43-сурет. Интегральдық сұлбалар
44-сурет. Ішкі құрылым
Үшінші кезең машиналары – бұл бірдей архитектуралы ма- шиналар тобы, яғни программа үйлесімді. Олардың элементтік базасы ретінде интегралдық сұлбалар пайдаланылады, олар мик- росұлба деп аталады.
Осы кезең машиналары – IBM-360, IBM-370, т.с.с. Машиналар- дың жылдамдығы бір секундта бірнеше ондаған мыңнан мил- лион операцияға дейін өзгереді, ал жедел жады көлемі бірнеше жүздеген мың сөзге жетеді.
Төртінші кезең – өте үлкен интегралды сызбалар (1980-?)
Өте үлкен интегралдық сызбалардың пайда болуы 80-жыл- дары бір платаға ондаған мың, жүздеген мың, тіпті, млн тран- зисторды орнатуға мүмкіндік берді.
Төртінші кезең компьютерлік техниканың 1970 жылдардан
кейінгі қазіргі кезеңі болып табылады. Төртінші кезең машина- ларының үшінші кезең машиналарынан басты айырмашылығы бұл кезеңнің компьютерлері қазіргі уақыттағы жоғарғы деңгей тілдерін тиімді пайдаланды және ақырғы қолданушы үшін прог- раммалау процесі ықшамдала отырып құрылды.
Аппараттық тұрғыдан алғанда олардың элементтік базасы- ның интегралдық сұлбаларынан және әртүрлі өлшемді жылдам есте сақтау құрылғыларынан тұрды.
Құрылым тұрғысынан алсақ, осы кезеңдегі машиналар көп
процессорлы және көп машиналы кешендер болып табылады, олар ортақ жады мен сыртқы құрылғылардың ортақ өрісіне жұ- мыс істейді. Жылдамдығы бір секундта бірнеше ондаған мил- лион операциялар, жедел жады көлемі 1-64 Мбайтқа дейін.
Олардың сипаттамасы:
- ДК қолдану;
- мәліметтерді телекоммуникациялық өңдеу;
- компьютерлік желілер;
- мәліметтер қорын басқару жүйелерін кеңінен қолдану;
- мәліметтерді және құрылғыларды өңдеу жүйелерінің ин- теллектуалды тәртібінің элементтері.
Бесінші кезең компьютерлері қандай болуы керек?
Басқа жасаушылар бесінші ұрпаққа есептеуіш машинаның көрінбейтін немесе қалта компьютері ретінде қарайды.
Компьютердің бесінші кезеңі 1980 жылы Жапония жарияла-
ған 5 жылдық жобадан басталады, онда компьютерлік тілдің ма- шиналық тілі ретінде логикалық программалау тілі PROLOG-ты аппаратты түрде жүзеге асырып, жасанды зерде (интеллект)
66
жүйесін құру көзделді. Бұл жобаның аяғында жоспар толық орындалмады, соған қарамастан қазір өзінің жасанды зердесі бар, яғни белгілі есептің берілгені бойынша оның шешуін таба- тын тұжырымдарды жасап, оны дәлелдей алатын, белгілі тақы- рыпқа өлең немесе музыка шығара алатын және т.с.с интеллек- туалды жұмыстарды өздігінен жасай алатын компьютерлер бар. Бірақ олар кең тарамаған, себебі олардың бағасы өте қымбат жә- не олармен жұмыс істеу аса біліктілікті талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |