Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0701 – Биотехнология Микроорганизмдердің биотехнологиясы



Дата23.06.2016
өлшемі130.91 Kb.
#154618
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша

емтихан сұрақтары
6M0701 – Биотехнология
Микроорганизмдердің биотехнологиясы


  1. Биотехнологияның ғылыми пән ретінде қарастырылуы. Биотехнология дамуының тарихи деректері. Биотехнологияның мақсаттары мен міндеттері және басқа ғылымдармен байланысы. Халық шаруашылығына биотехнологияның маңызды келешектері мен негізгі бағыттары.

  2. Микроорганизмдердің өнеркәсіптік штамдарын құру әдістері және олардың негізгі қасиеттерін сақтау мәселелері. «Популяциялық төзімділік (тұрақтылық)» және «автоселекция» туралы түсінік. Микроорганизм штамдарын сақтаудың негізгі әдістері.

  3. Биотехнологиялық үдерістер: олардың іске асырылу принциптері, жүйеленулері мен сатылары.

  4. Шикізаттар, қоректік орталар және оларды дайындау мен залалсыздандыру. Биоөндірістерде қолданылатын шикізаттар. Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталардың рецептерін құру.

  5. Себінді материалын алу. Бионысандарды өсіру (культивирлеу) әдістері. Беткейлік және тереңдік өсіру. Микроорганизмдерді кезеңдік және үздіксіз өсіру үдерістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  6. Өнеркәсіптік штамдарды өсіру шарттары және метаболиттердің синтезі. Микроорганимздердің біріншілік және екіншілік метаболиттері.

  7. Микробтық ақуыздарды өндіру. Адам мен ауыл шаруашылық жануарларының азығындағы ақуыздардың маңызы. Микроорганизмдер – ақуыз продуценттері. Ақуыз туралы түсінік. Ақуызды алудың микробиологиялық әдісі. микробтық биомассаны алуға арналған шикізаттар.

  8. Өсімдіктер мен жануарларды зиянкестерден қорғауға арналған микробиологиялық заттар және бактериялық тыңайтқыштар. Микробтық препараттарды алуда қолданылатын микроорганизмдер, энтомопатогендер. Нитрагин, ризотрофин препараттарын алу технологиясы.

  9. Органикалық қышқылдарды алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқылды бактерияларды өсіру шарттары және шикізаттары. Сірке қышқылын беткейлік, беткейлік циркуляциялық және тереңдік әдістермен өсіріп алу әдістері. Лимон қышқылын алу. Лимон қышқылдарының продуценттері, ферментация тәсілдері, негізгі шикізаттар. Сүт қышқылын алу.

  10. Спирттік ашытудың химизмі және тәжірибелік маңызы. Спирттік ашытудың қоздырғыштары. Спирттік ашытудың өнімдері. Этил спиртін алу технологиясының схемасы.

  11. Ацетонбутилді ашытудың екі фазалығы. Ацетон және бутил спирттерін алудың кезендік және батареялық тәсілдері, продуценттерді ферментациялау жағдайлары

  12. Амин қышқылдарының маңызы, оларды алу тәсілдері және қолдану аймағы. Амин қышқылдарының продуценттері. Лизинді алудың бір және екі сатылы өнеркәсіптік алу тәсілдері. Триптофан және глутамин қышқылдарын алу.

  13. Витаминдердің биологиялық рольі. Микробтық синтез жолымен алынатын витаминдер. B12, рибофлавин (В2), Д және С витаминдерінің химиялық құрылымы, продуценттері, функциясы мен синтез жағдайы. L-сорбозаны қалыптастыру барысындағы сірке қышқылды бактериялардың атқаратын рольі.

  14. Микроорганизмдердің телімді ферменттері. Ферменттердің продуценттері. Микробтық ферменттерді (амилаза, декстриназа, лактаза, инвертаза, пектиназа, липаза және т.б.) алу және оларды медицина және халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қолдану.

  15. Иммобилизденген ферменттер. Енгізгіштердің (носителей) түрлері және иммобилиздеу тәсілдері. Иммобилизденген ферменттер мен жасушлардың тәжірибеде қолданылуы.

  16. Вакциналардың типтері (классикалық және заманнауи) мен алу жолдары. Вакциналарға қойылатын негізгі талаптар. Вакциналарды өндіру технологиясының негізгі сатылары. Микроорганизмдердің бақылау штаммдары мен биопрепаратқа қойылатын талаптар.

  17. Стероидтық гормондарды (кортизонды, гидрокортизонды, преднизолонды, дексаметазонды және т.б.) өнеркәсіптік алу жолдарында микроорганизмдерді қолдану. Генетикалық өзгерген микроорганизмдер көмегімен өсу гармоның, соматостатинді, инсулинді және адам интерферонын алу.

  18. «Микроорганизмдердің өнеркәсіптік биотехнологиясы» пәнінің анықтамасы. Биотехнология бойынша арнайы ғылымдар жүйесіндегі пәннің орыны мен рольі. Пәннің мақсаттары мен міндеттері.

  19. Биотехнологиялық үдерістердің негізгі сатылары мен типтік схемалары. Биотехнологиялық өндірістің типтік схемалары туралы түсінік.

  20. Биомасса мен сұйықтықыты ажыратып алу. Биосинтез өнімдерін бөліп алу.

  21. Биотехнологиялық өндірістің блок-схемалары. Әр түрлі блок-схемалардың мысалдары және олар туралы түсінік.

  22. Ферментациялау үдерістері: негізгі сипаттамалары. Ферментациялау үдерістерін анықтау. Ферментациялау үдерістерінің жіктелуі.

  23. Кезендік ферментацияның негізгі параметрлері. Үдерістің кинетикалық сипаттамалары. Үдерістің макростехиометриялық сипаттамасы.

  24. Ферментациялау үдерістеріне арналған шикізаттардың маңызы. Микроорганизмдер биомассасының элементтік құрамы: Олар туралы негізгі түсінік.

  25. Ферментациялық орталарды оңтайландыру. Негізгі түсінік. Көп факторлы тәуелділікті зерттеудің дәстүрлік әдістері. Әр факторды жеке зерттеу.

  26. Ферментация үдерістерінің кинетикасының математикалық моделдері. Микроорганизмдер өсу жылдамдығының субстрат концентрациясына тәуелділігі.

  27. Микроорганизмдерді үздіксіз өсіру тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  28. Ферментациялау үдерістерін масштабтау. Масштабтық ауысу критериилері.

  29. Кезеңдік және жартылай кезеңдік ферментациялау үдерістерінің артықшылығы мен кемшілігі.

  30. Ферменттерді иммобилдеу туралы түсінік. Ферменттерді иммобилдеу әдістері.

  31. Центрифугалау және сепарациялау. Негізгі түсінік.

  32. Вирустарды өсіру биотехнологиясының ерекшеліктері.

  33. Ферментациялау үдерістері: негізгі сипаттамалары. Ферментациялау үдерістерін анықтау. Ферментациялау үдерістерінің жіктелуі.

  34. Кезендік ферментацияның негізгі параметрлері. Үдерістің кинетикалық сипаттамалары. Үдерістің макростехиометриялық сипаттамасы.

  35. Ферментациялау үдерістеріне арналған шикізаттардың маңызы. Микроорганизмдер биомассасының элементтік құрамы: Олар туралы негізгі түсінік.

  36. Ферментациялық орталарды оңтайландыру. Негізгі түсінік. Көп факторлы тәуелділікті зерттеудің дәстүрлік әдістері. Әр факторды жеке зерттеу.

  37. Ферментациялау үдерістерін масштабтау. Масштабтық ауысу критериилері.

  38. Кезеңдік және жартылай кезеңдік ферментациялау үдерістерінің артықшылығы мен кемшілігі.

  39. Ферменттерді иммобилдеу туралы түсінік. Ферменттерді иммобилдеу әдістері.

  40. Центрифугалау және сепарациялау. Негізгі түсінік.

  41. Вирустарды өсіру биотехнологиясының ерекшеліктері.

  42. Биотехнологиялық үдерістердің негізгі сатылары мен типтік схемалары. Биотехнологиялық өндірістің типтік схемалары туралы түсінік.

  43. Биомасса мен сұйықтықыты ажыратып алу. Биосинтез өнімдерін бөліп алу.

  44. Биотехнологиялық өндірістің блок-схемалары. Әр түрлі блок-схемалардың мысалдары және олар туралы түсінік.

  45. Микроорганизмдердің үздіксіз культивирлеу. Кезеңдік және жартылай кезеңдік өсіру жағдайындағы технологиялық режимдерді басқару.

  46. Биотехнологиялық өндірістерді әзірлеудің кезеңдері - ферментациялық үрдістерді масштабтау. Биокатализ және биотрансформация.

  47. Соңғы өнімдерді бөліп алу және тазалаудың экстракциялық әдістері. Беткейі өсінділерден экстракциялау. Микрофильтрация. Ультрафильтрация. Диализ. Тұзбен тұндыру. Сорбциялық тазалау. Органикалық еріткіштермен тазалау.

  48. 48.Биотехнологиялық өндірістердің объектісі болып табылатын микроорганизмдер. Микроб жасушаларындағы зат алмасу жылдамдығы мен өзіндік ерекшеліктері

  49. 49.Өсінді сұйықтығынан биомассаларды бөліп алу. Өнімдерді бөліп алудың заманауи әдістері. Қатты фазаны ажырату.

  50. Биореактордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Механикалық, пневматикалық, циркуляциялық айналдырғыштары бар аппараттар. Әмбебаптық газды-құйынды, зертханалық, пилотты, өнеркәсіптік ферментерлар. Техникалық параметрлері. Хемостат, турбидостат, оксистат.



«Өсімдік биотехнологиясы»


  1. Өсімдік биотехнологиясының қазіргі таңдағы жағдайы, жетістіктері және даму жолдары

  2. Биоқауіпсіздік. ГТО (ГМО) қатерлері (экологиялық, агротехникалық, тағамдық қауіптері). және оларды шектеу

  3. Өсімдіктерді вирустық инфекциядан сауықтыру әдістері. Термо- және хемотерапия. Апикальды меристемалар өсіндісі.

  4. Өсімдік жасушаларының тотипотенттілігі. In vitro жағдайында морфогенездің даму жолдары.

  5. Каллусты жасушаларды алу, өсіру және сипаттамасы. Каллус ұлпасының морфогенезі.Каллус ұлпасының морфогенезіне әсер етуші факторлар.

  6. Вируспен залалданған өсімдіктерді балау әдістері. Өсімдік ауруларын балау барысында иммунды ферменттік талдауды қолдану.

  7. Микрокөбейту әдістері және оның артықшылығы. Микрокөбейту әдістерінің іс-саналық жұмыстарда қолданылуы.

  8. Микроклоналды жолмен көбейтудің әдістері. Микроклоналды жолмен көбейтудің артықшылықтары.

  9. Прогамдық және постгамдық сәйкессіздік туралы түсінік және осы мәселелердің биотехнология әдістері арқылы шешілуі.

  10. Гаплоидтық технология туралы түсінік және әдістері. Андрогенез, гиногенез in vitro. Гаплоидтық технологияларды өсімдік селекциясында қолданудың маңызы. Гаплоидты технологияларын Казақстанда және Ресей елдерінде қолдану тәжірибесі.

  11. Өсімдіктердің жасуша инженериясын ауылшаруашылық өсімдіктерді жақсартуда қолдану. Протопласттарды оқшаулау және қосу әдістері. Соматикалық будандардың маңызы, мысалдар.

  12. Қазақстандағы өсімдік биотехнологиясының заманауи жағдайы және даму келешегі.

  13. Биотерроризм. ГТО (ГМО) биотеррористік қатерлері.

  14. Эпигенетикалық өзгергіштік және оны түсіндіретін механизмдер.

  15. Басқа организмге тасымалдауға арналған гендерді алу. Гендерді тасымалдауға арналған векторлар. Өсімдіктерге генді тасымалдау әдістері.

  16. Вирус және гербицидке төзімді трансген өсімдіктері. Bt- технологиясының маңызы.

  17. Сомаклоналды өзгергіштік, сомаклоналды варианттар. Сомаклоналды варианттарды селекциялық үрдісте қолдану.

  18. Генетикалық түрлендірілген ағза (ГТО) - өсімдіктер түрлері. Жәндіктер мен гербицидтерге төзімді трансгенді өсімдіктердің пайыздық ара қатынасы.

  19. Қазақстанда ГТО-ны қолдану және биоқауіпсіздігі бойынша гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы жоба.

  20. ФАО мәліметтері бойынша рекомбинантты ДНҚ технологиясы көмегімен алынған ауылшаруашылық дақылдары олардың егістік көлемі. Гендік тұрғыда өзгертілген өсімдіктердің әлемдік нарығы және қолдануға рұқсат берілген өсімдіктердің тізімі

  21. Абиотикалық және биотикалық қауіпті жағдайға регенерант-өсімдіктерін алуда қолданатын жасуша инженериясы әдістері. Әлемдік тәжірибе және Қазақстан республикасының ғалымдарының жетістіктері.

  22. Өсімдіктерді соматикалық будандастыру. Соматикалық будандарды талдау және оларды егістікте селекцияда қолдану.

  23. Микроклоналды жолмен көбейтудің әдістері. Микроклоналды жолмен көбейтудің артықшылықтары.

  24. Қолайсыз әрекеттерге және қартаюға төзімді трансгенді өсімдіктерді алу. Гүлдердің түсін, өсімдіктердің тағамдық құндылығын, жемістің дәмін және сыртқы көрінісін өзгертуде қолданылатын биоинженерлік тәсілдер. Биореакторлар ретіндегі өсімдіктер.

  25. Вируспен залалданған өсімдіктерді балау әдістері. Өсімдік ауруларын балау барысында иммунды ферменттік талдауды қолдану.

  26. Өсімдік ұлпалары мен жасушаларын өсіру тәсілдері. Өсімдік ұлпалары мен жасушаларын өсірудің беткейлік (каллусты тығыз қоректік ортада өсіру) және тереңдік (жасушаларды сұйық ортада өсіру) тәсілдері.

  27. Клондық микрокөбейту әдісімен өсімдіктерді сауықтыру және биотүрлілігін сақтау.

  28. Жасуша селекциясы – артықшылығы және кемшіліктері. Нақты мысал келтіру.

  29. Биоремидиация. Фиторемидиация.

  30. Фитогормондар туралы түсінік, жіктелуі және атқаратын қызметі. Ауксиндер, цитокининдер, гиббереллиндер, абсцизтік қышқыл, этилен, брассиностероидтар.

  31. Өсімдік ұлпаларымен және жасуша культураларымен жұмыс атқару барысындағы залалсыздандыру әдістері. Ыдыстарды, құрал-саймандарды, материалдарды және ламинар-боксты залалсыздандыру. Қоректік орталарды залалсыздандыру туралы түсінік: автоклавтау, салқын залалсыздандыру.

  32. Ксенобиотиктер мен қоршаған ортаны ластаушы заттардың биотрансформациясы. Өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы жарамсыз өнімдер мен қалдықтарды микробтық өндеу.

  33. Топырақтың қалыптасу үрдісі және топырақтың микробтық биоценоздарының қалыптасуы. Топырақтың микробтық ценозының дамуын анықтайтын орта факторлары.

  34. Экологиялық жағдай және биотехнологияда атқаратын рөлі. Экологиялық биотехнология пәні және оның міндеттері. Экология мен қоршаған ортаны қорғаудағы өзекті сұрақтар шешуге бағытталған биотехнологияның тәжірибелік жетістіктері және мәселелері.

  35. Ағынды суларды биотехнологиялық тазалау. Жер асты және жер үсті суларының ластану түрлері. Ағынды суларды тазалау әдістері. Ағыс жолдарын тазалаудың аэробтық жүйесі.

  36. Ағынды суларды тазалаудың анаэробтық әдістері. Қалдықтарды метандық ашыту. Қатты қалдықтарды жою.

  37. Биоремидиация. Фиторемидиация.

  38. Қазақстан Республикасының аймақтарында пестицидтерді көмген жерлердің жағдайы осыған байланысты мемлекеттік құжаттар

  39. Қазақстан Республикасында қабылданған «Өсімдік қорғау туралы» мемлекеттік құжаттар

  40. ТОЗ-ге байланысты Стокгольм конвенциясы және осы конвенцияға байланысты Қазақстан Республикасының халықтық жоспармен паспорты

  41. Биотехнология және молекулалық биология әдістерінің көмегімен алынған азық-түлікті және қоспаларды бақылау жұмыстары, заң құжаттары.

  42. Биосфераны қорғаудағы биотехнологияның ролі

  43. Топырақтың, судың және жанармай өнімінің биологиялық тазартылуы

  44. Целлюлозалы лигнинді және крахмал түзетін материалдар мен қалдықтардың биоконверсиясы.

  45. Селекция бағдарламасында гаплоидтарды қолдану

  46. Молекулалық биологияның орталық догмасы

  47. In vitro жағдайында қоздырылған андрогенез.

  48. Жасуша селекция әдістері

  49. Екінші метаболттер өнімінің тиімділігін жоғарлататын биотехнологиялар

  50. Оқшауланған протопласт өсіндісінің биотехнологиядағы маңызы


«Ветеринариялық және медициналық биотехнология»


  1. Биопрепараттардың қазіргі кездегі жіктелуі. Диагностикалық, емдік және алдын алуға арналаған биопрепараттар. Жаңа биопрепараттарды алудың келешегі.

  2. Өсімдік және жануарлар жасушалары мен ұлпаларымен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  3. Зертханалық жануарлар, жануар продуценттері.

  4. Инсулин: ашылу тарихы, биологиялық рольі, организмде синтездеу сатылары. Инсулинді алудың дәстүрлі әдістері. Инсулин биотехнологиясы.

  5. Интерферонның биологиялық рольі және сипаттамасы. Интерферонның организмдегі синтезі.

  6. Витаминдерді микробиологиялық синтез жолымен алу технологиясы. А және Д витаминдерін алу технологиясы.

  7. Стероидтарды алу технологиясы: өсу гормоны, преднизолон, гидрокортизон және басқада гормондар.

  8. Иммуногендердің және вакциналардың биотехнологиясы. Жалпы түсінік. Вакциналардың сапасына жалпы қойылатын талаптар.

  9. Иммунобиотехнология негіздері. Антиген-антидене реакциялары.

  10. Бүтін, толық және монокомпонетті антигендерді алу технологиясы.

  11. Гипериммунды қан сарысуын және иммуногобулиндерді алу технологиясы. Гамма-глобулиндерді алу әдістері.

  12. Моноклоналды антиденелерді алу технологиясы. Моноклональды антиденелерді алу сатылары мен сипаттамалары.

  13. Пробиотиктердің технологиясы.

  14. Табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктерді алу технологиясының ерекшеліктері.

  15. Анатоксиндер: түсінк, түрлері, емдік тәжірибедегі анатоксиндердің маңыздылығы. Анотоксиндерді алу технологиясы.

  16. Биопрепараттарға нормативтік техникалық құжат дайындау.

  17. Емдік заттармен, биологиялық жабдықтармен және құрал-жабдықтармен және биотехнология зертханаларында жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі

  18. Тірі аттенуирленген және өлтірілген вакциналарды алу технологиясы.

  19. Вирустарға қарсы қолданылатын вакциналарды өндірудің негізгі схемалары.

  20. Генндік – инженерлік, ДНҚ-лы, микрокапсулалы, және рекомбинантты вакциналарды алу технологиясы.

  21. Анатоксиндерді және бактериофагтарды дайындау технологиясы. Олардың медициналық және ветеринариялық тәжірбиеде қолданылуы.

  22. Емдік және диагностикалық гипериммунды қан сарысуларын алу технологиясы. Аллогенді сарысуды алу технологиясы.

  23. Жануарлар биотехнологиясы ғылым ретінде. Зерттеу нысаны мен объектісі. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

  24. Аналық малдардың репродуктивтік жүйесі. Аталық малдардың репродуктивтік аппараты. Аналықтардың жыныстық жүйесінің физиологиясы. Өндіруші-аталықтарды және аналық –донорларды іріктеу.

  25. Сүр қоректілерді ұрықтандыру. Сүт қоректілердің көбеюінің эндокриндік негіздері.

  26. Рецепиенттерді іріктеп алу. Аналықтарды іріктеу: аналық -донор және аналық-реципиент

  27. Аналық –донорларды суперовуляция туғызу. Қалыпты овуляции және суперовуляция деңгейі. Күйітті синхронизациялау. Аналық-донорларды ұрықтандыру. Эмбриондарды шайып алу.

  28. Суперовуляция жүргізілген донорлардан эмбриондардың шығымы. Эмбриондарды көшіріп қондыру.

  29. Гаметаларды in vivo жағдайында культивирлеу.

  30. Гаметаларды ұрықтандыру. Гаметаларды in vivo жағдайында культивирлеу.

  31. Гаметалар мен эмбриондардың сапасын бағалау. Гаметаларды in vitro жағдайында ұрықтандыру.

  32. Эмбриондарды культивирлеу. Мал шаруашылығындағы жасушалық талдау. Эмбриондарды көшіріп қондыру әдісімен егіздерді алу.

  33. Эмбриондарды криоконсервациялау. Эмбриондарды қатыруға дайындау.

  34. Криобиология негіздері. Криоконсервация. Эмбриондардың криоконсервациясы және витрификациясы.

  35. Трансгендік жануарлар. Жануарлар жасушасына бөгде ДНҚ еңгізу әдістері. Энуклеирленген аналық жұмыртқаға ядроларды тасымалдау. Соматикалық жасушадан энуклеирленген аналық жұмыртқаға ядроларды тасымалдау.

  36. Клондалған аналық жасуша. Клондалған жануарлар. Химералы жануарлар. Эксперименталды химераларды алу әдістері. Сүт қоректілердің эксперименталды химералары.

  37. Жануарлар биотехнологиясындағы гендік инженерия принциптері. Сүт қоректілердің жасушаларында экспрессияланатын гендерді құрастырудың негізгі принциптері.

  38. Биопрепараттардың техникалық және биологиялық бақылау. Биопрепараттар мен вакциналардың нормативті құжаттары.

  39. Эмбриондарды қатыру криопротекторлары. Терең қатыру криотехникасы. Эмбриондарды қатыру және жібіту режимдері.

  40. . Эмбриондарды микроманипуляциялау әдістері. Эмбриондардың жынысын анықтау әдістері.

  41. Эмбриондардың жынысын анықтауға қажетті қондырғылар. Эмбрионның өзіне тән және иемденген факторлары. Монозиготалы егіздерді алу әдістері.

  42. Жасуша өсінділермен өсімдік және жануар микро ағзаларымен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  43. Пенициллин және ампициллинді алу технологиясы.

  44. Стрептомицин мен тетрациклинді алу технологиясының ерекшеліктері.

  45. Интерферонды алу технологиясы.

  46. Биопрепараттардың техникалық және биологиялық бақылау. Биопрепараттар мен вакциналардың нормативті құжаттары.

  47. Ашытқы, сүт қышқылды микроорганизмдер, бифидобактериялар және Bacillus тусы бактерияларының негізіндег пробиотиктерді өндіру ерекшеліктері.

  48. Жаңа буындағы вакциналар. Жаңа буындағы вакциналарды өндіру және қолдану.

  49. Эмбриондарды қатыру үрдісінің механизмі. Эмбриондарды жібіту үрдісінің механизмі.

  50. Мал шаруашылығындағы биотехнология әдістері. Ғылым болып қалыптасу сатылары мен даму тарихы. Жануарлардың биотехнологиялық қоры.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет