Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Мәдениет Маңғыстау облысы әкімдігінің

министрлігімен 2011 жылы 2011 жылғы ____ желтоқсандағы

13 желтоқсандағы № 03-02/96 №_____ қаулысына

КЕЛІСІЛДІ қосымша


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 486 қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Ақтау қаласы

2011 жыл
Мазмұны


  1. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» ММ-нің миссиясы мен пайымдауы




  1. Ағымдағы ахуалды талдау және облыстың мәдениет саласының даму тенденциясы




  1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер. Мақсатты индикаторлар. Шаралар және нәтижелер көрсеткіштері.




  1. Функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы.




  1. Ведомствоаралық қарым-қатынас.




  1. Тәуекелдерді басқару




  1. Бюджеттік бағдарламалар



1 бөлім. Миссия және пайымдау
Миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсету
Пайымдауы – аймақтағы мәдениеттің сақталуын, дамуын, жаңаруын қамтамасыз ететін қазіргі жалпы ұлттық ақпараттық орта.
2 бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
Стратегиялық бағыт 1. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру
Облыс мәдениет саласы дамуының негізгі параметрлері.

Саланың инфрақұрылымы. Облысымызда барлығы 257 мәдениет мекемесі қызмет етеді. Олардың 141 мемлекеттік мекеме, оның ішінде 5 мұражай, 1 тарихи-мәдени қорық, 65 кітапхана, 36 клубтық мекеме, 2 театр, 1 концерттік ұйым, 1 кинотеатр, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, 1 "Отпан" тарихи-мәдени кешені, 28 халықтық ұжым. Облыста 449 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның 21 республикалық деңгейде.

2004 жылмен салыстырғанда облыстың мәдениет мекемелерінің желісі 10 бірлікке өсті. Ол тұрғындарды мәдениет саласына тарту мүмкіндігін кеңейтті. 2010 жылға барлығы 113 мәдениет мекемесі қызмет етеді, оның ішінде 5 мұражай, 1 тарихи-мәдени қорық, 65 кітапхана, 36 клубтық мкеме, 2 театр, 1 концерттік ұйым, 1 кинотеатр, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, 1 "Отпан" тарихи-мәдени кешені. Жалпы алғанда облыс бойынша соңғы 3 жыл ішінде 7 мәдениет нысаны салынып, іске қосылды, сонымен қатар облысымыздың мәдениет мекемелерінің 16 нысанында күрделі жөндеу жүргізілді.

2006 жылы құқықтық базаны жетілдіру аясында Маңғыстау облысының мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы, ал 2007 жылы 2007-2009 жылдарға арнлаған «Мәдени мұра» өңірлік салалық бағдарламасы, Маңғыстау облысы бойынша кітапханаларды дамытудың және жаңартдың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген болатын.

Қазіргі таңда облыс кітапханалаларында «Рабис» және облыстық мұражайда «Музеолог» бағдарламалары жұмыс жасайды.

2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 100-ден жоғары тарих және мәдениет ескерткіші алғашқы қорғау шараларымен (қоршау, қорғау тақталары, жол көрсеткіштері, қорғау аймақтарын абаттандыру және көгалдандыру) қамтылды, республикалық және жергілікті маңыздағы 22 ескерткіш ғылыми-қалпына келтіру шараларымен қамтамасыз етілді, бұл ансамбльдерде 160 ескерткіш қайта қалпына келтірілді, 381 нысанға ғылыми-қайта қалпына келтіру және тұмшалау жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамалар жасақталды, 8 археологиялық қазбалар, 18 ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Ғылыми зерттеулер нәтижесіндеәдебиет, музыка, тарих және этнография бойынша 21 жаңа басылымдар және 7 электронды басылымдар (дискілер) шығарылды, олардың ішінде – 14-і қазақша, 4уі- орыс тіліне аударылған, 11-і қазақ-орыс және ағылшын тілдерінде, фольклорлық ансамбльге, камералық, симфониялық оркестрлерге арналған халық музыкалық шығармаларының 12 партитурасы шығарылды, 5 жаңа стационарлық мұражайлық экспозициялар құрылды.

Мәдениет мекемелерінің қызметтері. 2010 жыл ішінде 412 спектакль қойылды, 210 концерт өткізілді, 245 киносеанс, 2106 мұражайлық экскурсия өткізілді, 87 тарихи-мәдени объектіге қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды.

Сонымен қатар 3047 мұражай жәдігерлері сатып алынды, 141855 бірлікке библиографиялық жазбалар электронды каталогқа енгізілді, 80 көрме, 138 лекция өткізілді, кітапханаларда 63 кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Облыс мәдениетін шетелдерде насихаттау. Соңғы бірнеше жылдар ішінде мәдениет Күндері аясындағы шаралармен Украинаға, Оңтүстік Кореяға гастрольдермен барып-келді.

Мәдениет қайраткерлерін қолдау. Мәдениет саласындағы талантты және келешегі бар қайраткерлерді ынталандыру және мадақтау механизмі енгізілді.

Мәдени шараларды өткізу. Каспий жағалауы елдері мен республика облыстары халқының ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында 2010 жылы «Біз – күн перзентіміз» халықаралық балалар фестивалі, халықтық жанрдың республикалық байқауы өткізілді.

Қаржыландыру. 2004-2011 жылдары мәдениет саласы жұмыс жасауы үшін бөлінген қаржы көлемі 4,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 2004 жылы – 0,2 млрд.теңге, 2005 жылы - 0,2 млрд.теңге, 2006 жылы - 0,4 млрд.теңге, 2007 жылы – 0,5 млрд.теңге, 2008 жылы – 0,8 млрд.теңге, 2009 жылы – 0,6 млрд.теңге, 2010 жылы - 1,0 млрд.теңге, 2011 жылы - 0,7 млрд.теңге.


Негізгі мәселелерді талдау.

Саланың ағымдағы және күтілетін мәселелері арасында мыналарды атап өткен жөн:

Біріншіден, тарихи-мәдени мұралардың насихатталуы мен дамуының, зерттелу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Екіншіден, облыс тұрғындарының мәдениет мекемелерінің қызметіне қолжетімділігінің тең еместігі - аймақта мәдениет мекемелері желісінің дамуының сай келмеуі.

Үшіншіден, нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегендігі, аудандардағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейде дамуы, мәдениет мекемелері мен мамандандырылған кадрладың тапшылығынан көрінетін мәдениет саласы инфрақұрылымының даму дәрежесінің төмендігі.

Аталған мәселелерге байланысты басқарма жүргізетін жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында басқарудың жаңаша тәсілі қажеттігін ерекше көрсетіп отыр.


Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау

Қолда бар мәдениет әлеуетінің оң беталысына қарамастан жаңаша даму мен жаңартуды қажет етеді. Мәдениет пен өнер ұйымдарының тек өз күш-жігерімен шешу мүмкін болмайтын мәселелері бар.

Осыған байланысты таяу жылдары басқарманың қызметіне бірқатар беталыстар септігін тигізбек.

Біріншіден, облыстың мәдени әлеуетін сақтау үшін жағдайлар жасау.

Екіншіден, мәдениет саласындағы инновация мен облыс мәдениетін дамыту және қолдау.

Үшіншіден, облыс тұрғындарының мәдени құндылықтарға қолжетімділігінің теңдей мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ұлттық бірдейлікті қалыптастыру, азаматтардың ақпараттық және мәдени қажеттілігін сапалы қанағаттандыру, мемлекеттік саясатты ақпараттық тиімді сүйемелдеу, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту міндеттері Маңғыстау облысының атқарушы органдарының жүйесіндегі идеологиялық ведомство ретіндегі мәдениет басқармасының мәртебесін айқындайды.

Осыған байланысты басқарманың қызметі алдағы уақытта мыналарға бағытталады:

Біріншіден, еліміз дамуының жаңа кезеңінде мәдениет саласында жаңа тәсілдерді әзірлеп жасауға ерекше назар аударуды талап етеді. Бірінші кезекте, облыс тұрғындарының әртүрлі жіктерін одан әрі тұрақты дамыту үшін, облыс тұрғындарының алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай ұғыну негізінде, облысты мекендейтін ұлыстарды топтастыру және ұлттық мәдениеттерін дамытуына және өзара байытылуына жәрдемдесу қажет.

Екіншіден, аймақтың экономикалық инфрақұрылымының дамуымен қатар елімізбен шет елдер алдында облыстың мәдени келбетін қалыптастыру.

Аталған бағыттар бірізді және жүйелі шешімді талап ететін мәдениет саласы дамуындағы бар мәселелерге тығыз байланыста қарастыруды қажет етеді.



3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

Мақсатты индикатор

(аяталу мерзімімен



(жету кезеңі)

Ақпарат көзі

Өлшем бірлік

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде




2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет