М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет13/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

5-сурет. Көптапсырмалы жүйедегі процестердің жағдайлар графы
Процестің өмірлік циклі процесс орындалуға дайын және өз кезегін күтетін кездегі күту жағдайынан басталады. Іске қосыл- ған кезінде процесс орындалу жағдайына ауысады және осы жағдайда белгілі бір ресурсты күту жағдайына көшкенше неме- се жүйе процесті босатпайынша не еріксіз процессордан шыға- рылып тасталмайынша (мысалы, берілген процеске тағайындал- ған процессорлық уақыттың аяқталуына байланысты) бола бе- реді. Соңғы жағдайда процесс дайын болу жағдайына қайтып оралады. Сол күйге процесс күту жағдайынан күтілген ресурс босаған кезде ауысады. Орындалу жағдайында бір процессорлы жүйеде тек қана бір процесс, күту және дайын болу күйлерінің әрбіреуінде бірнеше процесс кезекте тұрады. Бұл процестер кү- туші және дайын процестердің сәйкесінше кезегін құрайды. Процестер кезегі тізімдерге біріктірілген жеке процестердің дескрипторларын көрсетеді. Осылайша, тізімнің әрбір элементі кезекте басқа, өзімен көршілес элементке ең болмағанда бір сіл-
26
дайындық – бұл да пассивті күй, бірақ бұл жағдайда про- цеске оған қатысты сыртқы жайттармен байланысты тос- қауыл қойылған: процесте оған талап етілетін барлық ре- сурстар бар, ол орындалуға дайын, алайда процессор бас- қа процестің орындалуына байланысты бос емес. Құрыл- ған уақыт ішінде әрбір процесс берілген операциялық жүйеде қабылданған процестерді жоспарлау алгоритмімен сәйкес бір күйден екіншісіне ауысады. Ағын жағдайының типтік графы 5-суретте келтірілген.
6-сурет. Процестердің кезекте орналасуы
Суретте орындалуға дайын процестердің кезегі көрсетілген делік. Онда жоспарланған орындалу реті келесі түрде болады: A, B, E, D, C.
1.6. Процестерді және ағындарды жоспарлау алгоритмі
Процестерді жоспарлау барысында ОЖ келесі есептерді қа- растырады: орындалып жатқан процесті ауыстырудың уақытын анықтау; орындалу үшін процесті дайын процестер кезегінен таңдау.
Жоспарлаудың алгоритмдері түрлі мақсаттарды көздеп,
мультипрограммалаудың әртүрлі сапасын қамтамасыз етеді. Мысалы, алгоритм бірде-бір процесс процессорда анықталған уақыттан көп алмайтындығына кепіл беруге міндетті; басқа ал- горитм болса «қысқа» есептердің өте тез орындалуын; ал үшін- шісі интербелсенді қосымшаларға ерекше құқықты қамтамасыз етеді. Процестерді жопарлаудың ерекшеліктері ең жоғары дең- гейде ОЖ ерекшелігін анықтайды. Әмбебап тағайындалатын ОЖ-ның көбісінде жоспарлау динамикалық іске асырылады (on- line), яғни шешімдер ағымдағы жағдайды талдау негізіндегі жүйе жұмысының сол уақытында қабылданып отырады. ОЖ-да уақыттың кездейсоқ мезетінде пайда болатын есептер туралы ешқандай алдын ала ақпарат болмайды. Жоспарлаудың статика-
27
темені қамтиды. Кезектерді мұндай ұйымдастыру процестерді оңай реттеуге, қосуға және алып тастауға, бір күйден басқа күй- ге ауыстыруға (біреуінен өшіріп және басқа кезекке қоюға) мүм- кіндік береді. 6-сурет процестерді кезекке орналастыруды бей- нелейді.
лық типі бір уақытта орындалатын есептердің жиыны алдын ала анықталған, мамандандырылған жүйелерде (мысалы, шынайы уақыт жүйелерінде) қолданылады. Бұл жерде жоспарлау туралы шешім алдын ала қабылданады (off-line). Процестерді реттей отырып, табылған шешімді жоспарлауды жүзеге асыруға бола- ды, яғни процессорды бір ағыннан екіншіге ауыстырған кезде келесі қадамдар орындалады: ағымдағы процестің контексін сақтау; жаңа процестің контексін жүктеу; жаңа процесті іске қо- су. ОЖ программалық құрылғыларымен іске асырылатын жос- парлауға қарағанда процестерді реттеу (диспетчерлеу) процес- сордың аппараттық құрылғыларымен бірлесіп іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет