Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/5
Дата08.07.2016
өлшемі260 Kb.
#185272
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «29» қазандағы

№ 189 бұйрығымен

бекітілген

Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Талап магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

2. Магний өндірісіне:

1) өндірістік бақылау ережесі;

2) технологиялық регламенттер;

3) аварияны жою жоспары өңделеді.

3. Тұлғаға қойылатын талаптар мен оны дайындау «Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сәйкес орындалады.

2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, имараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар

4. Кәсіпорын аумағына жеміс ағаштары мен жидек талшыбықтарын отырғызуға жол берілмейді. Өнеркәсіп аумағынан орылған шөптер шығарылып, көміледі.

5. Агрессивті орта әсері бар аумақтағы барлық құрылыс конструкциялары мен ғимараттары ҚНжЕ 2.01.-19-2004 «Құрылыс конструкцияларын тоттанудан қорғау» талаптарына сәйкес тоттанудан қорғалады.

6. Ғимараттар мен имараттар дұрыс қалыпта ұсталады. Өндірістік ғимараттар мен имараттарға жоспарлық алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу, металл және темір бетон конструкцияларды мамандандырылған тексеру қолданыстағы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі құрылыс жөніндегі Комитеттің 2004 жылы 6 мамырдағы № 251 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережесі талаптарына сәйкес жүргізіледі.

7. Электролиз корпусындағы темір бетон конструкциялармен жалғанған және еденнен 3,0 м төмен орналасқан барлық металл конструкциялар (кронштейн, сатылар және тағы басқа) олардан электрден оқшауланған.

8. Тұздар қорытпаларын және сұйық металдарды бір цехтан (бөлімшеден) екінші цехқа тасымалдау жабық қосу дәліздер арқылы белгіленген бағыт бойынша жүргізіледі.

9. Электролиз корпусының фундаменті мен қиылысқан және тартпа желдеткіштердің арналары оларға жаңбыр, тасқын, жер асты және басқа да сулардың түсуінен қорғалған.

10. Электролиз корпусындағы жертөлелердің екіден кем емес кіреберістері болады.

Корпустар жертөлелеріне кіру ішінен кілтсіз жеңіл ашылатын құлыпқа жабылады.

11. Электролиздерді жобалау және салу кезінде:

1) темір бетон жабулардың жер төлелер үстіндегі сыртқы қабырғалардан, корпус бағандарынан, бас бөренелер мен тіреу конструкцияларынан;

2) 3 м кем емес биіктіктегі қабырғалардың ішкі жақтары мен корпус ішіндегі бағандардан;

3) корпустың колонна негіздері мен қабырғаларын жерден электрден оқшаулау көзделеді және қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген конструкциялардың электроқшаулау кедергісі 500 кОм кем емес.

12. Электролиз корпусында терезелердің металл жақтауларына құрылғыларды еденнен 2 м кем емес деңгейде орнатуға жол беріледі. Еденнен 2 м биіктікте орнатылатын терезе жақтаулары тоттануға қарсы тұратын электр өткізбейтін материалдардан жасалады.

Аэрациялық тесіктердің төменгі жақтары еден деңгейінен 0,5-1,0 м биіктікте орналастырылады.

13. Фрамуг, жарма ашылатын және фонарлардың конструкциялары олардың ашық кезінде корпусқа атмосфералық қалдықтардың түсу мүмкіндігіне жол бермейді.

Терезе жақтаулары мен фонарлардың талап етілетін жағдайда ашылуы және орнатуға арналған механизацияланған құрылғылар тот баспайтын материалдардан, ал механизмдер электр оқшаулаушы материалдармен жабылған болады.

14. Электролиз корпусының қабырғасының ішкі үстіңгі жағында оларға шаң жиналуына мүмкіндік бермейтін беті болады.

15. Өндірістік ғимараттарда едендер мыналардан жасалған:

1) хлораторлар мен үздіксіз әрекеттегі стационарлы карналитті электр пештер бөлімшелерінде - қышқылға ыстыққа шыдамды;

2) электролиз корпустарында – электр сымды емес, ылғал өткізбейтін және қышқылға ыстыққа шыдамды;

3) хлорлы компрессорларда - гидроизоляциялы қышқылға шыдамды және 0,02 кем емес траптарға еңкіш (траптар гуммирленген немесе қышқылға шыдамды және гидрожапқышпен жабдықталған);

4) пештер жанындағы электр құю цехтарында, конвейерлерде және цехтардың жүретін жолдарында - қышқылға ыстыққа шыдамды, тұрақты;

5) қорғаныс өңдеу бөлімшелерінде - қышқылға шыдамды;

6) жарылыс қауіпті аумақтарда - жалын шығармайтын.

16. Электролиздердің көлденең қатарларында және еденнің темір бетон жабуларында екі электролиз арқылы ені 30-50 мм болатын электрден оқшаулаушы көлденең айырылымдар орнатылады. Электролизерлердің көлденең қатарлары арасында осыған ұқсас екі айырылым орнатылады.

17. Едәуір ылғал бөлетін, гидроскопиялық шаңдар, хлор және хлорды сутегін бөлумен сипатталатын өндірістік ғимараттарда төбелер конструкциялары конденсат бөлуіне жол бермейді.

18. Карналитті, электр құю цехтарын, қайта өзгерту кіші станцияларын, электролиз корпустарын сусыздандырудың бірінші және екінші дәрежедегі ғимараттарында ішкі су ағыны құрылғыларын орналастыруға жол берілмейді.

19. Электролиз корпусынан жалпы цехтік әкімшілік ғимараттарға кіру ауа ағыны аз берілетін тамбур шлюздер арқылы іске асырылады.

20. Қайта өзгерту кіші станциясынан электролиз корпусына баратын шино өткізгіштерге арналған өтпелі тоннелдің қабырғасы, едені және жабылуы су өткізбейді, ал ішкі жақтары - электр оқшаулаушы материалдармен жабылған. Шиналық тоннельдің қиылысуы труба құбырларымен қиылысуына жол берілмейді.

21. Хлорлы компрессорлардың жер асты фундаменті мен рамалары қышқылға шыдамды материалдармен қорғалған; компрессорлар фундаменттерінде сулардың кәріздерге ағуын қамтамасыз ететін құрылғылар көзделген.

22. Хлорлы компрессорлар ішінде қабырғалар мен бағаналар жақтары еден деңгейінен 1 м кем емес биіктікте қышқылға шыдамды материалдармен қапталған.

23. Өтетін жерлер мен өткелдер МЕСТ 12.4.026.-2002 «Сигналды түстер, қауіпсіздік белгісі және сигнал белгілеріне» сәйкес көрсеткіштік қауіпсіздік белгілермен қамтамасыз етілген.

24. Өндірістік ғимараттарда терезелерді, фонарлар мен жарық шырақтарын жүйелі тазалау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Шыныланған беттер мен жарық шырақтарының қолайлылығы және қауіпсіз қызмет көрсету үшін көрсетілген жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар мен құралдар қолданылады.

Осы мақсатқа арналған стационарлық алаңдарды орнатуға жол берілмейді.

25. Желдеткіш каналдардың едендері мен жабулары дұрыс қалыпта ұсталады.

Өндірістік ғимараттардағы едендер мен сатыларды тазарту дымқылдай отырып, жүйелі жүргізіледі, ал дымқылдауға болмайтын орындарда пневматикалық құралдарды қолдануға болады. Әрбір цехта едендерді тазарту өндіріс ерекшелігін ескере отырып орнатылады.

26. Өндірістік ғимараттарды және имараттарды желдету, жылыту және ауаны кондиционерлеу Қазақстан Республикасы ҚНжЕ 4.02-05-2001 «Ауаны жылыту, желдету және кондицирлеу» және ҚН 245 «Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары» талаптарына және осы Талапқа сәйкес жобаланады.

27. Магний өндіру жөніндегі ұйымдарға арналған ғимараттардың су құбырлары мен кәріздерін жобалау ҚНжЕ 2.04.01 «Ғимараттардың ішкі су құбырлары мен кәріздері талаптарына» және осы Талапқа сәйкес жобаланады.

28. Ұйымның ғимараттары мен имараттарын найзағайдан сақтау Қазақстан Республикасы ҚН 2.04-29-2005 «Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан сақтау құрылғысы жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес келеді.

29. Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан сақтау құрылғысын тексеру жыл сайын найзағай ойнау мерзімі алдында немесе дұрыс жұмыс істемеуі анықталған жағдайда жүргізіледі. Тексерісті ұйымның техникалық жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді. Тексеріс нәтижесі актімен ресімделеді.

30. Өндірістік ғимараттардағы темекі шегу орындары қиылысқан тартпалы желдеткішпен, суық және жылы су ағатын қол жуғыштармен және бір жолғы пайдаланылатын сүлгілермен немесе электр сүлгілермен жабдықталады.

31. Денсаулық пункттері адамдар барынша көп жүретін немесе жарақаттану жиі болатын ерекше қауіпті цехтарға жақын орналастырылады. Жұмыс орны мен денсаулық пункттерінің арақашықтығы 1000 м артық болмайды.

32. Магний электролизі цехында телефон байланысының, өрт сигнализациясының, радификация құрылғылары тұрақты тоқ шино құбырынан 6 м кем емес қашықтықта немесе қосу дәлізінде орнатылады.

33. Хлор өндіретін және қолданатын цехтар мен учаскелерде диспетчерлік және газ құтқарушы қызметпен тікелей телефон байланысы болады.

34. Барлық өндірістік ғимараттар қатты сөйлейтін және телефон байланысымен жабдықталады.

35. Магний өндірісі жөніндегі ұйымның өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі Ережелеріне» және МЕСТ 12.1.004.91 Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет