М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Көп процессорлы және көп машиналы



бет43/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Көп процессорлы және көп машиналы жүйелердің жыл- дамдығы бір процессорлы жүйемен салыстырғанда жоғары еке- ні анық.
59-сурет. Бір ортақ шина және ортақ жадыны пайдаланатын мультипроцессор үлгісі
89
Параллель процессорлы жүйелер. Бұл архитектурада бір- неше АЛҚ бір БҚ қол астында жұмыс істейді, яғни көптеген мә- ліметтердің ағыны бір командалар ағынындай болып ағымда- ғы программада өңделеді. Құрылымы келесі суретте көрсетіл- ген.
58-сурет. Параллель процессорлы архитектура
Қазіргі уақыттағы машиналарда әртүрлі архитектуралық ше- шімдер ұсынылады. Жоғарыда айтылғандардан мүлде басқа ар- хитектуралар да болады.
Мультипроцессорлар
Массивті-параллельді процессорлардың элементтері бір-бірі- мен байланысқан, себебі олардың жұмысы бір басқару блогын қадағалайды. Ортақ жадыны бөлісетін бірнеше параллельді про- цессорлардың жүйесін мультипроцессор деп атайды. Әрбір про- цессор кез келген жадының бөлігінен ақпаратты жазып және оқи алады, сол себепті олардың жұмысы программалық жаб- дықтамамен байланысты болуы керек.
60-сурет. Әр орталық процессор үшін жеке жадысы бар мультипроцессор үлгісі
Мультикомпьютерлер
Процессор саны аз (< 64) мультипроцессорларды құрастыру қиын емес, ал үлкен мультипроцессорларды жасау кейбір қиын- дықтарды туындатады. Процессорды жадымен байланыстыру күрделі болып келеді. Бұл проблемаларды болдырмау үшін көп- теген өндірушілер жадыны бөлу идеясынан бас тартып, өзіндік жадысы бар өзара байланысқан көп компьютерлерден тұратын жүйелер құра бастады. Мұндай жүйелер мультикомпьютерлер деп аталады. Мультипроцессорларды программалау, ал мульти- компьютерлерді құрастыру оңай болғандықтан, осы екі машина- ның артықшылығын қамтитын гибридтік жүйелерді жасау идеясы туындады. Мұндай компьютерлерде бөлінген жады елес ретінде болып, олар құрастырылмайды және айрықша ақшалай шығынды қажет етпейді.
2.8. Арифметикалық-логикалық құрылғының құрылымы
Арифметикалық логикалық құрылғы (АЛҚ) (ағыл. arithmetic and logic unit, ALU) – процессор блогы, басқару құрылғысының басшылығымен мәліметтерде операндтар деп аталатын арифме- тикалық және логикалық түрлендірулерді орындайды (қара- пайымдардан бастап). Операндтардың разрядтылығын машина- лық сөздің өлшемі деп атайды.
90
91
Фон Нейман өзінің жұмыстарында компьютерде міндетті түрде болуы керек құрылғыларды атап көрсеткен, солардың құ- рамында АЛҚ да бар. Фон Нейман атап көрсеткендей, АЛҚ ком- пьютерге өте қажетті, себебі ол компьютердің негізгі арифмети- калық амалдарды орындауын қамтамасыз етеді.
Арифметикалық логикалық құрылғыны атқаратын функ- цияларына қарай екі бөлікке бөлуге болады:
  • микропрограграммалық құрылғы (басқару құрылғысы),

  • микрокомандалар тізбегін беретін (команда);
  • операциялық құрылғы, онда микрокомандалардың беріл- ген тізбегі іске асырылады.

  • Арифметикалық-логикалық құрылғының құрамына Рг1 –
    Рг7 регистрлері кіреді, олар жедел жадыдан немесе белсенді емес жадыдан N1, N2, …NS түсетін ақпараттарды өңдеу қызме- тін атқарады. Сонымен қатар логикалық сұлбалар енеді, олар басқару құрылғысынан келіп түсетін микрокомандаларды сөз- дерді өңдеу үшін пайдаланады. Микрокомандалардың екі түрі бар: сыртқы – АЛҚ сыртқы ақпарат көздерінен келетін А1, А2,…,Аn және ақпараттың өңделуін шақыратын, ішкі – АЛҚ өңделетін және микропрограммалық құрылғыға әсер ететін құ- рылғы. Ал алынған нәтижелер АЛҚ жедел жадыға кодтық ши- налар арқылы у1, у2, …, ys жазбаларын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет