Кванттауға негізделген алгоритмдер (белсенді процесті бөлінген уақытқа байланысты ауыстыру принципі). Кванттауға
негізделген алгоритмдер бойынша, егер берілген процеске таға-
йындалған процессорлық уақыттың кванты таусылса, процес- сордың белсенді процестен басқа процеске ауысуы орындалады, ал бұрынғы процесс келесі жағдайларда бола алады: күту жағда- йына ауыстырылады немесе жүйелік қате орын алғанда немесе процесс аяқталып, жүйені босатады). Өз квантын тауысқан про- цесс әзірлік жағдайына ауысады және оған процессорлық уа- қыттың жаңа кванты тағайындалуын күтеді, ал белгілі бір ере- жеге сәйкес орындалуға дайын процестер кезегінен жаңа про- цесс таңдалады. Бұл – уақытты бөлу принципі. Төменде келті- рілген алгоритмдерде сәйкес процесс күйлерінің графы сурет- телген.
8-сурет. Уақыт бөлу режимі
Жоғарыдағы граф бойынша жүйеде n процесс болсын, олар- дың әрбіреуі өзінің орындалуы үшін жүйені жеке қолдану кезін- де шамамен уақыттың В бірлігін талап етеді. q – айнымалысы квант ұзындығы болсын. Онда процесс процессордың босауын q(n-1) тең уақыт квантындай күтеді. Жүйеде неғұрлым процесс саны көп кезде бұл шама үлкен болады және қолданушымен ин- тербелсенді жұмыс жүргізу мүмкіндігі азаяды. Егер кванттың шамасы аз болса, күту уақыты әрбір қолданушы үшін ыңғайлы. Уақытты бөлу жүйелерінде кванттың типтік мәні ондаған милли секундты құрайды. Егер квант қысқа болса (яғни жалпы жағ- дайда B >> q және процесс бірнеше рет өңдеу цикліне қатысса), процесс процессорды күтуде өткізетін қосынды уақыт В-ға тура пропорционал. Шынымен де процеске қажетті орындалу цикл- дарының саны B/q-ға тең, онда күтудің жалпы уақыты (q(n- 1))*(B/q)-ға тең немесе қорытындысында – B(n-1). Үлкен квант- тық мәнде кванттау алгоритмі бойынша таңдалатын кезектегі есептің уақыты оның ұзақтығына тәуелді болмайды.
Өзгермелі кванты бар кванттау алгоритмінің нұсқала- ры.
Алғашында, әрбір процеске мүмкіндігінше үлкен квант та-
ғайындалады, ал әрбір келесі кванттың шамасы қандай да бір алдын ала берілген шамаға дейін азайсын. Мұндай жағдайда ар- тықшылықты қысқа есептер алады, ал ұзақ есептеулер фондық режимде жүргізіледі. Кезектегі процеске бөлінетін әрбір келесі квант алдыңғыдан үлкен болсын. Мұндай әдіс бірнеше ұзақ есептеулер орындаған жағдайда есептің ауысуында қосымша шығынды бірден азайтуға мүмкіндік береді. Өзіне бөлінген
30
Достарыңызбен бөлісу: |