4. Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Егер мемлекеттік шығындар мен сыртқы байланысты ескермесек, жиынтық сұранысты инвестиция мен тұтыну шығындарынан тұратын функция түрінде жазуға болады: AD = C( Y ) + І( r )
Ал жиынтық ұсыныс жалпы ұлттық табысқа сәйкес келеді және ұлттық тұтыну мен жинақтауына бағытталады: AS = C ( Y ) + S( Y )
Тауар нарығындағы тепе-теңдік төмендегі шарт орындалғанда қалыптасады:
АD=AS=>C(у)+I(r)=>С(у)+S(у)=>I(r)=S(y)
Теңдестіктің бұл шартын классикалық модельде де кездестірген болатынбыз. Бірақ классиктердің теңдеуінде тепе-теңдік тек бір нүктеде – жинақтау мен инвестицияның қиылысу нүктесінде орын алады.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Жиынтық сұраныс құрамына не кіреді?
Макроэкономикалық тепе – теңдік мәселесін құраңдар?
Тұтыну функциясын түсіндіріңдер?
Тұтынуға шекті бейімділік нені білдіреді?
Макроэкономикалық тепе – теңдіктің классикалық және кейнстік модельдерінің айырмашылықтары қандай?
Инвестиция деген не және олардың түрлері қандай?
Инвестициялық сұраныс үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұранысынан немен айрықшаланады?
Пайыздық ставка және инвестициялар арасындағы байланыс неден байқалады?
Тесттер
1.Тұтыну мен табыс арасындағы байланысты ашатын теорияға жатпайды:
A) Дж. М. Кейнстің тұтыну функциялары;
B) М. Фридменнің перманенттік табыс теориясы;
Ф. Модильянидің өмірлік циклнің концепциясы;
М. Фишердің монетаризм теориясы;
А. Смиттің көрінбейтің қолы.
2.Ұлттық табыс шамасын анықтау үшін:
А) ЖҰӨ шамасынан жанама салық сомасын алып тастау керек;
В) ЖІӨ шамасын қолданылатын негізгі қорларды қолданудың тозу сомасына азайту;
С) ЖҰӨ шамасынан амортизациялық аударым сомасын алып тастау керек;
D) ЖІӨ-ге мемлекеттік әлеуметтік трансферттік төлемдер сомасын қосу керек;
Е) ЖҰӨ-ге жанама салық сомасын қосу керек.
3.Мемлекеттік бюджет – бұл:
А) мемлекет шығындары мен табыстарының шоты;
В) мемлекет табыстарының барлық көздері;
С) мемлекет шығындардың барлық баптары;
D) жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы;
Е) проценттік ставканың ұлғаюы.
4.Төменде берілгендердің қайсысы мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың негізігі тәсілдіріне жатпайды:
А) несиелік эмиссия;
В) Заемдар шығару;
С) мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің ұлғаюы;
D) мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің азаюы;
Е) ақша эмиссиясы.
5.Егер де ұлттық табыстан корпорация табысына салынатын салықты алып тастаса, бөлінбеген табысты және әлеуметтік сақтандыруға салымдарды алып тастаса, содан кейін таза трансферттік төлемдерді қосса, онда шығатын сома-бұл:
А) жеке табыс;
В)амортизация;
С) ЖҰӨ;
D) ТҰӨ;
Е) қолда бар табыс.
6.Мемлекеттік табыс-бұл:
А) берілген елдің үкімет алдындағы фирмалардың, банктердің және шетел мемлекеттердің қарызы;
В) үкіметтің халықтың алдындағы қарызы;
С) үкіметтің шетел мемлекеттің алдындағы қарызы;
D) үкіметтің барлық шаруашылық субьектілер алдындағы қарызы;
Е) халықтың үкімет алдындағы қарызы.
Достарыңызбен бөлісу: |