Ойланайық, пікірлесейік
Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
«Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады?Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланыс бар?
«Бәрінің бастауы – Махаббат» дегенді қалай түсінесіз?
Мұғалім интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі пікірлерге тоқталып өтеді.
Көптеген адамдар бақытты махаббтпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер аз емес.Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро- эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үщін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.
Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қылдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезендерде де, барлық елдерде аз болмаған.
Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адал және оны қадірлей, қастерлей білу керек.
Оқулықта берілген І. Есенберлиннің «Алтын кұс» романынан үзінді оқып, талдау ұсынылады.
Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналып тұрады.
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |