«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


ДӘРІС 10. НАРЫҚТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ. IS-LM ҮЛГІСІ



бет32/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Дәріс Макроэк

ДӘРІС 10. НАРЫҚТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ. IS-LM ҮЛГІСІ.
Сабақтың мақсаты: IS-LM үлгісінің теориялық мəнін қарастыру, үлгідегі тиімді сұранысты анықтау жəне жиынтық сұраныс қисығын салу, IS-LM үлгісі арқылы ақша-несие жəне бюджет- салық саясаттарының тəжірибелік тұрғыдан тиімділіктерін анық тау.
Дәріс жоспары:
1. Тауарлар нарығындағы теңдестік.
2. Ақша нарығындағы теңдестік
3. IS-LM үлгісіндегі теңдестік.
1. IS-LM үлгісінде тауар және ақша нарықтары макроэкономикалық жүйенің біртұтас секторлары түрінде қарастырылады. IS-LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтайтын экономикалық факторларды табуға мүмкіндік беретін тауар-ақша теңдестігінің үлгісі. Бұл үлгі экономиканың нақты (тауар нарығы) және ақша нарығында қалыптасқан жағдайларға байланысты пайыздық ставка (r) мен табыс деңгейінің (Y) теңдестік мәндерін анықтайды.






1-сурет.

IS қисығы тауар нарығындағы теңдестік қисығы IS қисығының кез-келген нүктесінде инвестиция мен жинақ тең болады. Олардың теңдестігі тауар нарығындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігінің шарты болып табылады. IS қисығын салу үшін жинақтау және инвестициялау функциялары қолданылады (1-сурет).


2. Енді, ақша нарығын қарастырайық. LM қисығының пайыздық ставка мен ұлттық табыс деңгейі арасындағы байланысты көрсететіндігі белгілі. Оның бойындағы кез-келген нүкте ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңдестігін білдіреді. Ақша нарығындағы мұндай теңдестік ұлттық табыс өскен кезде пайыздық ставка да көтерілген жағдайда орын алады (2-сурет).


2-сурет.
3. ІS-LM үлгісіндегі теңдестік. IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде тауар және ақша нарықтарының теңдестігі қалыптасады (3-сурет).



3-сурет.
IS қисығы жоспарланған шығындармен байланысты болғандықтан оның өзгерісі фискалдық саясаттағы өзгерістерді көрсетеді, өйткені ол ақша ұсынысымен байланысты. Сонымен, IS-LM үлгісі макроэкономикаға фискалдық және монетарлық саясаттың әсерін бағалауға мүмкіндік береді.


IS-LM үлгісін пайдалана отырып жиынтық сұраныс қисығын салуға болады (4-сурет).




4-сурет.

Мемлекеттік шығындардың артуы,салықтың қысқаруы немесе ақша ұсынысының артуы жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды. АD қисығының бір типті орын ауыстыруы ынталандырушы фискалдық және монетарлық шараларға сәйкес келетін IS және LM қисықтарының әр түрлі орын ауыстыруларының нәтижесінде жүзеге асады (5 сурет).






i i



5-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет