Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі150 Kb.
#13114
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.03.2015 12:10:55
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 Қаулысы

(2013.31.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1515 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



 

«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:



ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1515 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы pecми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1515 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 16 сәуірдегі

424 қаулысымен



бекітілген

 

 

Магистральдық теміржол желісін пайдалану
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



1) арнаулы пойыздар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған пойыздар;

2) график тармағы - пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;

3) диспетчерлік кесте - пойыздардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнаулы, қосалқы пойыздардың, жолаушы және жүк пойыздарының жедел қозғалыс жоспары;

4) жүк тасымалдаудың айлық жоспары - тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат;

5) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны) - уақыттың белгілі бір аралығында магистральдық теміржол желісінің қандай да бір бөлігінде пойыздар (пойыз жұбы) қозғалысының барынша жоғары мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі оның әлеуетті мүмкіндігі;

6) кезектен тыс пойыздар - қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары, қар тазартқыштар, вагонсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам), пойыздар қозғалысындағы кедергілерді жоюға, болжанбаған жұмыстарды орындауға және көлік құралдарын тиісінше көшіруге арналған пойыздар;

7) қосымша өтінімдер - пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан келіп түскен қосымша тасымалдауларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер;

8) қосалқы пойыздар - жолаушыларды отырғызу пункттеріне, техникалық станцияларға және тұрақтау пункттеріне бара жатқан жеке локомотивтер немесе локомотив топтары (топтамалары), жолаушы вагондарынан, дизель және электр секцияларынан тұратын пойыздар, сондай-ақ пойыздардың нақтыланған қозғалыс графигінде қозғалысы көзделмеген ұлттық инфрақұрылым операторының өз мұқтаждарына арналған пойыздар;

9) қосымша тасымалдар - пойыздар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген, магистральдық теміржол желісінің бос немесе белгіленген тәртіппен босатылған өткізу қабілеті есебінен жүзеге асыру мүмкін болатын қосымша қозғалыс тармақтарын бөлуді талап ететін тасымалдар;

10) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт - ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт;

11) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу - тасымалдаушылардың тасымалдарды жүзеге асыру үшін магистральдық теміржол желісі қызметтерін алу мүмкіндігі;

12) магистральдық теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілеті - магистральдық теміржол желісінің, жылжымалы құрамның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және түрлі санаттағы пойыздардың өткізілуін ескере отырып, пойыздардың қозғалуын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде магистральдық теміржол желісінің учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін пойыздардағы (пойыз жұптарындағы) қозғалыс мөлшері;

13) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігі (бұдан әрі - техникалық ерекшелік) - магистральдық теміржол желісі учаскелерінің және станцияларының техникалық сипаттамаларын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті, жүк пойыздарының қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты, магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің резервтелген үлестері, жөндеудің жоспарлы мерзімдері, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің еркін өткізу қабілеті туралы мәліметтерді, график тармақтарының жобаларын қамтитын ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған және бекіткен құжат;

14) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінім - магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік алу үшін тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына беретін құжат;

15) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлу - осы Қағидаларда белгіленген қағидаттардың негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын барлық тасымалдаушылар пойыздарының қозғалыс графигін қалыптастыру рәсімі;

16) магистральдық теміржол желісі учаскесінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменті - бөлек пункттер арасында жылдамдықтары және жүру уақыты жақын пойыздарды өткізу үшін бөлінген тәуліктің уақыт кезеңі;

17) магистральдық теміржол желісінің қызметтері - ұлттық инфрақұрылым операторы көрсететін, пойыздарды өткізу және қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдалануға байланысты қызметтер;

18) жедел жоспарлау - ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының 12 (он екі) сағаттық кезеңдерге бөліп, бір тәулікке арналған жұмыс жоспарын жасау процесі;

19) өткізу қабілетін беруге жедел сұрау салу - ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчері белгіленген тәртіппен тіркейтін, өткізу қабілетінің үлесін бөлу және диспетчерлік кесте шеңберінде арнаулы және қосалқы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру туралы тасымалдаушының уәкілетті өкілінің құжаты;

20) пойыздардың қозғалыс графигі - ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі учаскелерінде барлық санаттағы пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда пойыздардың жүруін график түрде көрсететін, пойыздар қозғалысының нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) графигі болып бөлінетін құжаты;

21) пойыздарды қалыптастыру жоспары - тасымалдаушылардың пойыздарды қалыптастыру жоспары жобаларының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, магистральдық теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын пойыздардың санаттары мен межелі бағыттарын белгілейтін құжат;

22) пойыздардың қозғалыс кестесі - пойыздар қозғалысы графигінің негізінде белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша пойыздар қозғалысы туралы ақпараты қамтитын құжат;

23) пойыздардың нақтыланған қозғалыс графигі - қосымша тасымалдарды, сондай-ақ график тармақтары уақытының нақтылануын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімде көрсетілген тасымалдау көлемдерінің түзетулері негізінде белгілі бір күнтізбелік айға нақтыланған пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің нұсқасы;

24) пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспары - ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушы жасаған және жөнелтілетін пойыздар, пойыздар қозғалысының жиынтық кестесіне сәйкес локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысуы туралы ақпаратты, сондай-ақ кестеде көзделмеген пойыздарды өткізуге арналған өтінімді қамтитын құжат;

25) пойыздар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары - жоспарланып отырған тәулікте пойыздар қозғалысын диспетчерлік реттеу және ұйымдастыру үшін тасымалдаушылардың пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспарлары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған құжат;

26) тасымалдарды айлық жоспарлау - магистральдық теміржол қызметтерін көрсетуге жасалған шарт шеңберінде тасымалдаушының жүк, вагон және пойыз ағындарын және тасымалдарды ұйымдастыру үшін станцияларда вагондарды өңдеу көлемдерін айлық модельдеу (болжау) процесі;

27) тасымалдардың жиынтық айлық жоспары - тасымалдаушылар мәлімдеген айлық жүк тасымалдау жоспарларының негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және қатысы бар теміржол әкімшіліктерімен келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;

28) тасымалды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндігі - магистральдық теміржолдардың және бөлек пункттердің пойыздардың қауіпсіз қозғалысын, кедергісіз өткізуді, қабылдауды, өндеуді және жөнелтуді жүзеге асыру жөніндегі қабілеті;

29) тасымалдаушының техникалық жоспары - тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға оның пайдалану жұмысының техникалық нормаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы түйісулер бойынша пойыздар мен вагондарды қабылдаудың/тапсырудың нормативті көлемдерін көрсететін құжат;

30) техникалық жоспар - тасымалдардың жиынтық жоспары, тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі ақпаратының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;

31) тасымалдарды жоспарлау - қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) магистральдық теміржол желісі объектілерінде (учаскелер мен станцияларда) тасымалдар жоспарын әзірлеу;

32) диспетчерлік реттеу - нақты уақыт режимінде тасымалдау процесі операцияларын басқару және мониторингілеу процесі;

33) тасымалдаушының пойыздарды қалыптастыру жоспарының жобасы - пойыздарды қалыптастыру тәртібі мен санаттарын, қалыптастыру, өңдеу, тарату станцияларын айқындатын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген қағидаттар мен талаптар негізінде жүк түріне қарай тасымалдаушылар үшін нарықтық тұрғыда қолайлы жеткізу мерзімдерін қамтамасыз ететін вагон ағындарын пойыздарға ұйымдастыру жоспарының жобасы;

34) тасымалдаушының пойыздар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы - магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша станциялар бойынша пойыздарды жөнелту, технологиялық тоқтап тұру, келу уақытын көрсететін кесте және график нысанында тасымалдаушы жасаған құжат;

35) штаттан тыс жағдай - магистральдық теміржол желісі объектілеріндегі ақаулықтар нәтижесінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін не пойыздарды өткізу үшін кедергі келтіретін мән-жай;

36) Магистральдық теміржол желісінің қызметін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекітілген Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт.



Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мағыналарда қолданылады.

3. Магистралдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу үшін тасымалдаушы инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш (өтінім) жібереді.

4. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісі қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімін ұлттық инфрақұрылым операторы мәлімдеген көлемдерге не басқа да жағдайларға қарамастан, тең жағдайда қабылдайды.

5. Тасымалдаушының осы Қағидаларда белгіленген шарттарды сақтауы шарт жасасу үшін негіз болып табылады.



Шарт жасаспай магистральдық теміржол желісін пайдалануға жол берілмейді.

6. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісінің көрсеткен қызметтері үшін ақы төлеуі табиғи монополияларды реттеу салаларында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.



 

 

2. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру тәртібі



 

7. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысымен бекітілген Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тең қол жеткізу шарттарына сәйкес:



1) онда пойыздар қозғалысын ұйымдастыру үшін магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін;

2) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің болуын және оны пайдалану бойынша тасымалдаушылар ұсыныстарын және магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлуін;

3) жүк пойыздарын қалыптастыру жоспарын және пойыздар қозғалысы графигін;

4) магистральдық теміржол желісінің шектеулі өткізу қабілеті жағдайында, нормативтік графикке сәйкес тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру кезектілігінің сақталуын;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол тасымалдарын жүзеге асыруға кедергі болатын тыйым салулар мен шектеулердің болмауын негізге ала отырып беріледі.

8. Тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қолжетімділік берудің кезектілігі мынадай белгілерден анықталады:



1) пойыз санаттары;

2) пойыздардың санаты бірдей болған кезде мыналарға:

тасымалдау көлемдері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарттардың (кемінде 5 жылдық мерзімге) болуына;

өткізу қабілетін тасымалдаушының пайдалану қарқындылығына;

қолданыстағы шарттың бар болуына не мерзімін ұзартуына байланысты;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бірдей болған кезде, өтінішті беру мерзімі.

9. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын беру тәртібіне мына кезеңдер кіреді:



1) ұлттық инфрақұрылым операторының техникалық ерекшелікті әзірлеуі және жариялауы;

2) тасымалдаушының магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын алуға арналған өтінімді беруі;

3) Ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімдікті алуға арналған өтінімді қарауы;

4) пойыздар қозғалысының графигін және пойыздар қозғалысы кестесін бекіту;

5) осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасу.

10. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес графиктің белгілі бір тармағы бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік, ұзақ мерзімді шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, тасымалдаушыларға пойыздар қозғалысы кестесі қолданысының бір мерзімінен аспайтын мерзімге (1 жыл) беріледі.

11. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

 

 

3. Магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық


ерекшелігі

 

12. Ұлттық инфрақұрылым операторы жыл сайын, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күнге дейін кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей техникалық ерекшелікті бекітеді және жариялайды.

Техникалық ерекшелікті жариялау ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-сайты арқылы жүргізіледі.

Тасымалдаушы интернет-ресурста тіркелу арқылы техникалық ерекшелікке қол жеткізеді.

13. Магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін оңтайландыру және ұтымды пайдалану мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы техникалық ерекшелікте магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілетін олар бойынша жүру уақытын техникалық ерекшелікте саралай отырып, магистральдық теміржол желісінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменттеріне бөледі.

14. Техникалық ерекшелікте:

1) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің ұзындығын және тартым түрін, пойыздар құрамдарының салмағы мен ұзындығының нормаларын, түрлі санаттағы пойыздардың қозғалыс жылдамдықтарын көрсете отырып, пойыздар қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті магистральдық теміржол желісі учаскелері мен станциялардың техникалық сипаттамалары;

2) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменттері;

3) халықаралық жолаушылар қатынасы үшін график тармақтарының жобалары;

4) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шешімінде айқындалған әрбір мемлекетаралық түйісу пункті бойынша жүк пойыздарын қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты;

5) магистральдық теміржол желісі өткізу қабілетінің ұлттық инфрақұрылым операторының өз технологиялық (шаруашылық) қажеттіліктері үшін резервтелген үлестері;

6) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес резервтелген үлестері;

7) магистральдық теміржол желісі объектілерін учаскелер бойынша жөндеудің жоспарлы мерзімдері;

8) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тасымалдарды орындау үшін ұлттық жолаушылар тасымалдаушы мен ұлттық жүк тасымалдаушыға қажетті магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілетін қоспағанда, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің бос өткізу қабілеті көрсетіледі.



9) магистральдық теміржол желісі учаскелері бойынша тасымалдарды жоспарлауға және пойыздар қозғалысын ұйымдастыруға арналған өзге де мәліметтер мен шарттар көрсетіледі.

 

 

4. Тасымалдаушылардың пойыздарды қалыптастыру жоспарларының,


пойыздар қозғалысының кестелері мен графиктерінің жобаларын

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет