Диссертацияның титулдық бетінде келесі ақпараттар беріледі:
Министрліктің, оқу орнының, факультеттің және кафедраның толық
атауы (әрқайсысы бас әріппен) жұмыс түрі – магистрлік диссертация;
магистрлік диссертация тақырыбының атауы;
мамандықтың шифры мен атауы;
сол жақ – "орындаған" сөзі, оң жақ қарама-қарсы магистранттың атыжөні көрсетіледі;
төмендегі жолда "ғылыми жетекші" жазылады және басшының тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, басқа да регалиялары көрсетіледі;
"Қорғауға жіберілді" хаттаманың нөмірі және күні кафедра меңгерушісінің және нормобақылаушының қолы;
Қала, жыл
Титулдық парақта ізденушінің, ғылыми жетекшінің жеке қолы, сондайақ кафедра меңгерушісінің қолы болуы тиіс. Титулдық парақ диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізіледі. Титулдық параққа нөмір қойылмайды.
4.3 Түйіндемеде жұмыстың көлемі, иллюстрациялық материалдың саны, зерттеудің негізгі идеялары мен қорытындылары, алынған нәтижелерді жаңалығының деңгейі және практикалық маңыздылығы туралы егжейтегжейлі мәліметтер көрсетілуге тиіс. Түйіндеме көлемі бір бет аспауы тиіс.
4.4 Диссертацияның мазмұны кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік нөмірлері және атауларын, қорытынды, қолданылған әдебиет көздері тізімі және диссертация элементтерімен басталатын бет нөмірлері бар қосымшаның атауын қамтиды.
4.5 «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі диссертация мәтінінде сілтемесі берілген стандарттар тізімін қамтиды. Сілтемелік стандарттарды тізімі «Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды» деген сөздермен басталады. Тізімде стандарттардың белгілеулері және белгілеулердің тіркеу нөмірлері өсу тәртібімен келтірілген атаулары кіреді.
4.6 «Анықтамалар» құрылымдық элементіне диссертацияда пайдаланылатын терминдерді нақтылау немесе тұжырымдау үшін қажет анықтамалары кіреді. Анықтамалар тізімі мына сөздермен басталады: «Бұл диссертацияда сәйкес анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады».
4.7 «Белгілеулер мен қысқартулар» құрылымдық элементі диссертацияда пайдаланылатын шартты белгілер мен қысқартулар тізімінен тұрады. Белгілеулер мен қысқартулар жазбасы диссертация мәтінінде олардың аталуына қарай қажетті түсініктемесімен бірге алфавит бойынша келтіріледі. Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартуларды «Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде келтіруге рұқсат етіледі.
4.8 «Кіріспе» құрылымдық элементінде мәселенің қазіргі жай-күйін бағалау, тақырыпты дамыту үшін негіздеме және бастапқы деректер, бұл ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысын жүргізу үшін негіздемесі болуы тиіс. Кіріспеде жұмыс тақырыбының теориялық және практикалық маңыздылығы, өзектілігі мен жаңалығы көрсетілуі тиіс, зерттеу нысаны мен пәні, әдiстемелiк және зерттеу әдістерін таңдау, зерттеу мақсаты және нақты міндеттері анықталуы қажет.
4.9 Диссертацияның негізгі бөлімі ғылыми-зерттеу, шешу әдістері және олардың салыстырмалы бағалау бағыттары, зерттеу таңдалған әдіснамасы жалпы сипаттамасы (эксперименттік зерттеу) жұмысы, жаңа материалдар,
немесе бұрын басқа зерттеу тұрғысынан немесе жаңа перспективалы аспектіде белгілі жағдайды жалпылау қамтылуы тиіс. Осы бөлікте қойылған міндеттің толық шешілуін бағалауды, отандық және шетелдік жұмыстардың ұқсас нәтижелерімен салыстыруды қамтитын зерттеу нәтижелерін қорытындылау және бағалау қамтылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |