3. Инфляция және оның себептері. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция дегеніміз - экономикадаға орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі, ал енді бірінікі өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:
π=
Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі
Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі
Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.
Айқын инфляция сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы формасын да қабылдауы мүмкін.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Оған алғаш рет кейнстік талдауда зерттеу жасалынған. Сұраныс инфляциясының қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвистицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді.
Ал шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі- стагфляция, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.
Инфляция күтілетін немесе болжанылмаған сипатта болуы мүмкін. Күтілетін инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарының алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады.
Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар ұтылады.
Инфляция макроэкономикалық құбылыс болғандықтан онымен күресу мемлекеттің күшімен жүргізіледі. Инфляциямен күресу- оны шектеу, тұрақты деңгейде ұстап тұру деген сөз. Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:
ақша массасын азайту;
есептік ставканы арттыру;
міндетті резервтер нормасын көтеру;
мемлекеттік шығындарды қысқарту;
салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.
Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |