Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «smart ilim» мектеп-гимназиясының



Дата01.04.2024
өлшемі14.17 Kb.
#497221
оқушыға мінездеме


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
«SMART ILIM» мектеп-гимназиясының
6 «А» сынып оқушысы
Обид Низамиддин Махмуддинұлына
Мінездеме

Оқушы туралы мәлімет: Обид Низамиддин 2011 жылы қазан айының 16 жұлдызында дүниеге келген. Низамиддин 2020 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. 


Әлеуметтік жағдайы жақсы. Көп балалы отбасыдан шыққан. Үйден барып-келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді.Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде дене тәрбиесі, көркем еңбек, музыка пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды. 
Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым-қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.

Мектеп директоры: Киынбаева Б.С.


Сынып жетекшісі: Мадиева Н.Д.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет