Макарон бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар
Макарон бұйымдарының сапасы «Макарон бұйымдары. Жалпы техникалық шарттары» 875-92 МСТ талаптарына қанағаттанарлық болуы керек. Макарон бұйымдары белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың және жасалу әдістерінің санитарлық ережелерін сақтаумен қабылданған стандарт ИСО 9000, 9001, 9002, 9003, 10011 талаптарына сәйкес өндіру қолға алынуда. Яғни, қазір дүние жүзінің 90-нан астам елінде ИСО стандарттары қабылданған. Қазақстанда да осы талаптар енгізілді. Оның ішінде «Ардагер» корпорациясы өнім сапасын басқаруда ИСО стандарттары 2006 жылдың қараша айынан бастап енгізілген.
Стандарт бойынша бұйым сапасы мына көрсеткіштер бойынша бағаланады: түсі, жоғарғы беті, нысаны, дәмі, исі, пісіргеннен кейінгі жағдайы, ылғалдығы, қышқылдығы, сынған, нысаны өзгерген және қиқым бұйымдардың, металл магниттік қосындылардың мөлшері және нан қорлары зиянкестерінің болуы.
Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары келесі кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек:
Достарыңызбен бөлісу: |