Инвестициялық сұраныс. Кейнс моделінде жиынтық сұранысы ынталандыратын маңызды фактор инвестиция болып табылады. Инвестицияның құрамына машиналар мен жабдықтарды алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға, қорды арттыруға жұмсалған барлық шығындар кіреді. Бұл физикалық немесе нақты инвестициялар болып табылады. Бағалы қағаздарға қаражат салу қаржылық немесе портфельді инвестиция деп аталады. Нақты инвестициялар елдің өндірістік қуаттылығын арттырады, ал қаржылық инвестициялар меншік құқығын қайта бөледі. Егер жинақтау сұранысты қысқартатын болса, инвестициялар оны арттырады. Сондықтан кейнсшілдер тұтынуға деген бейімділіктің төмендеуінің орнын инвестицияны арттыру арқылы толтыруға болады деп есептейді.
2 – сурет
Инвестицияның динамикасын төмендегі факторлар анықтайды:
- таза пайданың күтілетін мөлшері;
- нақты пайыздық ставка; салық салу деңгейі;
- өндіріс технологиясындағы өзгерістер;
- қолда бар негізгі капитал;- экономикалық күту;
- жиынтық табыс динамикасы.
Инвестиция функциясын 2-суреттен көруге болады.
Инвестицияның амортизациядан қалған бөлігі автономды, не индуцияланған сипатта болады (2 - сурет).
Ұлттық табыстың өзгерісінен тәуелсіз инвестициялар автономды инвестиция ( Іа ) деп аталады.
Ұлттық табыс көлемінен тәуелді инвестициялар индуцияланған инвестиция ( Іu ) деп аталады.
3 – сурет
Инвестицияның өзгерісінің ұлттық табыстың өзгеруінен тәуелділігі инвестициялауға деген шекті бейімділік көрсеткіші арқылы көрінеді :
МРІ = ΔІ/ ΔУ, мұндағы Δ У – ұлттық табыстың өсімі, ΔІ – инвестицияның өсімі.
3. Кейнс кресті. AD – AS моделінде жиынтық сұраныс қисығы үй шаруашылықтары мен әр түрлі баға деңгейінде ұлттық өндірістің қанша көлемін сатып алуға дайын екендігін көрсетеді. Бұл тұжырым икемді баға белгілеу орын алған классикалық теорияға негізделген. Ал кейнстік модель қысқа мерзімдегі экономиканы сипаттайды. Бұл жағдайда баға икемсіз (тұрақты) болғандықтан жиынтық сұраныс басқаша түсіндіріледі. Сондықтан да кейнстік модельдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстық өзара әрекеттесу механизмін суреттегенде ордината осінде баға, абсцисса осінде ұлттық өндіріс көрсетілген дәстүрлі AD – AS графигі қолданылмайды. Экономикадағы бағаның тұрақтылығы сұраныс пен ұсыныстың теңелуі баға деңгейінің өзгерісі есебінен емес, сату көлемі мен тауарлар қорының өзгеруінің фирмаларға сұраныс ақпарат беру есебінен қалыптасатынындығын білдіреді. AD – AS моделі теңдестік өндіріс көлемін көрсетіп қана қояды, бірақ осы теңдестіктің қалай қалыптасатындығын көрсете алмайды.
Тұрақты баға жағдайындағы теңдестікті көрсету үшін сұраныс пен ұсыныс көлемінің ұлттық табыстан тәуелділігін сипаттайтын график қолданылады. Бұл график “Кейнс кресті” деп аталады. Ол тұрақты баға белгілеу жағдайындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың моделі болып табылады. Оны салу үшін горизонталь осьтің бойында ұлттық табыс көлемі, вертикаль осьтің бойында жиынтық сұраныс көлемі көрсетіледі.
Тепе – теңдік бұзылған жағдайда экономика тепе – теңдікке қалай өтеді деген сұрақ туындауы мүмкін. Классикалық модельдің ролін икемді баға атқарады, ал кейнстік модельде өндіріс көлемі сұраныс арқылы басқарылады. Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан артып кеткен кезде(AD>AS) фирмалар жұмысбастылық пен өндіріс көлемін тиісті деңгейге дейін арттырады. Керісінше жағдайда (AS >AD) өндіріс көлемі қалыптасқан жиынтық сұраныс деңгейіне дейін қысқарады.
4-сурет
Кейнстік модельде ұлттық табыстың теңдестік көлемі адамдардың тұтынуға, жинақтауға және инвестициялауға бейімділігі арқылы анықталады.
Жиынтық сұраныс артатын болса, кейнс крестіндегі AD қисығы жоғары қарай орын ауыстырады. Соның салдарынан экономикада жаңа теңдестік нүктесі пайда болады. Өйткені, жиынтық сұраныстың, мысалы, инвестицияның артуы табысты, өндірісті арттырады.
5 - сурет
Достарыңызбен бөлісу: |