Маханова гүлназ мамайқызы автокөлік түтіндерімен ластанған дәрілік өсімдіктердің морфо-анатомиялық параметрлерінің Өзгеруі



бет2/3
Дата14.06.2016
өлшемі386.31 Kb.
#135435
1   2   3

Темір. Fe жылжымалы формасының концентрациясы топырақтан сынама алу маусымның бірінші декадасында және шілденің екінші декадасында алынды, Fe концентрациясының жоғары болуы автожолдан қашықтығы 10 м жерден алған сынама (415.60+3.42, 518.33+9.76 мг/кг ауа-құрғақ заттар), ал аз болуы 100-200 м қашықтықтан алынған сынамада болды (375.80+3.21 - 110.17+0.27 мг/кг) (1-кесте, 3-сурет).



- Fe (өсімдіктің гүлдеу фазасында мг/кг); - Fe (жемістің пісу кезеңінде мг/кг);

- рН өсімдіктің гүлдеу фазасында

- рН жемістің пісу кезеңінде
3-сурет. Автожолдан әртүрлі қашықтықтағы топырақтағы жылжымалы темір мен топырақ ерітіндісіндегі рН мөлшері арасындағы байланыстылық
Мырыш. Топырақтан алынған сынамалардың ішінде мырыштың жылжымалы фомасы табиғи ортадан алынған маусымның бірінші декадасында алынған автожолдан 5 м (1.82+0.005 мг/кг) қашықтықтағы сынамада болды, сонымен қатар шілденің екінші декадасында алынған сынаманың нәтижесі жол жиегіне 10 м қашықтықтағы сынамада (5.80+0.003 мг/кг) болды (1-кесте, 4-сурет).



- Zn (өсімдіктің гүлдеу фазасында мг/кг); Zn (жемістің пісу кезеңінде мг/кг);

рН өсімдіктің гүлдеу фазасында

рН жемістің пісу кезеңінде
4-сурет. Автожолдан әртүрлі қашықтықтағы топырақтағы жылжымалы мырыш пен топырақ ерітіндісіндегі рН мөлшері арасындағы байланыстылық
4.1.2 Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі
Қорғасын. Қорғасының жылжымалы түрінің мөлшерінің жоғары болуы өсімдіктің төменгі бөлігіндегі төсемігінде (1,42±0,002 мг/кг) және топырақта (4-кесте) итмұрындардың өскен жерінің автожолдан 50 м қашықтықтықта жоғары болды.
4-кесте. Тамыз айының екінші декадасындағы ауыр металдардың жылжымалы формаларының автожолдың қашықтығына қарай орташа мөлшері итмұрынның жеміс беру фазасы)




РЬ

Cd

Fe

Zn

15 м

0,74±0.002

0,14±0.004

453,40±2,38

2,91±0,05

20 м

1, 07±0.001

0,10±0.001

251,24±3,79

4,56±0,05

50 м

1, 20±0,001

0,14±0.001

346,07±1,36

4,59±0,09

100 м

0, 96±0.006

0,26±0.001

435,09±2,27

2,97±0,05

200 м

0,71 ±0.002

0,12±0.001

133,15±1,83

2,18±0,02

1000 м

0,28±0.002

0,14±0.001

297,50±2,34

3,00±0,01


Кадмий. Итмұрын өсетін аймақтың топырақ бетіндегі төсеміктегі және топырақтағы кадмийдің жылжымады формасының мөлшерін анықтау барысында автожолдан 100 м қашықтықтағы төсемікте кадмий мөлшері 0.31+0.001 мг/кг, ал топырақта 0.22+0.001 мг/кг (4-кесте; 5-сурет) болды.




-Cd(төсімікте); - Cd (топырақ); рН төсемікте; рН топырақта

5-сурет. Кадмийдің жылжымалы формасының топырақтағы, төсеміктегі және топырақ рН мен төсемік рН арасындағы байланыстылық
Темір. Темірдің жылжымалы формасының концентрациясының жоғары болуы автожолдан 200 м қашықтықтан алынған итмұрын төсемігінде (604,93+1,45 мг/кг), ал топырақта темірдің жоғары болуы автожолдан 15 м (407,60+2,43 мг/кг) жерден алынған топырақ сынамасынан байқалды (4-кесте; 6 сурет). Темірдің төмен болуы автожолдан 50 м қашықтықтағы итмұрын төсемігіндегі темірдің мөлшері (346,40+2,09 мг/кг), ал 200 м жерден алынған топырақтағы темір мөлшері (129,05+1,75 мг/кг) болжам байқалады.

-Fe (төсімікте); - Fe (топырақ); рН төсемікте; рН
6-сурет. Темірдің жылжымалы формасының топырақтағы, төсеміктегі және топырақ рН мен төсемік рН арасындағы байланыстылық
Мырыш. Топырақтан алынған сынамалардың ішінде мырыштың жылжымалы фомасы табиғи ортадан алынған маусымның бірінші декадасында алынған автожолдан 5 м (1.82+0.005 мг/кг) қашықтықтағы сынамада болды, сонымен қатар шілденің екінші декадасында алынған сынаманың нәтижесі жол жиегіне 10 м қашықтықтағы сынамада (5.80+0.003 мг/кг) болды (4-кесте; 7 сурет).




-Fe (төсімікте); - Fe (топырақ); рН төсемікте; рН

7-сурет. Мырыштың жылжымалы формасының топырақтағы, төсеміктегі және топырақ рН мен төсемік рН арасындағы байланыстылық


4.2 Дәрілік өсімдіктердің морфометриялық көрсеткіштері және оларға ауыр металдардың әсері
Шикізат өнімділігінің жоғары болуы тораңғы өсімдігінің гүлдеу фазасында және жеміс беру фазасында жол жиегінен 10 м қашықтықта орналасқан территориялардағы тораңғыларда болды шамамен 52% және 33% құрады. Өнімділік бойынша вариация коэффицентінің төмен болуы автожолдан 1000 м қашықтықтағы тораңғыларда байқалды, шамамен 9% болды.
5-кесте. Р. Pruinosa Schrenk аналық сырға гүлшоғырларының морфологиялық белгілерінің орташа көрсеткіштері

Белгілер

Қызылорда «Саяжай»

Қызылорда,

қала орталығы



t

Өсу, см

4,03±0,202

3,91±0,128

0,5

Өркеннің жуандығы, см

0,22±0,005

0,18±0,004

6,6

Буынаралықтарының саны

5,70±0,219

5,0±0,004

2,0

Бүршік ұзындығы, см

0,63±0,008

0,65±0,013

1,3

Жапырағының ұзындығы, см

3,06±0,067

3,03±0,133

0,3

Жапырақтың ені, см

4,83±0,112

4,62±0,156

1,1

Жапырақ формасы

0,63±0,007

0,65±0,010

1,7

Сағағының ұзындығы, см

1,41±0,117

1,93±0,133

2,9

Сырғасының ұзындығы, см

2,77±0,087

2,05±0,137

4,5

Гүлдерінің саны

25,3±0,637

18,4±1,109

5,2

Тұқым бүрінің саны

151,6±2,318

121,0±9,021

3,3

Қорапшасының саны

19,7±1,386

17,3±0,955

1,2

Тұқымының саны

51,5±2,142

67,0±9,077

1,7

Дәнекер ұзындығы, мм

1,26±0,025

1,05±0,032

5,2

Дәнекер ені, мм

0,60±0,007

0,50±0,016

5,8

Ағаш биіктігі, м

9,00±0,323

8,04±0,316

2,1

Діңінің диаметрі, м

0,37±0,121

0,48±0,225

4,7

Бөрік басының формасы

0,97±0,047

0,83±0,030

2

5-кестедегі мәліметке сәйкес Қызылордадан тыс «Саяжай» аумағындағы Р. Pruinosa морфологиялық белгілерінің аздап айырмашылығы бар. Нақты тоқталар болса, Саяжайдағы тораңғылардың биіктігі орташа 9,00±0,323 болса, ал Қызылорда қаласының орталығындағы ағаштардың орташа биіктігі 8,04±0,316 болды. Сонымен қатар айырмашылықтар тұқым бүрінің саны, гүлдерінің саны, сағағының ұзындығы, тораңғылдың өсу қарқынында да байқалды. Бұл қала орталығындағы экологиялық факторлар тораңғылардың вегетациялық кезеңдеріне ықпалын тигізеді дер айтуымызға болады.


6-кесте. Әртүрлі экологиялық жағдайдағы Populus pruіnosa белгілерінің орташа көрсеткіші

Белгілер

Х±m

(автожол мен өсімдіктердің арақашықтығы)



1000 м

200 м

100 м

Өсу, см

5,32±0,296

4,53±0,532

4,15±0,252

Буынаралықтарының саны

5,40±0,273

5,80±0,248

5,60±0,133

Жапырағының ұзындығы, см

3,30±0,074

3,42±0,140

3,30±0,133

Жапырақтың ені, см

5,73±0,182

5,69±0,158

5,61±0,240

Жапырақ формасы

0,58±0,013

0,61±0,010

0,58±0,008

Сағағының ұзындығы, см

2,40±0,067

2,23±0,121

2,42±0,145

Сырғасының ұзындығы, см

5,42±0,315

4,85±0,145

4,30±0,152

Гүлдерінің саны

36,7±1,453

35,5±2,483

31,1±1,269

Тозаңқаптың саны

24,7±1,745

20,9±0,612

22,5±0,776

Ағаш биіктігі, м

10,1±0,323

7,90±0,446

6,90±0,655

Діңінің диаметрі, м

0,29±0,011

0,56±0,025

-

Бөрік басының формасы

-

0,68±0,059

0,76±0,071

6-кестедегі мәліметтерге сәйкес атожолдан әртүрлі қашықтықтағы тораңғылдардың вегетативті және генеративті өркендерінің морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Нақты айқын байқалатын вариациялық коэффицент байқалмайды. Дегенмен ағаштың биіктігі, ағаш діңінің диаметрі, өркендерінің өсу қарқыны арасында айырмашылықтар байқалады. Автожолға қашытығы 1000 м болатын жердегі тораңғылдардың биіктігі 10,1±0,323, ал 200 м қашықтықта орналасқан ағаштардың орташа биіктігі 7,90±0,446, жол жиегіне 100 м жақын орналасқан ағаштардың биіктігі 6,90±0,655 болды (7 кесте).

7-кесте. Экологиялық жағдайға байланысты ағаш діңдерінің морфологиялық ерекшелігі

Автожол арақашықтығы

Діңі тік

Діңі әлсіз қисайған

Діңі күшті қисайған

Діңі өте қисық

1000 м

60

35

5

-

200 м

12

52

24

12

100 м

-

35

50

15

Сонымен қатар гүлшоғырының ұзындығытарында айырмашылықтар байқалады: 1000 м гүлшоғырының ұзындығы 5,42±0,315; 200 м гүлшоғырының ұзындығы 4,85±0,145; 100 м гүлшоғырының ұзындығы 4,30±0,152. Сонымен қатар байқалатын ерекшелітің бірі автожол жиегіне жақын тораңғылдардың діңдері тік емес.

Rosa canina өсімдігінің дәрілік мақсатқа пайдаланылатын басты мүшесі жемісі болғандықтан морфологиялық және биохимиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылды. Қызылорда қаласынан жақын аймақтағы саяжайдағы итмұрындардің жемістері жинап алынып биохимиялық талдау жасалынды.

Шикізат өнімділігінің жоғары болуы итмұрын өсімдігінің гүлдеу фазасында және жеміс беру фазасында жол жиегінен 10 м қашықтықта орналасқан территориялардағы итмұрындарда болды шамамен төмен болды. Автожолдан қашықта өскен итмұрындардың өнімділігі жоғары болды.

8-кестедегі мәліметке сәйкес Қызылордадан тыс «Саяжай» аумағындағы Rosa canina морфологиялық белгілерінің аздап айырмашылығы бар. Нақты тоқталар болса, Саяжайдағы итмұрындардың биіктігі орташа 2,16±0,6 болса, ал Қызылорда қаласының орталығындағы бұталардың орташа биіктігі 1,97±0,19 болды. Сонымен қатар айырмашылықтар жапырақтарының ұзындығы мен енінде, гүлдерінің саны, итмұрындардың өсу қарқынында да байқалды. Бұл қала орталығындағы экологиялық факторлар тораңғылардың вегетациялық кезеңдеріне ықпалын тигізеді дер айтуымызға болады. Сонымен қатар қала орталығындағы температураның саяжаймен салыстырғанда жоғары болуына байланысты болуы мүмкін, итмұрынның жемісінің салмағы, ондағы жұмсақ бөлігі мен жемістің тұқымды және түкті бөлігінің арасында да айырмашылық байқалады. Итмұрынның жемісінің құрамындағы дәрумендердің мөлшері экологиялық жағдайларға байланысты ауытқуы байқалады. Экологиялық таза аймақ деп саналатын қала сыртындағы саяжайдан жиналған итмұрынның мүшелеріндегі дәрумендердің мөлшері төмендегідей болды.

8-кесте. Rosa canina өркендерінің морфологиялық көрсеткіштері



Белгілер

Қызылорда «Саяжай»

Қызылорда,

қала орталығы



Өсу, см

3,12±0,10

2,75±0,02

Өркеннің жуандығы, см

0,14±0,002

0,16±0,06

Жапырағының ұзындығы, см

2,17±0,05

1,94±0,18

Жапырақтың ені, см

1,65±0,21

1,56±0,12

Гүлдерінің саны

18,2±0,14

16,9±1,08

Бұтаның биіктігі, м

2,16±0,6

1,97±0,19

Жемістегі жұмсағының мөлшері, %

71%

64 %

Жемістегі тұқым және түктерінің үлесі %

29 %

25 %

1тұқымның салмағы,г

1,7± 3,22 г,

1,4±2,91 г

Бір жемістегі тұқымдар саны

16

12

9-кесте. Итмұрынның биомассасындағы С дәруменінің мөлшері мг\%



Айлар

Жапырақ

өркен

тамыр

Жеміс

мамыр

26,72

9,19

6,13

-

маусым

45,25

25,40

27,90

1007,63

Шілде

218,80

33,00

30,35

1901,47

Тамыз

11,60

16,10

9,50

1048,80

қыркүйек

24,65

23,55

41,14

-

10-кесте. Итмұрынның биомассасындағы Р дәруменінің мөлшері мг\%



Айлар

Жапырақ

өркен

тамыр

Жеміс

мамыр

1,30

2,46

2,72

-

маусым

0,73

0,70

0,91

0,73

Шілде

0,72

0,26

0,50

0,90

Тамыз

0,58

0,13

0,15

0,76

қыркүйек

1,03

0,62

0,59

-

9-10 кестеде көрсетілген мәліметтер әдебиеттерде көрсетілген ғылыми зерттеулермен салыстырғанда қалыпты болып саналынады. Осы аталған көрсеткіштер Қызылорда қаласының орталығынан жиналған жемістерде ауытқығаны байқалады. Барлық жағдайда да дәрумендердің мөлшерінің 16-18% азайғаны байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет