Магистратураға «6М051000 – мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түсушілерге «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару»



жүктеу 167.92 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі167.92 Kb.
Магистратураға «6М051000 – МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ»

мамандығы бойынша оқуға түсушілерге
«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына магистратураға түсуге емтихан бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты негізінде «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына магистр дайындау деңгейіне және мазмұнына шағындалған талап қоюмен дайындалды.

Бағдарлама «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бакалавриат біліктілігі деңгейінің магистрлік бағдарламам пәндерін меңгеру үшін талапқа сайлығы мен қажеттілігіне байланысты дайындалды. Емтихан тапсыру барысында, оқуға түсуші магистратурада білім алуға дайын екендігін көрсетіп, басқару іс-қызметіне дайындығы, талдау жасау қабілеті мен өзінің ғылыми мүмкіндігі болуы қажет.

Бағдарлама оқу жоспары шеңберінде іргелі негізгі басты экономикалық және басқару пәндерін студенттердің меңгеруін, сонымен қатар осы білімді және негізгі әдістерді басқарудың теориялық және қолданбалы талаптарын шешуде қолдануға шеберлігі, іскерлігі болуы қажет.

Магистратураға түсуші жалпы және салыстырмалы басқаруға (бакалавр деңгейіне сәйес болатын) қажетті, білім, іскерлік, дағды көлемін игеруі қажет.

Қазақстандағы терең, ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер, аймақтардың құқығы мен жауапкершіліктің ұлғайып артуына әкелді. Үкімет экономикалық қайта құрудың орталықта жергілікті жерге ауысқандығы туралы ресми түрде жариалады. Өткізіліп отырған реформаның маңызды факторларының бірі жете білікті мамандық дайындау. Сондықтан бұл жағдайда өзекті мәселе жергілікті менеджмент пен аймақты басқару мәселелерінен жеткілікті деңгейде дайындалған маман шығару.

Бағдарламаны оқып дайындалу барысында магистранттар мемлекеттік және аймақтық басқарудың теориялық және методологиялық негізін территориялық салалық басқарудың ерекшеліктерін, ҚР жергілікті және атқарудың жекешелерінің іс-қызметтерінің құрылымдық және ұйымдастырушылық формалары, қазіргі кезеңдегі мемлекеттің салалық және аймақтық саясатының ерекшеліктері, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдердің территориялық салалық даму тәжірибелерімен танысу, меңгеру қажет. Осыдан басқа білім беру бағдарламасын дайындалып оқушы аймақтық экономика дамуын талдау мен болжау дағдысын, әрбір аймақтың ерекшелігін ескере отырып әр түрлі проблемаларын шешу әдістерін үйренуі қажет.

Қабылдау емтиханы мақсаты халықаралық қатынастар факультеті студентінің болашақ кәсіби іс – қызметінің теориялық базасының қалыптасу базасы дәрежесін бақылау; мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарының, халықаралық саяси, экономикалық, ғылыми, қоғамдық, өмірдің өзара байланысын қамтамасыз етуді міндеттерді көздейді.

Мамандық бойынша түсуге емтихан мына пәндер бойынша өткізіледі:



  1. Мемлекеттік басқару теориясы;

  2. Аймақтық экономика және басқару;

  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Әрбір билет екі тапсырмадан тұрады:

  1. Теориялық сұрақтар

  2. Типтік есептер.

Емтихан билет бойынша қабылданады. Сұрақтар теориялық білім негізінде жасалынған. Сұрақтар негізінен ғылыми, теориялық және тәжірибелік мәселелерді қамтиды. Теориялық бөлімдегі сұрақтар 30, ал мына мағынада берілген:

1 тақырып. Мемлекеттің маңызды сипаттамалары.

Мемлекетті басқару тиімділігі. Бағалау мәні және белгілері. Мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау әдістері. Мемлекеттік басқару теориясы және оның тарихи өрістеп дамуы. Жергілікті өзін-өзі басқару үлгілері. ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңы. Мемлекеттік басқару теориясы әдістері. Құрылымдық – функционалды, институционалды, бет бұрысты, салыстырмалы, тарихи және басқа әдістер. Мемлекеттік басқару реформасының тиімділігінің құрылымды көрсеткіштері. Мемлекеттік басқару көрсеткіштері.



2 тақырып. Мемлекеттік сектордың дамуының тарихи ағымының теориялық үлгілері

Мемлекеттік сектордың Батыс Еуропалық, Солтүстік Америкалық, Шығыс Азиялық үлгілері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару құрылымын әрдайым жетілдіру әдістемесінің объективті (шынайы) қажеттігі және оның заңды ұйымдастырушылық аспектілері (өзгерістері) Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқаруды орталық және жергілікті мәселелері жүйесі және олардың функционалды міндеттері.



3 тақырып. Мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық негізі.

Өтпелі экономикада кәсіпкерлік қалыптасуы жағыдайы. Мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі. Қазақстан мемлекеттік – жеке серіктестік «Үкімет – Бизнес( қатынастарын реттеу. Теориялық және институционалды негізі. Жоба – менеджмент мәні және принциптері. Монополияға қарсы реттеу. Әлеуметтік қатынастар сферасын мемлекеттік реттеу.



4 тақырып. Әлеуметтік қатынастар сферасындағы мемлекеттік реттеу.

Салықтық реттеу экономикалық саясаттың құралы ретінде. Салықтың рөлі және салық саясаты қалыптасуының принциптері. Ақша, несие саясаты мемлекеттік реттеу. ҚР Ұлттық банкінің рөлі. Халықты әлеуметтік қорғаудағы кәсіподақтың рөлі. Проблемалары және болашағы.



5 тақырып. Қор сақтау шеңберінде мемлекеттік саясат.

Валюта қаржылық саясаты мемлекеттік реттеу. Қаржы институттарының рөлі. Проблемалары және болашағы. Инновациялық бағдарламаны және жобаларды жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу. Құнды қағаздарды мемлекеттік реттеу. Проблемалары және болашағы ҚР сақтандыру нарығының дамуын мемлекеттік реттеу. ҚР білім беру жүйесін мемлекеттік реттеу.

2 Типтік есептер.

Көші-қон ағымының интенсивті коэффициенті. ЖІӨ анықтамасы, ЖІӨ өсуі мен өсу қарқыны елдегі халықтық хал ауқатын арттыру үшін экономикалық өсімді анықтау, инфляция қарқыны, еңбекке қабылетті халық мәселелеріне қатысты міндеттерді шешу үшін.

Өзінің жауабында магистрант арнаулы құрастырылған міндеттерді аныықтап көрсетуі қажет: Анықтап айтып мәселесін білу; сұрақ материалдарын және мән мағыналық жағдайын анықтап және ашып айту, ақпараттың (қоғамдық саяси, ғылыми текстер). Магистрант сұрақтың мәнін толығымен ашып көрсету, оқыған материалын анық ашып көрсету, меңгерген дағдыларын есепті жолымен шығарып көрсету.
«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына бойынша оқуға түсу емтиханына дайындалуға арналған сұрақтар.
Теориялық сұрақтар.

МБТ


  1. Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының табиғаты.

  2. Мемлекеттік басқару тиімділігі. Бағалаудың мәні мен белгілері.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау әдістері. БҰҰ әдісі бойынша бағалаудың

  1. тобы.

  2. Мемлекеттік басқару теориясы және оның тарихи аспектідегі эволюциясы (дамуы

тенденциясы).

  1. Жергілікті өзін - өзі басқарудың үш моделі. ҚР – дағы жергілікті өзін – өзі басқару туралы заң.

  2. Экономиканы өсірудің әсерлі көзқарасы және территориялық дамудың стратегиясы.

  3. Питерим Сарокиннің әлеуметтік стратифакция теориясы және оның қазіргі үлгісі.

  4. ҚР мемлекеттік қызмет орындарының жаңа үлгілерінің тұжырымдамасы

(концепциясы).

  1. М.Вебер еңбектеріндегі мемлекеттік бюрократияны жүйелендіріп талданылуы.

  2. Классикалық мектеп пен адами қатынастар мектептерінің еңбектеріндегі мемлекеттік басқару теориясы.

  3. ҚР – да мемлекеттік қызметкерлер еңбегінің тиімділігін бағалау жүйесі.

Бағалау әдістері мен тәсілдері.

  1. Мемлекеттің басқару технологиясы, формалары және мәні.

  2. Мемлекеттің тарихи қалыптасуы және дамуы. Формациялық және өркениетті тәсіл.

  3. Мемлекеттің пайда болу теориясы және қазіргі кезеңдегі ағымы.

  4. Мемлекеттік басқару оның мәні. Ел тану, саясат тану, экономикалық және мәдениет тану және т.б. тәсілдері.

  5. Институционалды теория. Бастапқы қалыптасу көздері және мәні.

  6. Мемлекеттік басқару теориясы әдістері: құрылымдық-қызметтік, институционалды, салыстырмалы, тарихи және т.б. әдістер.

  7. Мемлекеттік басқару реформалары тиімділігінің интегралды (топтастырылған) көрсеткіштері. Мемлекеттік басқару көрсеткіші (GRICS).

  8. Ғылыми-техникалық саясат. ҒТП шеңберінде мемлекеттік билік мекемелерінің міндеттері.

  9. Біріктірілген әлеуметтік жауапкершілік үлгілері.

  10. Сыртқы қарыз. Қарызды мемлекеттік реттеу және қалыптастыру.Аймақтық экономикадағы әлеуметтік және экономикалық теория.

  11. Аймақтық экономикадағы әлеуметтік және экономикалық теориясы.

  12. Аймақтар типологиясы және олардың құрылымдарын қалыптастыру.

  13. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау. Мәні және көрсеткіштері.

  14. Әлеуметтік-экономикалық статистика. Көрсеткіштер жүйесі.

  15. Адами даму индексі (АДИ) және анықтау әдісі.

  16. Мемлекеттік менеджмент теориясы және оның бағыттары, «институционалды теория». Қайнар көзі және мәні.

  17. Қоғамды әлеуметтік жағынан жаңғырту және ел танудағы бағыттары.

  18. Мемлекеттік басқару типологиясы, құрылымы және түрлілігі.

  19. Саяси менеджмент мемлекеттік басқару элементі ретінде.


Экономиканы мемлекеттік реттеу. Аймақтық экономикан және басқару.


  1. Экономикада мемлекеттік және жеке секторлардың өзара іс әрекеттерінің үлгісі.

  2. Мемлекеттік секторды дамытудың тарихи тенденциясының теориялық үлгілері

  3. Мемлекеттік сектордың Батыс Еуропалық, Солтүстік Америкалық, Шығыс Азиялық үлгілері.

  4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясын тұрақты жетілдірудің обьективті қажеттілігі және оның заң шығарушы ұйымдастырушы аспектілері.

  5. Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдар жүйесі, олардың қызметтік міндеттері.

  6. Агроөнеркәсіп секторын мемлекеттік реттеу. Негізгі бағыттары мен әдістері.

  7. Өтпелі экономика кезеңіндегі кәсіпкерліктің қалыптасу жағдайы.

  8. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің белгілері.

  9. Мемлекеттің табиғатты қорғауды реттеу саясаты. Негізгі бағыттары мен әдістері.

  10. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу. Негізгі бағыттары мен әдістері.

  11. Мемлекеттік секторының құрамы, экономикалық параметрлері және өлшемдері.

  12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі.

  13. ҚР мемлекеттік сектор құрылымы. Құрамдас элементтері мен формалары.

  14. Мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық – құқықтық негізі.

  15. Қазақстандағы мемлекеттік - жеке серіктестік: жүзеге асыру механизмі және қағидалары.

  16. «Үкімет – Бизнес» өзара байланысын реттеу. Теориялық және институционалды негізі.

17.Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері. Негізгі объектілер мен субъектілер.

18. Монополияға қарсы реттеу: мақсаты және міндеттері.

19.Әлеуметтік қатынастар сферасындағы мемлекеттік реттеу.


  1. Салықтық реттеу экономикалық саясатының құралы ретінде.

  2. Салық рөлі және салық саясатының қалыптасу принциптері.

  3. Ақша-несие саясатын мемлекеттік реттеу. ҚР Ұлттық банкісінің рөлі.

  4. Кәсіподақтың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі. Проблемалары, болашағы.

  5. Үдемелі Индустриалды - Инновацициялық даму бағдарламасының мысалында мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік аспаптары.

  6. Ресурсқорлары шеңберіндегі мемлекеттік саясат. Проблемалары және болашағы.

  7. Валюта-қаржылық саясатты мемлекеттік реттеу. Қаржы институттарының рөлі.

  8. Инновациялық бағдарламаны және жобаларды жүзеге асыру шеңберін мемлекеттік реттеу.

  9. ҚР – дағы мемлекеттік қызмет туралы заң және мемлекеттік қызметтерді жіктеу.

  10. Аймақтың дамуы шеңберін мемлекеттік реттеу.

  11. Аймақтық экономика теориясы және оларды трансформациялау (өзгерісі).

Типтік тапсырмалар

1. Республикалық биліктің президенттік, парламенттік және аралас формаларының салыстырмалы сипаттамаларын жасаңыз.

2. Неліктен 20 ғасырдың соңында бірнеше елдердің үкіметтері экономиканы мемлекеттік реттеуде экономикалық ойлаудың түрлі бағыттағы идеялар синтезін қолданды? Мән мағынасын дәлелдейтін мысал келтіріңіз. Мемлекеттік реттеу ролінің дәлме-дәл ұғымын түсіну үшін қазіргі қандай экономикалық жүйенің даму заңдылығын есепке алу қажет?

3. N – еліне 500 мың адам келіп, осы мерзiмде сыртқа 400 мың адам кетті делік. Ендігі жылғы бұл көрсеткіштер 560 мың адам, 550 мың адамды құрады. Жылдық орта мөлшердегi халық саны бұл жылдары 25 000 мың адамды құрады. . Миграцияның қарқынының ортақ коэффициентiн және миграцияның динамикасын есептеңіз. Экономикалық дамуға миграция процесстерiнiң ықпалын түсiндiріңіз?

4. N-республикасына - 100 мың адам келіп, осы мерзiмде 85 мың адам кеттi. Жылдық орта мөлшердегi халық саны 15 000 мың адамды құрады. Миграциялы айналымды қарқынның коэффициентiн есептеңіз және бұл коэффициенттiң мәнiн түсіндіріңіз?

5. Технологиялық өрлеудiң нәтижелерінің бiрi тауарлар және қызметтердiң пайдалылықтарының өзгерiсi болып табылады. Сонымен қатар қажеттiктердiң құрылымы және олардың ортақ шамасы өзгередi. Парето критерийін мұндай жағдайда қалай бағалау керек?

6. ЖІӨ қорытынды пайдалануда әдістерімен анықтау. Бастапқы мәлiметтер (млрд.ө.б.)

Негізгі бағалар бойынша өнімді шығым көлемі 7748,0

Аралық тұтыну 3612,1

Импортқа және өнімге салықтыры 542,2

Импортқа және өнімге субсидиялары 132,6

Түпкi тұтынуға шығындар 3209,8

Жалпы қорлану 704.3

Тауар және қызмет экспорты 2021,3

Тауар және қызмет импорты 1257,3

Тапсырма:

1. Тауарлар және қызметтердiң есебiн құрау

2. ЖІӨ қорытынды пайдалануда әдістерімен анықтау

7. Төрт-жыл арағындағы динамикасымен гипотетикалық ЖІӨ-нің өсудің көлемін және қарқындылықтың көрсеткіштерін есептеңіз. Ескерту: әр жыл алдындағы есептеуде базистік болып саналады. Көрсеткіштері:

1-ші жыл 2-ші жыл 3-ші жыл 4-ші жыл

Номиналды ЖІӨ ВВП, млрд ш... 500 622 600 880

Бағалар Индексі 1,2 1,3 0,9 1,4

Анықтаңдар: Нақты ЖІӨ млрд. ө.б., ЖІӨ номиналды (сандық) өсу деңгейн, ЖІӨ нақты өсу деңгейін; ЖІӨ номиналды орын өсу деңгейін, ЖІӨ нақты артып өсу деңгейін.

8. Мемлекетте нақты ЖІӨ 300 млрд. ө.б жетті, ал бір жылдан кейін 309 млрд. ө.б. өсті. Тұрғындардың саны осы кезде 4% кобейді. Экономикалық өсу типті анықтаңыз және осы мелекеттегі халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жеткілікті ме? Ескерту: ЖІӨ-нің құрылымы тұрақты деп санаймыз.

9. Егерде ЖҰӨ-нің өсу қарқыны бір жылда 3,8% болса, капиталдың өсу қарқыны — 3%, жұмыс істейтіндердің саны өсу қарқыны — 1,5%. Ал еңбектің және капиталдың үлестері 0,75 и 0,25 тен болғаны. «Техникалық прогресс» аталатын фактордың өсу қарқынын анықтаңыз.

10. Гипотетикалық экономикада номиналды ЖІӨ 750 млрд. долл. құрайды.,

жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 5 %, жұмыссыздықтың нақты деңгейі – 9 %.

А. Құндылық өлшемі бойынша осы мемлкекетте қандай өнімнің көлемі алынбаған? Осы ЖІӨ артта қалу себептері неде? Б. ЖІӨ потенциалды мөлшері қандай болу керек? Осы көрсеткіш нені сипаттайды?

11. Елдің экономикасы келесі мәліметтерімен сипатталады:

Нақты табыс (У) = 4000 дол.

Шектi тұтынуға әуестену (МРС) = 0,8

Тепе-теңдiк табыс (У*) = 4200 дол.

А) Үкімет шығыны қалай өзгереді (тең жағдайда) экономика тең жағдайға жетуі үшін (У*= 4200 дол.)

Б) Немесе салықтық жалпы көлемі қалай өзгереді (тең жағдайда) экономика тең жағдайға жетуі үшін.

12. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және мүмкіндігі неге байланысты? Нарықтың әдеттегі кемшіліктері қандай?

13. Әлемдік экономикада жаһандық жағдайдағы мемлекеттің экономикалық дамуына ТҰК-тың ролі және әсер етуі. ТҰК-дың іс-әрекетін мемлкететтік реттеудің тікелей және жаңама әдістерін қолдана отырып қандай жолмен реттеуге болады?

14. Мемлекеттің ҒТП-ке әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизмінің әсері қандай?

15. Бюджеттiк тапшылықтың қай түрі фискалды саладағы үкiметтiң қызметiне тiкелей

тәуелдi болады: құрылымдық тапшылық па, әлде циклдiк тапшылық па?

16. Ресурстар мен қоғамдық игіліктерді (ұлттық қорғаныс, iргелi ғылым, бiлiм, денсаулық сақтау тағы сол сияқтылар) қайта бөлуді реттеу өтпелі экономикада инфляцияның жоғары дәрежеде болуы күрделенеді. Белгiлi жай, жоғары инфляциядан, бюджеттiк салалардың қызметкерлерi салыстырмалы алғанда тұрақты номиналды табыстар бар тұлғалар бәрiнен артық зардап тартады. Осы анықтамаларға түсiнiк берiңiз және мысал келтiрiңiз.

17. Нарыққа өту кезеңін бастаған елдерде күрделі экологиялық проблемалар болады. Оны шешу үшін зиянды қалдықтарды тастауға қатал шектеу қою керек. Экологиялық зиянды қалдық шығарушы өндірістерге салықты көтеру керек. Бірақ өндірушілер қауіпті жоюға өзінің технологияларын жетілдіруге дайын емес. Осы мәселені талдап және осыған қатысты мысалдар келтіріп негіздеңіз.

18. Жұмысшы мен оның отбасының күнделікті шығыны 20 ақша бірлігін құрайды. Бір апталық шығындары – 40 ақша бірлігіне тең, бір кварталдық шығыны – 400 ақша бірлігіне тең, жарты жылдық шығыны – 800 ақша бірлігі; бір жылдық шығыны – 4200 ақша бірлігіне тең. Жұмыс күшінің бір күндік құнын анықта?

19. Қоғамдық өндірістің тиімділігін есептеу: егер қызметін жылмен салыстырғанда жылда еңбек шығыны 5% өскен болса, еңбек өнімділігі 3% өскен болса, материалдық шығындардың үлесі 50% дейін, 48% азайған болса, ал материалдық ресурстар көлемі 10%- ға өскен болса.

20. Сiздiң ойыңызша мемлекеттік органдарда тұрақты кәсіби негізде лауазымды

өкілеттілігін жүзеге асыратын, саяси мемлекеттік қызметкерлер санатына

кірмейтін, саяси қызметтер мен мемлекеттік қызметшілер түсініктерінің арақатынасы қандай?

21. Мемлекеттің саяси қызметкері құрамына кірмейтін, мемлекеттік мекеменің тұрақты кәсіби негізінде қызмет атқаруы жағдайында, саяси қызмет орны мен мемлекет қызметкері түсініктерінің арақатынасы сіздің пікіріңізше қандай?

22. Қоғамдық өрлеу және әл-ауқат бұл барлығы пайдаланатын, бірақ тұрғындардың бiр бөлiгiнiң қызметiнiң нәтижесі. Яғни үлестiрiлудiң белгiлi қағидасы бұзылады. Парето критерийі де бұзылады ма?

23. Мемлекеттiк - әкiмшiлiк басқарудың теория мен тәжiрибесiн зерттегенде қандай ұғымдар Сiзге базалық, негізгі болып көрiнедi?

24. Ұйымдастырушылық жобалаудың процедурасына кіреді

1.: …………………………;

2.құрылатын ұйымның немесе бірлестігінің құқықтық формасын таңдау

3.ұйымдағы жұымыс топтарды құру; жобалаған жұмыс топтарды ұйымдағы басқару

деңгейі бойынша таратып үлестіру

4.………………………………………..;

5. өкiлеттiктi тарату және жауапкершiлiктi үлестiру;

6. ……………………………………………………………………

7. ұйымның имиджінің қалыптастыруы және дамуы

Ұйымдастыру жобалауының өткiзiлген кезеңдерiн толықтыру

25. Мемлекеттің ұлттық бағдарламасы: белсенді бағыттары стратегиясын жүзеге асыру негізгі ретінде. ҚР мемлекеттік бағдарламасы мысалдарымен бейнелеп көрсетіңіз және белсенді индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басты бағыттары қандай?

26. Бюджет саясатының қай тұжырымдамасы, сіздің ойыңызша, Қазақстанның қазіргі экономикасы үшін тиімді?

27. Облыс тұрғындарының еңбекке жарамды саны 2,7 млн. адам; жұмыс істейтін зейнеткерлер мен 16 жасқа толғандардың саны – 30 мың адам; жыл аралығында еңбекке жарамды тұрғындар құрамында өзгерістер болды: 456 мың адам жұмысқа жарамды жасқа толды, басқа аймақтардан 43 мың адам келді, жұмысқа 45 мың зейнеткерлер тартылды; 4,8 мың адам зейнеткерлік жасына шықты және мүгедектер қатарына өттіі; 6 мың зейнеткерлер жұмысты тастады; 78 мың жұмысқа жарамды тұрғындар басқа аймақтарға көшіп кетті. Жыл басындағы және жыл соңындағы еңбек ресурсын анықтау қажет; еңбек ресурстарының жалпы, табиғи кезде механикалық өсімі қандай болды?

28. ЖІӨ қорытынды пайдалануда әдістерімен анықтау. Бастапқы мәлiметтер

(млрд.ө.б.)

Негізгі бағалар бойынша өнімді шығым көлемі 7748,0

Аралық тұтыну 3612,1

Импортқа және өнімге салықтыры 542,2

Импортқа және өнімге субсидиялары 132,6

Түпкi тұтынуға шығындар 3209,8

Жалпы қорлану 704.3

Тауар және қызмет экспорты 2021,3

Тауар және қызмет импорты 1257,3

Тапсырма:

1. Өндіріс есебiн құрау

2. ЖІӨ өндіріс әдісі бойынша есептеу.

29. N қаласында жыл басында 310 мың адам тұрған, оның ішінде 14 мың адам уақытша қалада болмаған. Уақытша 15 мың адам тұрған. Жыл арасында 6 мың сәби өмірге келді, ал уақытша тұрғындарда 0,2 мың сәби туды. Тұрақты тұрғындардан 2,5 мың адам өлді, уақытша тұрғындардан 0,1 мың адам өлді. Жыл бойы 4 мың адам сырттан келді және 1,5 мың адам басқа жаққа көшті. Уақытша кеткендердің 4,4 мыңы қайтты, тұрақты тұрғындардың жыл басындағы және соңындағы санын шығару керек.

30. Бөлiмнiң қызметкерлеінің орташа айлық еңбек ақысын есептеңіз, егер қызметкерлердiн орташа айлық еңбек ақысы мынандай болса: бөлiмше басшысы - 125 мың теңге, бас маман (2 маман) - 100 мың теңге, жетекшi маман(2 адам) -85 мың теңге, бөлiмнiң мамандары (6 адам).-70 мың теңге.





  1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

        1. Бабашкина А.М. Государственное регулирование национальной экономики. – М.: Финансы и статистика, 2004.

        2. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.

        3. Ведута Е.Н. Стратегия и экономическая политика государства: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект, 2003.

        4. Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник/Под ред. проф. В.И. Кушлина, проф. Л.А. Волгина. - М.: Экономика, 2000.

        5. Государственное регулирование экономики/Под ред. проф. Т.Г. Морозовей - М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2001.

        6. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. - Алматы: Экономика, 1998.

        7. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., Саханова А.Н. Планово – финансовые механизмы государственного регулирования экономики. – Алматы: Экономика, 1998.

        8. Торегожина М.Б. Государственное регулирование экономики. Курс лекций. – Алматы, 2007.

        9. Ходов Л.Г. Государственное регулирование национальной экономики: Учебник. – М.: Экономистъ, 2005.


Заңдылық актілер мен нормативтік құжаттар:

  1. Конституция РК. – Алматы, 1995. 30 августа.

  2. Стратегия индустриально – инновационного развития РК на 2003 – 2015 гг. – Астана, 2003 г.

  3. Основные направления денежно – кредитной политики Национального банка Республики Казахстан на 2005 – 2007 годы//Казахстанская правда, 2005.

  4. Закон РК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 г. №476-И.

  5. Закон РК «О безопасности и охране труда» от 28 февраля 2004 г. №528-II.

  6. Закон РК «О естественных монополиях» по состоянию на 1 апреля 2002 г.

  7. Закон РК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности»//Казахстанская правда, 2006. Июль.

  8. Закон РК «О недобросовестной конкуренции» от 9 июня 1998 г. №232 – 1 3 РК.

  9. Закон РК «О Банке развития Казахстана».

  10. Закон РК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республики Казахстан»// Казахстанская правда, 2004. 13 июля.

  11. Закон РК «Об инвестиционном фонде Казахстана»// Казахстанская правда, 2004.10 июля.

  12. Закон РК «О занятости населения» от 23 января 2001 г.

  13. Закон РК «О прожиточном минимуме» от 1 января 2000 г.

  14. Программа борьбы с бедностью и безработицей на 1996 – 1998 гг.

  15. Национальная программа разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993 – 1995 гг. (II этап). – Алматы, 1993.

  16. Государственная агропродовольственная программа Республики Казахстан на 2003 – 2005 гг. от 5 июня 2002 г. №889.

  17. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента народу Казахстана. – Астана, 2005. Февраль.

  18. Булатов А.С. Экономика. – М., 2000.

  19. Чепурин М.Н., Киселева Е.А. Курс экономической теории. – Киров, 2005.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет