың саны – N = 2 36 = 68719476736.
Басқару шинасы арқылы басқарушы сигналдар тасымалда-
нады, олар магистраль бойымен ақпарат алмасу сипатын анық- тайды және жадыға, ЕШ құрылғыларына арналған. Басқару сиг- налдары жадыдан қандай амалды орындау қажет екенін көрсете- ді, оқу немесе жазу, құрылғылар арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Магистральді ұйымдастыру басқарушы модульдің бар екендігін білдіреді. Бұл модульдің басты міндеті
– басқа екі модуль арасындағы сөз тасымалын ұйымдастыру.
Шиналардың түрі
Шиналар синхронды (тактілік импульстер арқылы мәлімет- терді тасымалдауды іске асыратын) және асинхронды (кез кел- ген уақытта мәліметтерді тасымалдауды жүзеге асырады) болады. Егер ақпарат алмасу перифериялық құрылғылармен контроллер арасында орындалып жатса, олар байланыстырушы мәліметтер тасымалдайтын арна мәліметтерді тасымалдау ин- терфейсі деп аталады. Компьютерлерде пайдаланылатын интер- фейстерге қолданылатын келесі стандарттарды атап көрсетуге болады: EIDE және SCSI.
Достарыңызбен бөлісу: |