Нақты ЖІӨ = Номиналды ЖІӨ/ Баға индексі
Ағымдағы жылғы бағалар индексі = Ағымдағы жылғы бағалар/базистік жылдағы бағалар * 100%.
Номиналды ЖІӨ-ді нақты мәнінен айналдыру үшін екі индекс қолданылады: тұтынушылар бағасының индексі (ТБИ) және ЖІӨ дефляторы (Р). Номиналды және нақты ЖІӨ арасындағы өзара тәуелділікті келесі формуламен көрсетуге болады:
ЖІӨ дефляторы = Номиналды ЖІӨ / Нақты ЖІӨ
ТБИ – ін анықтау үшін «тұтынушылар қоржыны» түсінігі қолданылады, оған 300-ге жуық неғұрлым кеңінен қолданылатын тауарлар аты кіреді:
Тұтынушылар бағасының индексі = Тұтынушылар қоржынының ағымдағы құны / осы қоржынның базалық жылдағы құны.
Нақты ЖІӨ -ді келесідей түрде көрсетуге болады:
Нақты ЖІӨ = Номиналды ЖІӨ /ТБИ
ТБИ мен ЖІӨ дефляторының арасындағы айырмашылық келесіден көрінеді:
-ЖІӨ дефляторы өзгермелі тауарлар жинағы үшін есептеледі және Пааше индексі болып табылады, ал ТБИ өзгермейтін тауарлар жинағы үшін есептеледі және Ласпейрес индексі деп аталады;
-ЖІӨ дефляторы экономикада өндірілген өнімдер мен қызметтер аттарының барлық тізімі бойынша бағалардың өзгеруін көрсетеді, ал ТБИ тек тұтыну тауарларының бағасының ғана өсуін көрсетеді;
-ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлармен өндірілген өнімдерге ьағаның өзгеруін көрсетеді, ал ТБИ импорттық тауарларға бағаның өзгеруін есепке алады;
-ЖІӨ дефляторы өндірілген тауарлар құрылымындағы өзгерістер есепке алынады, ал ТБИ есепке алмайды.
Номиналды ЖІӨ деңгейіне екі фактор әсерін тигізеді: тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемінің нақты өсуі мен бағалардың ауытқуы. ЖІӨ дефляторы тауарлар мен қызметтер өндіруге бағаның өзгеруін есепке алмай-ақ, ЖІӨ мәнін алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |