«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет37/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Дәріс Макроэк

І Ағымдық операциялар есебіне 1,2,3,4,5,6 бөлімдер кіреді. Тауарлық экспорт және экспорттық қызмет “+” таңбамен және кредит бөлімінде жазылады, себебі ҰБ – те шетел валютасының запасын қалыптастырады.
Тауарлық импорт және импорттық қызмет “-” таңбасымен және дебет бөлімінде жазылады, өйткені шетел валюталық қорын азайтады. Шетелден келетін таза факторлық табыс уақытша қызметкерлер еңбек ақысы мен несиелік қызмет көрсетуден түсетін табыс . Егер ұлттық капитал (шетелге салынған) елге салынған шетел инвестициясына қарағанда жоғары пайыз дивидент әкелетін болса, 5 бөлім “ +”, кері жағдайда « - » таңбамен жазылады.
Таза ағымдық трансферттер - жеке және мемлекеттік қаржының шетелге аударылуы (зейнет ақы, сыйлық, ақшалай аударым, қайтарымсыз гуманитарлық көмек ). Біржақты трансферттерді есептеу қиын. Бұл дебет бөлігінде « - » таңбамен «біржақты трансферттер» деп жазылады, өйткені бұл елдегі шетел валютасының қорын азайтады. Ағымдық операциялар бойынша баланс сальдасы:
Х – ІМ = Хп = У – (С + І + G)
Абсорбция - отандық үй шаруашылығына, фирмаларға, үкіметке сатылатын ЖІӨ бөлігі. Егер импорт > экспорт бойынша, ағымдық операциялар бойынша баланс тапшылығы болады. Қаржыландыру көзі: шетелден қарыз алу немесе шетелге актив бөлігін сату. Бұл капитал қозғалысы есебінде көрсетеді. Бұл мәміле таза шетел активтерін азайтады.
Таза шетел активтері = осы ел резидентінің қолындағы шетел активтері – шетелдіктер қолындағы ұлттық активтер.
Макроэкономикалық түзету – экспорттық табысты арттыру немесе импорттық шығындарды азайту .
Оң сальдо болған кезде, яғни импорт экспорттан кіші болады, ел шетелге несие береді немесе шетелдік активтерді қорландырады.
Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, қозғалмайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары.
Капитал қозғалысы балансы = активтерді сатудан түскен түсім - шетелден актив сатып алуға кеткен шығындар
Егер капитал қозғалысы сальдосы “+” болса, таза капитал келуі болды, “-” болса, таза капитал кетуі болады.
Түсім мен шығындар балансы болу үшін ағымдық операциялар есебі тапшылығы қаржылық есеп артықшылығына сәйкес келуі керек немесе, керісінше. Есептердің бұлайша өзгеруі Орталық Банктің валюталық интервенция және ресми валюта резервіне өзгеріс енгізгенге дейін болады.
Бірақ ОБ ресми валюта резервінен шетел валютасын сатып алып сата отырып валюта курсының еркін ауытқуының алдын алады. Валюта резервіне: алтын, шетел валютасы, елдің халықаралық валюта қорындағы үлесі, қарыз алудың арнайы құқығы кіреді.
Төлем балансының тапшылығы және ресми валюта резервін азайту арқылы қаржыландырылады
Төлем балансының активті сальдосы және ресми валюта резервінің өсуімен сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет