М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет33/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Екілік кодтау принципі
Бұл принципке сай ЭЕМ түсетін барлық ақпарат екілік сиг- налдар арқылы кодталады және сөздер деп аталатын бірліктерге бөлінеді.
Жадының біртектілік принципі
Программалар мен мәліметтер жадыда сақталады. Сондық- тан ЭЕМ жады ұяшығында не сақталатынын ажыратпайды.
Жадының адрестелу принципі
Жады құрылымы нөмірленген ұяшықтардан тұрады; процес- сорға кез келген уақытта кез келген ұяшық қолжетімді. Жады аймақтарына ат тағайындап, оларды пайдаланып немесе прог- рамма барысында меншіктелген атаулар арқылы оларды өзгер- ту мүмкіндігі.
72
Тізбектелген программалық басқару принципі
Программа командалар жиынынан тұрады, олар процессорда автоматты түрде белгілі бір ретпен орындалады.
Архитектураның қатаңдық немесе беріктік принципі
Топологияның, архитектураның, командалар тізімінің жұ- мыс барысында өзгермеуі.
Осы принциптер негізіндегі алғашқы компьютерлерге:
  • 1948 жылы 21 маусымда Ұлыбританияның Манчестер уни- верситетінде дайындалған манчестерлік Марк I;
  • 1949 жылы 6 мамырда Ұлыбританияның Кембридж уни-

  • верситетінде жасалған EDSAC;
  • 1949 жылдың сәуірінде АҚШ-та дайындалған BINAC;
  • 1949 жылы қарашада Австралияда құрастырылған CSIR Mk 1;
  • 1950 жылы мамырда АҚШ-та шыққан SEAC жатады.

  • Фон Нейман архитектурасының тар жерлері немесе кем- шіліктері
    Шинаны программалар жадысы және мәліметтер үшін бірі-
    гіп пайдалану осы архитектураның тар жері болып табылады, яғни жады көлемімен салыстырғанда процессор мен жады ара- сындағы өткізгіштіктің шектелуі. Процессорлардың жылдамды- ғы және жадының көлемі үлкен болса да, олардың арасында- ғы мәлімет алмасу өткізгіштігі ең маңызды мәселе болып табы- лады.
    Гарвард архитектурасы
    Гарвард архитектурасы – ЭЕМ архитектурасы және ерекше белгілері:
  • Нұсқаулардың қоры және мәліметтердің қоры әртүрлі фи- зикалық құрылғылар болып табылады.
  • Нұсқаулар арнасы (каналы) және мәліметтер арнасы физи-

  • калық бөлінген.
    Архитектураны Говард Эйкен ХХ ғасырдың 30-жылдары- ның соңында Гарвард университетінде ұсынған.
    Фон Нейман архитектурасынан айырмашылығы. Таза фон Нейман архитектурасында процессор біруақытта нұсқаулар-
    ды оқиды немесе жадыға мәліметтер бірлігін жазады, себебі
    73

нұсқаулар мен мәліметтер бірлігі бір жүйелік шинаны пайдала- нады.
Ал Гарвард архитектурасын пайдаланатын компьютерде процессор бір мезгілде нұсқауларды оқып және сол уақытта кэш
жадыны пайдаланбай отырып, жадыға қол жеткізуді орындай
алады. Сондықтан Гарвард архитектурасы жылдамырақ, себебі бір арнаны пайдаланбайды.
Бұл архитектурада командалар мен мәліметтер үшін әртүрлі
адрестік кеңістіктер пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет