ДӘРІС 3. Ұлттық табысты өндіру және бөлу. Экономикалық өсу.
Дәрістің мақсаты: ұлттық табысты өндіріс факторлары бойынша бөлу және экономикалық өсу факторлары мен модельдерімен таныстыру.
1. Экономикалық өсудің түсінігі мен факторлары.
2. Экономикалық өсудің кейнстік модельдері.
3. Солоудың өсу моделі..
1. Экономикалық өсудің түсінігі мен факторлары. Өндірістің өсу ұзақ уақытта салыстырмалы түрде тұрақты болады. Экономикалық өсуді жиынтық сұраныс көлемінің, дәлірек айтқанда, потенциалды өндіріс көлемінің динамикасының ұзақ мерзімдік аспектісі ретінде қарастыруға болады.
Экономикалық өсу дегеніміз – экономикадағы нақты табыстың (жалпы ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың) артуы, сонымен қатар жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің өсуі.
Экономикалық өсуді есептеу үшін жалпы немесе жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің абсолютті өсімі және өндірістің өсу қарқыны көрсеткіштері қолданылады:
∆Уt= Уt-1 немесе Уt= ∆Уt/ Уt-1, мұндағы t – уақыт индексі
Егер экономикалық өсу қосымша ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылса және қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпесе, ол экстенсивті экономикалық өсу деп аталады. Ал интенсивті өсу жетілдірілген өндіріс факторлары мен технологиясын қолданумен байланысты, яғни ресурстар нарығының көлемін арттыру есебінен емес, олардың қайтарымдылығын арттыру есебінен жүзеге асады. Интенсивті өсу халықтың әл-аухатының көтерілуіне негіз болады.
Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да экстенсивті және интенсивті деп аталатын топтарға бөледі. Экстенсивті факторларға капитал көлемі мен еңбек шығындарының өсуін жатқызады. Ал интенсивті факторларға технологиялық прогресс, өндіріс ауқымынан болатын үнемдеу, жұмысшылардың кәсіби және білім деңгейлерінің көтерілуі, өндірісті басқаруды жетілдіру, заңнаманы жақсарту т.с.с. Кей кезде экономикалық өсудің жеке факторы ретінде жиынтық сұранысты қарастырды.
Ресурстардың шектеулігі және экологиялық шектеулер, өндірісті кеңейтумен байланысты әлеуметтік шығындардың өсуі, үкіметтің тиімсіз саясаты салдарымен экономикалық өсу тежелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |