«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / ЖҰӨ дефляторы



бет6/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Дәріс Макроэк

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / ЖҰӨ дефляторы
Дефлятор (бағалар индексі) номиналды және нақты ЖІӨ арасындағы айырмашылықты көрсетеді, инфляция немесе дефляция деңгейлерін суреттеу үшін қолданылады. ТБИ көмегімен номиналды ЖІӨ-ді немесе ЖІӨ дефляторын түзету бұл көрсеткішті жыл сайын салыстыруға мүмкіндік береді.
ҰЕШ-ның келесі көрсеткіші таза ішкі өнім (ТІӨ). ТІӨ - бұл амортизациялық аударымдардан тазартылған ЖІӨ, яғни өндіру сферасында қалған инвестициялық тауарлар құнынан. ТІӨ халықтың тұтынуына және таза инвестицияларға кететін ЖІӨ құнының деңгейлерін бейнелейді:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А
ҰТ келесідей түрде есептеледі:
ҰТ = ТҰӨ - Бизнестегі жанама салықтар.
Мұндағы: бизнеске жанама салықтар – қосымша құнға салық, акциздік алымдар, импорттық баж салығы және т.с.с.
Өзіндік табысты (ӨТ) анықтау үшін ҰТ деңгейінен келесілерді алып тастау қажет:
-азаматтардың әлеуметтік сақтандырылуына жарналар;
-мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың пайдасына салықтар;
-кәсіпорындар мен фирмалардың шотында қалған пайда (бөлінбеген пайда);
және қосу керек:
+дивидендтер+ трансферттік төлемдер+ алынған пайыздар.
Өзіндік табыс (ӨТ) – алынатын, бірақ өз еңбектерімен таппаған табыстарды көрсетеді, өйткені оған трансферттік төлемдер кіреді.
ӨТ = ҰТ - әлеуметтік сақтандыру жарналары – корпорацияның бөлінбеген пайдасы – пайдаға салық + Трансферттік төлемдер + дивидендтер + пайыздар.
Егер де ӨТ-тан азаматтардың төлейтін жеке салықтарын алып тастасақ (мысалы, табыс салығы), онда өзіндік орнықтырылған табысты (ӨОТ) аламыз – тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. ӨОТ тұтынушылар шығындары және өзіндік жинақ нысанында болады.
ӨОТ = ӨТ — Дербес салықтар.
Ұлттық байлық – белгілі бір уақытта қоғамның билігінде болатын материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.

2. Негізгі макроэкономикалық субъектілер және олардың өзара байланыстарының жүйесі
Макроэкономикада төрт экономикалық субъектіні бөліп көрсетуге болады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқыэкономикалық сектор.
Үй шаруашылықтары – нарықтық өнімдерді негізгі тұтынушылар өндіріс факторларының – еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік мүмкінділіктің иелері боолып табылады. Олар оған сәйкестендірілген факторлық табыстар алады, оның бір бөлігін олар тұтынады да, қалған бөлігін жинақтауға жібереді.
Фирмалар, өз алдына, игіліктер мен қызметтер нарығына өнімдерді жеткізеді, оларға эквивалент ретінде ақша алады. Бұл нарықтағы негізгі тұтынушылар үй шаруашылқтары болып табылады. Сонымен бірге, фирмалар өндіріс факторларына сұранысты туғызады және өздерінің құралдарын инвестициялай отырып, үй шаруашылқтарының жинақтарында инвестициялайды.
Мемлекет әртүрлі ұйымдар түрінде үй шаруашылықтарына салықтар арқылы әрекет етеді, олар оны азаматтардың жеке табыстарынан алады, өз жағынан мемлекет оларды зейнетақы, шәкіртақы, ақысыз дәрігерлік көмек және білім беру арқылы әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. Экономикалық субъектілер арасындағы өзара байланыстар жүйесі айналым үлгісінде бейнеленеді. Айналым үлгісінің үш түрі бар: а) мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі; б) мемлекеттің қатысуымен жабық үлгі; в) шетелдік сектордың қатысуымен ашық экономика.
Мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі фирмалар мен үй шаруашылықтары арасындағы өзара байланысты игіліктер, еңбек, қаржы нарықтары арқылы бейнелейді (сурет 1).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет