М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет44/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

61-сурет. АЛҚ құрылымы
Арифметикалық логикалық құрылғы құрамына кіретін реги- стрлердің басты функциялары:
Рг1 – аккумулятор (немесе аккумуляторлар) – АЛҚ басты ре- гистр, онда есептеулер нәтижесі құрылады;
Рг2, Рг3 – операндтар регистрі (қосылғыштар /көбейткіштер
/бөлгіштер /бөлінгіш және т.с.с.) орындалатын операцияға бай- ланысты;
Рг4 – адрес регистрі (немесе адрестік регистрлер), нәтиже
операндтардың адрестерін есте сақтауға арналған;
Рг6 – k индекстік регистрлер, мазмұны адрестерді құру үшін пайдаланылады.
Рг7 – l қосымша регистр, олар программистің қалауы бо-
йынша аккумулятор, индекстік регистрлер немесе аралық нәти- желерді сақтау үшін қолданылады.
АЛҚ-да программист үшін қолжетімді 16 биттік үш регистр
болады: X,V – операндтар регистрлері, ал R – нәтиже регистрі. АЛҚ тасымалдаудың кіруші сигналын пайдаланады (CI ), ол арифметикалық жағдай (ASTAT) регистріндегі бит тасымалда- уын білдіреді.
АЛҚ алты статустық сигналды генерациялайды:
  • нәтиже 0 ( AZ );
  • кері ( AN );
  • аудару ( AC );
  • нәтиженің толуы ( AV );
  • белгі (AS );
  • дербес жағдай ( AQ ).

  • Циклдің соңында арифметикалық статус сигналдары өздері- нің жағдайларына сәйкес арифметикалық статус (ASTAT) реги- стріндегі, сәйкесінше, биттерді өзгертеді. Х кіріс порты екі ақпа- рат көзінен: АХ регистрлер блогынан немесе нәтиже шинасынан мәліметтерді қабылдай алады. Нәтиже шинасы (R) барлық есеп- теу құрылғыларының шығыс регистрлерін байланыстырады.
    Регистрлер блогы АХ екі регистрден тұрады: АХ0 және АХ1. Ол регистрлерден оқуға және DMD шинасы арқылы жазу- ға болады. АХ блогының шығысында біреуі АЛҚ операндтарды қамтамасыз етеді, ал басқасы DMD шинасы арқылы жадыға жа- зылады.
    92

93
СҰЛБА кіріс порты мәліметтерді келесі ақпарат көздерінен: АY регистрлер жиынынан немесе кері байланыс регистрінен AF қабылдайды. АY регистрлер блогы екі регистрден тұрады: AY0 және AY1. Бұл екі регистр оқылады және DMD шинасы арқы- лы немесе PMD шинасымен жазылады. AY регистрінің шығы- сы өз мүмкіндіктерімен АХ сәйкес келеді.
АЛҚ жұмысының нәтижесі AF кері байланыс регистріне не- месе AR нәтиже регистріне жүктеледі. Кері байланыс регистрі – АЛҚ ішкі регистрі, ол нәтижені пайдалануға мүмкіндік береді, СҰЛБА операндына ұқсас. AR нәтиже регистрі DMD шинасына және нәтиже шинасына да жазыла алады.
АЛҚ байланысты кез келген регистрлер тек бір циклде оқы- лады және жазылады. Регистрлер циклдің басында оқылады жә- не соңында жазылады. Регистрге жазылған жаңа мән келесі цикл басталмай тұрып оқыла алмайды [3]. АЛҚ регистрлердің екі жиынынан тұрады: AR, AF, АХО, АХ1, AYО, AY1.
АЛҚ стандарт функцияларының тізімі:

R=X+ Y

Х және Y қосу

R=X+ Y +Cl

Х және Y тасымалдай отырып, қосу

R=X – Y

Х-тен Y-ті азайту

R=X – Y – Cl – 1

Х-тен Y-ті қарыз ала отырып, азайту

R= Y – Х

Y-тен Х-ті азайту

К= Y – X – Cl – 1

Y-тен Х-ті қарыз ала отырып, азайту

R= – X

Х-тің арифметикалық терістеуі

R= – Y

Y-тің арифметикалық терістеуі

R= Y +1

Y инкременті

R= Y – 1

Y азаюы

R=PASS Х

Нәтиже Х операндына тең

R=PASS Y

Нәтиже Y операндына тең

R=O (PASS 0)

Нәтижені тазалау

R=ABS Х

Нәтиже Х-тің абсолютті шамасына тең

R=X AND Y

Логикалық және (AND) Х және Y

R=X OR У

Логикалық немесе (OR) Х және У

R=X XOR У

Логикалық немесені терістеу (XOR) Х және У

R=NOT Х

Х логикалық терістеу

R=NOT Y

У логикалық терістеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет