М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет61/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

MOV DL, 41h – 4-інші жол. «A» символының коды DL реги- стріне жазылады. ASCII стандарты бойынша бұл символдың ко- ды – 41h.
INT 21h – 5-інші жол. АН регистрінде берілген (біздің мы-
салда 02h)DOS жүйелік функциясын шақыратын команда – 21h.
INT 20h – 6-ншы жол. Операциялық жүйеге программадан шыққанын және басқарудың консольдік қосымшаға берілгенін хабарлайтын үзу болып табылады. Біздің мысал бойынша INT 20h пайдалану басқарудың Emu8086 берілетінін білдіреді. Ал программа компиляцияланып болғаннан кейін, бұл команда біз- ді қайтадан ОЖ-ға қайтарады. Emu8086 жағдайында бұл функ- цияны RET командасы орындайды. Ол команда берілген код мә- тініне автоматты түрде қосылады.
Тапсырмалар
  • EMU8086 эмуляторын іске қосыңыз.
  • Ассемблерлік программаларын жазу ережелеріне сай, «Please Register» мәтінін басқа сөздермен ауыстырыңыз.
  • Қосымшаны F5 батырмасы арқылы іске қосыңыз.
  • Алынған кодты «RUN» батырмасы немесе F9 функционалдық батыр- масы арқылы іске қосыңыз.
  • Программаны компиляция жасаңыз.

  • Бақылау сұрақтары:
  • Ассемблерлік программалардың ЖДТ-дан қандай басты айырмашылық- тары бар?
  • Ассемблерлік программалардың құрылымы қандай?
  • Нұсқаулардың директивалардан айырмашылығы қандай?
  • Ассемблер тілінде программаларды жазудың қандай ережелері бар?

  • 124

125
  • Орындалатын файлды алудың қандай кезеңдері бар?
  • Программаларды түзету кезеңі не үшін қажет?
  • EMU8086 эмуляторының басты мүмкіндіктері?

  • 3.4. Ассемблер тілінде бірінші программаны жазу Жұмыстың мақсаты: ассемблерлік программаның құрылы-
    мымен танысу, ассемблерде бірінші программаны құру.
    Ассемблерлік программаның құрылымы
    Программа кез келген ОЖ орындалуы үшін ол орындалатын файлға компиляциялануы қажет.

org 100h

begin:

mov ah, 9

mov dx,offset message

int 21h

ret

message db «SALEM», 0dh, 0ah, сұлба$сұлба

end begin

BEGIN белгісі: программадағы бірінші команда және END директивасында пайдаланылады (ағыл. begin – басы; end – со- ңы), программа қандай командадан басталатынын көрсету үшін қолданылады.
Жалпы BEGIN сөзінің орнына басқаны да қолдануға бола-
тын еді. Мысалы, START: бұл жағдайда программаны END START командасымен аяқтау қажет еді. (5) - (7) жолдар экранға
«SALEM» сөзін шығарады.
Қосымша мысал ретінде тағы да бір жолды қосайық және оны message1 деп атайық. Содан кейін (9) жолдан бастап келесі командаларды енгізіп, программаны компиляция жасаймыз.

9

mov dx,offset message1

10

int 21h

Тапсырмалар
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет