М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Компьютердің электронды сұлбаларын Simulink



бет97/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

4.1. Компьютердің электронды сұлбаларын Simulink
ортасында модельдеумен танысу
Жұмыстың мақсаты мен мазмұны
Зертханалық жұмыстың мақсаты MATLAB модельдеу жүйе- сімен танысу, мәліметтерді көрсету және кірістіру принципі, модельдеу жүйелерін құрастыру принциптерімен танысу болып табылады.
Қысқаша теориялық мәліметтер
MATLAB – тапсырмалар және шешімдер математикалыққа жуық ортада жүргізілетін, есептеу, модельдеу және программа- лау ыңғайлы ортада жүзеге асатын техникалық есептеуге арнал- ған жоғары өнімді тіл.
MATLAB – мәліметтердің негізгі элементі массив болып та- былатын интербелсенді жүйе.
MATLAB алты негізгі бөлімнен тұрады:
MATLAB ортасы. Қолданушы жұмыс істейтін құралдар мен саймандар жиынтығы. Ол кіріс-шығыс мәліметтерді және М-файлдар мен MATLAB қосымшаларын басқаруға және жөн- деуге MATLAB жұмыс ортасындағы айнымалыларды басқаруға арналған құралдардан тұрады.
MATLAB тілі. Жоғарғы дәрежедегі ағымдарды басқаратын, мәліметтердің құрылымынан, кірістіру-шығарудан және объек-
191
4. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ СҰЛБАЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
тіге бағытталған программалаудың ерекшеліктерінен тұратын массивтер мен матрицалар тілі.
MATLAB графикалық жүйесі. Суреттерді, иллюстрациялан- ған графика мен анимацияны өңдейтін, екі немесе үш өлшемді
мәліметтерді жоғарғы дәрежеде визуализациялауға арналған ко-
мандалар жүйесінен тұратын графикалық жүйе. Сонымен қатар ол графиканың сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін төменгі дәрежелі командалардан да тұрады.
Математикалық функциялар кітапханасы. Қосынды, си-
нус, косинус, күрделі арифметика сияқты элементарлы функция- лардан матрицаларды өңдеу, өзіндік мәнді табу, Бессель функ- циясы, тез арада Фурьеге түрлендіру сияқты күрделі функция- лардан тұратын есептеу алгоритмдерінің кеңейтілген жиынтығы.
Программалық интерфейс. MATLAB-пен әрекеттесетін
Си және Фортран тілдерінде программа жазуға мүмкіндік бере- тін кітапхана.
Simulink. Simulink – динамикалық жүйелерді модельдеуге арналған интербелсенді жүйе. Simulink сызықты, сызықты емес,
үзіліссіз, дискретті және көпөлшемді жүйелермен жұмыс істейді.
MATLAB жүргізу
PC-да MATLAB-ты жүргізу үшін MATLAB белгісін екі рет шерту керек. Экранда сандарды, айнымалыларды, операторлар- ды, функциялар аттарын енгізуге арналған командалар терезесі шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет