Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм дос-



Pdf көрінісі
бет64/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм дос-
тық. Аяу сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені ая-
ғанда бір мақсұт үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандық-
тан аямайды, тек сол нәрсе аяныш кѳрінсе, аяйды. Біз 
суға батып бара жатқан адамды кѳрсек, осыны құтқа-
рып, осыдан олжа алайын деген оймен емес, ешбір ой-
сыз, жанымызды ѳлімте байлап толқынға кіріп кетеміз. 
Яки біз ѳзінің тиісті, жолды жазасын тартып жатқан, 
яки тартайын деп тұрған бір жазалы адамды кѳрсек те, 
аяймыз. Қасірет, бейнет кѳрген адам неғұрлым бізге 
жақын болса, сонша терең аяймыз.


130
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуа-
нышына ортақтаса алмайды. Біреудің қуанышына ор-
тақтасу орнына адамда күншілдік пайда болады. Бұл 
жалпы адамдықтың бір тѳмен, ұнамсыз мінезі. Бір ға-
лым айтыпты: қайғыға ортақтасу үшін адам болу же-
теді. Қуанышқа ортақтасу үшін періште болу керек. 
Тәрбиеші балада осы мінезді де әлсіретуге ұмтылу
керек.
Достық сезімі адамда сол адамның жанына екінші 
бір адамның жаны барлық мінездермен үйлесетін 
болса, сонда болады, Аяғанда адам ойламай, аңдамай 
аяйды. Дос болғанда ойлап, аңдап дос болады. Екі дос 
бірге болса, араларында достық беки береді. Егер ай-
рылса, достық әлсірейді. Аяу сезімі адамда ерте баста-
лады: бір жасқа толмаған бала күлсең – күледі, жыла-
саң – жылайды. Ал еңді достық ақыл біраз орныққан 
соң болады.
Жеткен адамдардың баланы аяуы балаға ѳте қым-
бат. Баланы кім аяса, оған сол жақын. Ата-анасы ѳліп, 
жетім қалған баланы ең алғаш кім бауырына тартса, 
бала соған бауыр басып кетеді.
Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған 
кезде, онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын ба-
лалардың ішінен бала ѳзіне дос тауып алады. Достық 
сезімінің балаға кѳп пайдасы бар. Досының кѳңілін 
тауып үйреніп, бала ѳзімшілдік мінездерден аулақ бо-
лады. Ѳзінің дос баласының сѳзін бала үлкен адамның 
сѳзінен артық тыңдағыш келеді. Сондықтан тәрбиеші 
баланың достарының дұрыс балалар болуына қам қы-
луға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет