«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


ДӘРІС 6. ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАР. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі



бет19/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Дәріс Макроэк

ДӘРІС 6. ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАР. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі
Дәрістің мақсаты: макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудегі клас- сикалық жəне кейнстік бағыттарды талдау, кейнстік төңкерістің мəнін ашып оның теориясына кеңінен тоқталу, «Кейнс кресі» үлгісін қарастыр
Дәріс жоспары:
1. Кейнс моделіндегі тұтыну мен жинақтау
2. Ивестициялық сұраныс
3. Кейнс кресті
4. Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
1. Кейнс моделіндегі тұтыну мен жинақтау.
Жиынтық сұраныс кейнстік модельде төрт компоненттен тұратыны белгілі: тұтынудан (С), жеке инвестициядан (І), мемлекеттік шығындардан (G), таза экспорттан (Хn). Осылардың арасында тұтыну мен инвестициялау үлкен мәнге ие болып табылады. Өйткені жиынтық сұраныстың 2/3-сі тұтынудың үлесіне тиеді. Сондықтан да үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары экономикалық тәртіптің маңызды детерминанты болып табылады. Тұрақты баға жағдайында тұтыну табыстан тәуелді екендігі түсінікті. Үй шаруашылықтары табыстарының бір бөлігін тұтынуға жұмсаса, қалған бөлігін жинақтайды, яғни :
У = С + S
Егер тұтыну өссе, жинақ азаяды және керісінше. Жинақтау мен тұтыну табыстың көлемінен тәуелді болады. Осы тәуелділікті көрсету үшін тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС ), тұтынуға деген шекті бейімділік ( МРС ) шамалары қолданылады.
Тұтынуға деген орташа бейімділік табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсетеді:
АРС = С/У
Тұтынуға деген шекті бейімділік табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретініндігін көрсетеді:
МРС =Δ C/ΔУ
Дж. Кейнс “табысы өскен сайын тұтынушы тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың өзгерісі табыстың өзгерісіне қарағанда кіші болады” деп есептеді. Бұл Кейнстің “Негізгі психологиялық заңы ” болып табылады.
Тұтыну функциясы тұтынудың белгілі бір факторлардан тәуелділігін сипаттайды:
С = а+ в ( У – Т),
мұндағы С– тұтыну шығындарының көлемі, а – табыстан тәуелсіз автономды шығындар, в – тұтынуға деген шекті бейімділік, (У – Т) – қолда бар табыс
Табыс болмаған жағдайда да автономды шығындар орын алады.
Табыстың қанша бөлігінің жинақталатынын көрсететінін көрсеткіш жинақтауға деген орташа бейімділік деп аталады: АРS = S/У
Кейнс жинақты табыс көлемінен тәуелді шама деп есептеді. Табыстың өзгеру көлемі жинақтауды қаншаға өзгеретіндігін көрсету үшін жинақтауға шекті бейімділік көрсеткіші қолданылады:
MPS = ΔS/ΔУ
Тұтыну мен жинақтаудың өзгерістерінің сомасы табыстың өзгерісіне тең болады:
ΔC + ΔS = ΔУ
ΔC/ΔY + ΔS/ΔY =1 немесе МРС +МРS = 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет