«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


Ақша сұранысының классикалық және кейнстік теориясы



бет27/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Дәріс Макроэк

2. Ақша сұранысының классикалық және кейнстік теориясы. Ақшаға деген сұраныс- бұл ақшаның белгілі бір қорына деген қажеттілік. Ол халық пен фирмалардың қолма-қол ақша және чектік депозиттер түрінде сақтағысы келетін төлем құралдарының саны арқылы анықталады.
Ақшаны чектік депозиттер түрінде ұстау нарық агенттерін акциядан, облигациядан, жылжымайтын мүліктен түсетін табыстан айырады. Яғни чектік депозиттер түрінде ақшаны ұстау арқылы агенттер балама шығындарға ұшырайды. Адамдар шығынға ұшырағанына қарамастан неге ақшаға сұранысты қалыптастырады деген сұрақ туындайды.
Ақшаға сұранысты екі тәсіл арқылы түсіндіруге болады:
- классикалық (соның ішінде монетаристік)
- кейнстік.
Классиктер ақшаның сандық теориясын ұсынып, оның негізіндегі айырбас теңдеуі арқылы ақшаға сұранысты анықтады.
Айырбас теңдеуі MV= PУ түрінде жазылады. V- ақша айналысының жылдамдығы тұрақты деп есептеледі. V тұрақты болғандықтан ақшаға сұраныс ЖІӨ динамикасы (РУ) арқылы анықталады:
МD =
Кейнстік теория ақшаның сұранысқа қатысты ақшаның бір бөлігін қолма-қол ақша ретінде сақтауға итермелейтін себептерді көрсетеді:

  • трансакциялық себеп. Бұл жағдайда қолма-қол ақша ағымдық мәмілелер үшін қажет.

  • алдын-ала сақтану себебі. Қолма-қол ақша болашақтағы кездейсоқ жағдай үшін қажет.

  • спекуляциялық себеп. Ақшаның болашақта табыс әкелетінін біліп, оны пайда табу үшін сақтау.

Спекуляциялық сұраныс активтер тарапынан болатын сұраныс деп те аталады.
Классикалық және кейнстік теорияларға тән ақшаға деген сұраныс факторлары:

Классикалық теорияда ақша сұранысына әсер ететін басты факторлар табыс деңгейі, ал кейнстік теорияда – пайыздық ставка.
3. Ақша нарығындағы ұсыныс. Ақша ұсынысын экономикада мемлекет жүзеге асырады. Ақша ұсынысының (Мs) құрамына қолма-қол ақша мен депозиттер кіреді:
Мs = С+D
Қолма-қол ақша (С немесе М0) мен міндетті резервтер (R) бірігіп ақша базасын (МВ немесе Н) құрайды: МВ = С+R
Ақша немесе несие мультипликаторы т= формуласымен анықталады, мұндағы r – резервтеу нормасы. Резервтеу нормасы депозиттерден тәуелді болғандықтан r = формуласымен есептеледі. Бұдан т= = Бұл формула тек депозиттер түріндегі ақша тұсындағы ақша мультипликаторын есептеуге мүмкіндік береді. Бірақ жалпы ақша массасы депозиттер түрінде ғана емес, сонымен бірге қолма-қол ақша түрінде болады. (Яғни Мs=С+D). Сондықтан қолма-қол ақшаны ескере отырып анықталатын ақша мультипликаторы т= = түрінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет