М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Есептеу машиналарының негізгі кластары



бет30/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

2.2. Есептеу машиналарының негізгі кластары
Қазіргі даму кезеңінде адамзат қоғамының нақты қажетті- ліктері есептегіш техникалардың жылдам дамуын және өмірге енуін талап етеді. Әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің инфрақұрылымында есептеуіш техниканы кең көлемді қолдану өзіне ештеңені тең келтірмейді. Есептеуіш техника барлық бо- лып жатқан өзгерістерге қандай да бір:
  • ақпараттық;
  • технологиялық;
  • әлеуметтік;
  • қаржылық;
  • экономикалық және т.б. себептерін тигізеді.

  • Қазіргі күнде ақпарат табыс көзіне айналып отыр, басқа сөз- бен айтқанда, дәстүрлі табыс көзіне ұқсайды (пайдалы қазба байлықтары, энергия, жұмыс көздері және т.б.) өндіруге, өң- деуге, пайдалануға, сатуға және сатып алуға болады. Мемлекет- тің стратегиялық мүмкіндіктері қазіргі күнде көп жағдайда тек қана дәстүрлі табыс көздерін кең көлемді қолданумен анықтал- майды, сонымен қатар ақпараттық табыс көздерін қолданумен де анықталады.
    Осы күнде есептегіш техниканы қолданбайтын ғылымды, техниканы, өндірісті, басқару жүйесін таба алмайсың. Сонымен қатар есептегіш техниканы қолдану аймағы тоқтамай дамып, қолдану аймағы кеңеюде және есептегіш техникаға күрделі тап- сырыстар мен жауапкершілік жүктеліп, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізілуде. Өндірісті, ғылымды, техниканы, басқару жүйе- сін кең көлемді ақпараттандыру және кешенді автоматизациялау
    67

46-сурет. Есептегіш жүйенің жалпы құрылымдық сызбасы
68
дамыған және дамушы елдердің ғылыми-техникалық страте- гиялық даму бағытында ең алдыңғы орындарды алады. Сол се- бепті есептеуіш техниканың даму сатысына әлемде ештеңе тең келмейді. Электронды есептеуіш машиналардың көптеген жаңа түрлері пайда болуда, өте үлкен көп машиналы және көп про- цессорлы жүйелерден жеке қолдануға арналған микро ЭЕМ ен- гізілген қолданбалы ЭЕМ кешеніне дейін жаңа түрлері жасалуда.
Есептегіш жүйе – берілген алгоритм бойынша есепті шешу мақсатында енгізілген ақпаратты тексеруге арналған техника- лық құрылғылардың кешені.
Есептегіш жүйенің жалпы құрылымдық сызбасы 49-суретте көрсетілген. Жалпы жағдайда кез келген есептегіш жүйе: ариф- метикалық-логикалық құрылғы, жады, енгізу-шығару құрылғы- ларының тобы, басқару құрылғысынан тұрады.
АЛҚ – арифметикалық-логикалық құрылғы:
  • арифметикалық амалдарды (қосу, көбейту, алу, бөлу – бір- неше түрлерімен);
  • логикалық амалдарды (логикалық қосу және көбейту, модульдік қосу, инверсия және т.б.);
  • орын жылжыту амалдары (солға, оңға, логикалық, ариф-

  • метикалық, циклдік және т.б.) орындау қызметін атқара- ды.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет