Файл жайлыақпарат алу Файл жайлы ақпарат алу негізгі процедуралардың бірі болып саналады. Оны әртүрлі әдістермен алуға болады. Файл жайлы толығырақ ақпаратты алу үшін View/View Mode (Вид) мәзірінен TextView (Мәтін) немесе Detailed List (Тізім) таңдамасын таң- дайсыз. Мұндай жағдайда экранға шығарылған тізімдегі әр эле- менттің типі, көлемі, тақырыбы, өзгертілген уақыты, рұқсат заң- дылығы, иесі, тобы және байланысы сияқты мәліметтерді то- лықтай білуге болады. KDE-де автоматты түрде орнатылған кө- ру терезесіндегі жарлықтар әр элементтің типіне сәйкес келеді. KDE-де әртүрлі типтегі файлдарды көру үшін жарлықтар саны көп көлемде қолданылады. Қабылдау бойынша каталогтар үшін бума түріндегі, құжаттар үшін парақ бетінің суреті, ал програм- малар үшін тісті доңғалақтың суреті бар жарлықтар қолданы- лады.
267
Элементті таңдау Кейбір объектідегі әрекеттерді тура файлдар диспетчерінің терезесінде орындауға болады. Объектілер тобын бөлу және оларға әртүрлі процедуралар жүргізу үшін қолданылатын әдіс- тер өте көп. Объектіні таңдау үшін оны іске қосусыз пер- несін басып тұрып тышқанмен шерту керек. Объект бұл кезде қарауытып көрінеді. Бұл оның белгіленгенін білдіреді. Таңда- лып белгіленген объектіге тағы да объект қосу үшін немесе объектіні алы тастау үшін дәл сондай операциялар қолданыла- ды. Тышқан курсорының көмегімен белгілі бір шеңберді жау- лап, объектілер тобын белгілеуге болады.
Тышқанның көмегімен белгіленуі мүмкін емес немесе белгі- леуге ыңғайсыз болатын объектілердің үлкен тобын, шаблонның спецификациясын немесе тақырыбын қолданып белгілеуге бо- лады. Ол үшін Edit-ті мәзірінен Select таңдамасын таңдау немесе
пернелер комбинациясын басу керек. Содан кейін Select files (Файлдарды белгілеу) диалогтік терезесінде файлдың тақырыбын немесе шаблонның спецификациясын жазу керек. Содан соң OK шертпесін басқан кезде берілген шаблонға жауап беретін барлық файлдар белгіленеді. Сол сияқты белгіленген файлдар тобынан файлдарды алып тастаса да болады. Ол үшін Edit мәзірінен Unselect таңдамасын таңдап (белгілеуді алып тас- тау) немесе пернелер комбинациясын басу ке- рек. Егер Edit => UnselectAll (Барлығы үшін болдырмау) таң- далса, осы объектіге дейінгі барлық белгіленген объектілерден белгілеу қайтарылады. Сол сияқты пернелер комби- нациясы да сондай нәтижеге алып келеді. Edit => Invert (Керісін- ше) таңдамасы белгіленбеген файлдарды белгіленуге және белгі- ленген файлдарды белгіленбеген күйге алып келеді. Бұл әрекетті
пернелер комбинациясын басып та орындауға болады.